Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ЕҢбектіҚ орҒаудыҢ техникалыҚ – нормативтік жӘне заҢ жҮзіндегі негіздеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Ағзаға әр түрлі шамадағы тоқтардың әсері. Электр қауіпсіздігі дегеніміз – ол, электромагниттік өрістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі. Егер адамның екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда адам денесі арқылы электр тоғы жүреді. Дене арқылы жүретін электр тоқ адамға жылулық, биологиялық және электролиттік әсер етеді. Тоқтың жылулық әсері электр энергиясының жылуға айналуында сезіледі және ол терінің, тканның және қан тамырларының қызуын тудырады. Тоқтың биологиялық әсері тоқтың бұлшық еттер арқылы жүруінде оның қысқаруын тудырады.Тоқтың электролиттік әсері қан құрамының өзгеруіне алып келеді. Электр тоғына түсіп қалғанда төмендегі зақымдалулар болуы мүмкін: күйіп қалу, терінің металдануы, электр белгілері, электроофтальмия, электр соққысы, механикалық зақымдалулар: Тоқтардың мәндеріне байланысты адам организміне әсер етуін былай бөлуге болады: сезінуші, жібермейтін және фибрилляциялық. Адам айнымалы тоқтың (50 Гц) әсер етуін 0,5 тен 1,5 мА аралығында сезінеді, ал тұрақты тоқта – 5 тен 7 мА дейін. Бұл жағдайда, адамның саусақтары қалтырап, дірілдейді; тұрақты тоқта тері қыза бастайды. Бұл тоқтар бастапқы (пороговый) сезіну тоқтары деп аталады. Жібермейтін тоқтарда қолдың бұлшық еттерінің тырысуы болады, яғни адам өз еркімен қолын тоқ жүретін бөліктерден ала алмайды. Оның мәндері айнымалы тоқ үшін – 10-15 мА, ал тұрақты тоқ үшін – 50-80 мА. Тоқтың ары қарай өсуі жүрек қан тамырларының зақымдалуына алып келеді. Дем алуы қиындайды және тоқтайды, жүрек жұмысы өзгереді. Фибрилляциялық тоқ жүрек фибрилляциясын, яғни жүрек тамырларының әлсізденуін, түршігуін және тырысуын пайда етеді. Фибрилляция нәтижесінде жүректен бүркелетін қан қажетті өмір сүру органдарына бармайды және ең бірінші кезекте миды қанмен қамтамасыз ету бұзылады. Қан бармаған адам миы ары кетсе 5-8 минут өмір сүреді, сондықтан да бұл жағдайда зақымдалған адамға тез және өз уақытында алғашқы көмек көрсету керек. Фибрилляция тоғының мәндері –80 нен 5000 мА аралығында болады. Адам ағзасына жарықтың әсері.Жасанды жарықтану көзінің түрлері. Жасанды жарықтандыру жарық көздері арқылы жасалады, олар екі топқа бөлінеді: қыздыру шамдары, газ разрядты шамдар. Қыздыру шамдары- пайдалануы қарапайым, арзан өндіріледі, пульсация коэффициенті көп емес (3-ке дейін), кең аралықты температура және қысымда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кемшілігі-ПӘК-і өте кіші (7%), жарық беруі төмен (25 лм/Вт-қа дейін), аз мерзімде қызмет етеді (2000 сағ), спектральді құрамы тиімді емес, жарықтандыруы бір қалыпты емес. Газоразрядты шамдар - екі типті болады: төмен қысымды (түскі жарық), жоғары қысымды (ДРЛ, ДРН). Артықшылығы - үлкен мерзімде қызмет етеді (13 мың сағат), жарық беруі жоғары (25125 лм/Вт), жарықтандыруы бір қалыпты, спектральды құрамы тиімді болады. Кемшілігі: қымбат, қоршаған ортаның ластауы. Адам ағзасына электр тогының әсер етуі. Биологиялық әсерЭлектр тоғының адам ағзасына әсері өзгеше және жан-жақты сипатқа ие. Адам ағзасы арқылы өткен кезде электр тоғы ағзаның түрлі жүйелеріне термиялық, электролиттік және биологиялық әсер береді. Бұл жағдайда адамның өмірі үшін маңызды органдардың қызметі бұзылуы