Студенттің аты: Байдуллаев Қ.Е 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Студенттің аты: Байдуллаев Қ.Е

Студенттің аты: Байдуллаев Қ.Е

ЖМ:1-019 топ

Сталиннің саяси портреті

Сталиндік Конституция. И.Сталиннің бастамасымен БК(б)П Орталық Комитетінің 1935 жылғы ақпан пленумына КСРО-ның 1924 жылғы Конституциясын өзгерту мәселесі қой­ылды. 7-сайланған КСРО Орталық Ат­қару Комитетінің бірінші сессиясы 1935 жылғы 7 ақпанда Конституцияның жаңа мәтінін жасап, КСРО Орталық Атқару Комитетінің бекітуіне тапсыру үшін И.В.Сталинді төраға етіп Конституция ко­мис­сиясын құрды.

 Сталиннің билікке келуі КСРО-да түбегейлі өзгерістерге алып келді. Сталин үкіметі жүргізген зұлмат 1937 жылы шарықтаған шегіне жеткен еді. Ол өз пікіріне, әрекетіне қарсының көзін құртып, партияны өзінің бағытында жұмыс істеуге жұмылдырды. Елдегі «жауларына», оппозициялық күштерге қарсы жазалаушы орган Ішкі Істер Халық Комиссариатын (НКВД) құрды. Орган Сталиннің жеке өзінің қол шоқпарына айналып, «мәртебесін» шарықтатып жіберді. Халықта қатты үрей мен қорқыныш қалыптасты. Әр совет республикасында жүздеген мың адам атылды.Бірнеше жылға созылған репрессия 1934 жылғы 1-желтоқсанда Саясибюро мүшесі және ВКП(б) ОК хатшысы, Ленинградтық обкомның бас хатшысы С.М.Кировтің атып өлтірілуінен басталды.

1938 жылы қаңтардың соңында қызметіне кіріскен ол Алматыда 37-де басталған қызыл террор қарқынын өрістете түсті. Ол он күн ішінде бүтіндей Қазақстанның үкіметін атып тастаған. Келген он күні ішінде Жоғарғы Советтің төрағасы Құлымбетовтен бастап сегіз министрді, Орталық партия Комитетінің бас хатшысын, төрт меңгерушісін, бюро мүшесін түгел, Жоғарғы Совет төрағасының орынбасарларын, министрлер Советі төрағасының орынбасарларын атып тастаған. Солардың қатарында 14 облыстық атқару комитетінің төрағалары, 13 обком хатшысы бар. Қазақ мемлекетінің басшыларын жаппай жою саясаты осылай жедел, жантүршігерлік күйде жүргізілді. Сөйтіп, репрессияның нағыз шарықтау кезеңінде, 1937-1938 жылдарда, қазақ елінде тіпті НКВД-ны басқарған Залин мен Реденстер де репрессиядан қашып құтылмады. Сол жылдары бір ғана репрессия салдарынан қазаға ұшыраған қазақстандықтардың саны 25 мың адамнан асып жығылады. 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргіннен бастап Қазақстанда 103 мың адам саяси айып тағылу арқылы сотталса, оның төрттен бірі «НКВД үштіктері» үкімімен, сот үкімімен атылып кеткен. Мұндай қызыл қырғын қазақ халқын ерекше ойсыратты. Демограф М.Тәтімовтің айтуынша, 1937-1938 жылдары «халық жауы» болып атылған қазақтар пайыз жағынан грузиндерден екі есе, орыстардан үш есе, татарлардан төрт есе, өзбектерден бес есе көп болған. Елінің еркіндігін аңсап, арманда кеткен алаш арыстары, ғалымдар, әулиелер, ақын-жазушылар болды. Қазақтың дербес мемлекет болғанын былай қойғанда кедей табынан шығып, большевиктерге адал қызмет еткен азаматтар қамауға алынды. Тіпті, Мирзоян, Нұрпейісовтар бастаған Орталық комитет бюросының мүшелері де, Кеңестік халық комиссары Ораз Исаев та «жау»- деп танылды. Көзі ашық азаматтарымыз тек жау деп танылып сотталып қоймай, міндетті түрде ату жазасына кесілді. Сталин есігін айқара ашып кіретін батылдығы болған Тұрар Рысқұлов, өзге саясатының өңін байқап қалған Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров…. Ұлтымыздың тарихына Сталин мен оның Ежов, Берия сынды жендеттері қосып кеткен қаралы тізім осылай жалғаса береді, жалғаса береді…. Құтырған иттей асқынған қызылдар Ұлы Отан соғысы тұсында да ойранын доғарған жоқ. Аштық пен қуғын-сүргін салдарынан қалжыраған қазақ халқы осы майданға миллионнан астам боздағын аттандырыпты. Бірақ, менсінбейтін көз мұндай жанкештілікті байқамайды. Егін алқабында қалған масақты балаларыма қуырып берейін деген адамдар жау атанып айдалып жатты. Бұл аздай аштық салдарынан халқы ат төбеліндей болып қалған Қазақстанға жан-жақтан кірмелер тоғытылды. Берияның тікелей тапсырмасы бойынша Қап тауынан қоныс аударылған ұлттардың барлығы қазақ даласына орнықты. Неміс, кәрістердің де келетіні осы кезең. Өзі азғантай қалған халқымызға өзгелермен сапырылысып, жойылып кету қаупі төнді. Бірақ, талай азаптың сорын таңдайы татып көрген қазақ бұған да төтеп, сақталып қалды.

 

Цифрға сенер болсақ, біз бүкіл соғыс жылдары 600-дей генералдан айрылдық. Сталин болса, 1937-1938 жылдары 43 мың әскери басшыны репрессияға ұшыратқан. Кейбір деректерге қарағанда 30-шы жылдардың соңында 23000 чекист өлтірілген. Нағыз қылмыскерлер Ягода, Ежов, Берия, Вышинский және Ульрихтер болатын. Олар Сталиндік жазалаушы жүйенің 30-шы жылдардағы іріктелген белсенді мүшелері еді. Сол белсеніп жүрген Ежовқа да «Польша, Германия, Жапониямен сатқындық, шпиондық байланыста болған» деген айып тағылып, 1940 жылы 4 ақпанда ату жазасына ұшырады.

 

  Сталиндік биліктің салдары. Сталиндік зорлық-зомбылық ақырында тарихи жеңіліске ұшырады. Сталиндік жүйенің 30 жылдық тарихындағы КСРО-дағы адам шығыны, Романовтар әулетінің 300 жылдық тарихындағы адам құрбандығынан бірнеше есе көп. Әлем тарихында ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 миллион адам қырылып жойылыпты. Солардың 110 миллионы, немесе шамамен үштен екісі, коммунистік бағдардағы елдердің үлесіне тиеді. КСРО-да 1917-1987 жылдары 62 миллион адам жойылған. Сондай-ақ адамдарды жойқын қырғаны үшін басшылардың жеке жауапкершілігі туралы айтатын болсақ, бұл тізімнің ең басында Сталин тұр. Оның мойнына 42,6 миллион адамның қаны жүктеледі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.009 с.)