мүмкін: ми, жүрек, өкпе. Электр жарақаттары жалпы (электрдің соғуы) және жергілікті деп бөлінеді. Жергілікті электр жарақаттары – бұл анық көрінетін дененің зақымданулары: электр күйіктері, электр таңбалары, терінің металлдануы және механикалық зақымданулар. Электр күйіктері тоқтың адам денесі арқылы өтуінен немесе оған электр доғасының әсер етуінен болады. Электр доғасынан болатын күйіктер неғұрлым қауіпті және ауыр салдарларға әкеліп соғады (терінің зақымданған бөлігінің жансыздануы және тіндердің күйіп кетуі), себебі электр доғасының температурасы бірнеше мың градусқа жетеді. Шамамен барлық электр жарақаттарының 2/3 күйік болады. Электр тоғы өткен жерлерде теріде электр таңбалары пайда болады, олар анық көрінетін, диаметрлері 1-5 мм болатын сұр немесе солғын сары түсті дақтар. Бұл дақтар емделеді және уақыт өте зақымданған тері қалыпты түріне қайта келеді. Электр таңбалары шамамен электр жарақатын алған әрбір бесінші адамда кездеседі.Электр тоғының қауіптілігінің анықтайтын факторлары.Электрлік тогының соғуы нәтижесінде келесідей жағдайлар туындайды:Естен тану, буындардың тартылуы;-Естен танып, буын тартылғанмен тыныс алу және жүрек ағысының жұмыс істеуі нашарлайды;-Естен тану, жүрек, тыныс алу жұмыстарының тоқьауы;-Қан айналымы, тыныс алу, жүректің тоқтауы.Электр тогының адамға әсер ету салдары мен сипаты мына факторларға байланысты:-Адам денесінің тоққа қарсы кедергісі;-Тоқтың кернеулігі мен шамасына;-Электр тогының әсер ету ұзақтығына;-Адам денесінде тоқтың өту жолдарына;-Электр тогының жиелігі мен оның тегіне;-Қоршаған орта жағдайына.Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:I-дәрежеде зардап шегуші есінен айырылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;II-дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады;III-дәрежеде зардап шегушіде есінен айырылумен қатар жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады;IV-дәрежеде зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.Токтың биологиялық әсері – ағзаның тірі жасушаларының қызуы нәтижесінде, адам буындары тартылып, жүрек, өкпе қысылады, нәтижесінде қан айналу мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтатуы да мүмкін. Адам ағзасына электр тогының әсері. Электр соққысы дегеніміз не?Электр қауіпсіздігі дегеніміз – ол, электромагниттік өрістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі. Егер адамның екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда адам денесі арқылы электр тоғы жүреді. Адам бір уақытта жанасқан екі нүктелік тоқ тізбегі арасындағы кернеу -жанасу кернеуі деп аталады. Дене арқылы жүретін электр тоқ адамға жылулық, биологиялық және электролиттік әсер етеді. Тоқтың жылулық әсері электр энергиясының жылуға айналуында сезіледі және ол терінің, тканның және қан тамырларының қызуын тудырады. Тоқтың биологиялық әсері тоқтың бұлшық еттер арқылы жүруінде оның қысқаруын тудырады. Тоқтың электролиттік әсері қан құрамының өзгеруіне алып келеді. Электр тоғына түсіп қалғанда төмендегі зақымдалулар болуы мүмкін: күйіп қалу, терінің металдануы, электр белгілері, электроофтальмия, электр соққысы, механикалық зақымдалулар: Электр соққысы болғанда, адам организмі жалпы зақымданады , яғни нерв және жүрек тамырларының бұзылуы, бұлшық еттерінің тырысуы пайда болады. Адам ағзасына электр тоғының әсер етуі. Ток жолы дегеніміз не?Егер адамның екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда адам денесі арқылы электр тоғы жүреді. Адам бір уақытта жанасқан екі нүктелік тоқ тізбегі арасындағы кернеу -жанасу кернеуі деп аталады.Дене арқылы жүретін электр тоқ адамға жылулық, биологиялық және электролиттік әсер етеді.Тоқтың жылулық әсері электр энергиясының жылуға айналуында сезіледі және ол терінің, тканның және қан тамырларының қызуын тудырады.Тоқтың биологиялық әсері тоқтың бұлшық еттер арқылы жүруінде оның қысқаруын тудырады.Тоқтың электролиттік әсері қан құрамының өзгеруіне алып келеді.Электр тоғына түсіп қалғанда төмендегі зақымдалулар болуы мүмкін:күйіп қалу, терінің металдануы, электр белгілері, электроофтальмия, электр соққысы, механикалық зақымдалулар:- электр күйігі электр тоғының жылулық әсерінде пайда болады. Электр доғасының әсері нәтижесінде пайда болатын күйік өте қауіпті болып табылады, өйткені оның температурасы +3000-6000° С аралығында болады; - терінің металдануы электр тоғының әсерінен металдың майда бөлікшелері теріге сіңуі нәтижесінде болады. Соның нәтижесіндетерінің электр өтімділігі жоғарылайды, яғни оның кедергісі күрт төмендейді.Электр белгілері деп, тоқ жүретін бөліктермен тығыз байланыста болғанда, яғни оны қысып ұстағанда теріде сұр немесе ақшыл – сары түсті дақтың қалуын айтамыз.Электроофтальмия дегенде электр доғасының ультрафиолеттік сәулесі әсерінен көздің сыртқы қабатының зақымдалуын түсінеміз.Электр соққысы болғанда, адам организмі жалпы зақымданады , яғни нерв және жүрек тамырларының бұзылуы, бұлшық еттерінің тырысуы пайда болады. Механикалық зақымдалулар(тканның бөлшектенуі, сынықтар)адам бұлшық еттерінің тырысуы және де электр тоғының әсерінен төбеден құлау нәтижесінде болады.Электр тоғынан зақымдалу сипаттамасы тоқтың тегі мен мәніне, оның жүріп өту жолына, әсер ету ұзақтығына, адамның жеке физиологиялық ерекшелігіне және оның зақымдалған кезіндегі жағдайына байланысты Көп жағдайлардатоқтың тегі мен мәнізақымдалу сипаттамасын анықтайды. Өндірістік жиіліктегі (50 Гц) кернеуі 500 В дейінгі айнымалы тоқтағы электр қондырғылары тұрақты тоққа қарағанда өте қауіпті. Бұл адам организмі клеткаларындағы күрделі биологиялық процестерге байланысты болады. Тоқ жиілігі өскен сайын, зақымдалу қаупі азаяды. М: бірнеше жүздеген кГц жиілікте электр соққысы сезілмейді.Тоқтардың мәндеріне байланысты адам организміне әсер етуін былай бөлуге болады: сезінуші, жібермейтін және фибрилляциялық.Адам айнымалы тоқтың (50 Гц) әсер етуін 0,5 тен 1,5 мА аралығында сезінеді, ал тұрақты тоқта – 5 тен 7 мА дейін. Бұл жағдайда, адамның саусақтары қалтырап, дірілдейді; тұрақты тоқта тері қыза бастайды. Бұл тоқтар бастапқы (пороговый) сезіну тоқтары деп аталады.Жібермейтін тоқтарда қолдың бұлшық еттерінің тырысуы болады, яғни адам өз еркімен қолын тоқ жүретін бөліктерден ала алмайды. Оның мәндері айнымалы тоқ үшін – 10-15 мА, ал тұрақты тоқ үшін – 50-80 мА. Тоқтың ары қарай өсуі жүрек қан тамырларының зақымдалуына алып келеді. Дем алуы қиындайды және тоқтайды, жүрек жұмысы өзгереді.Фибрилляциялық тоқ жүрек фибрилляциясын, яғни жүрек тамырларының әлсізденуін, түршігуін және тырысуын пайда етеді. Фибрилляция нәтижесінде жүректен бүркелетін қан қажетті өмір сүру органдарына бармайды және ең бірінші кезекте миды қанмен қамтамасыз ету бұзылады. Қан бармаған адам миы ары кетсе 5-8 минут өмір сүреді, сондықтан да бұл жағдайда зақымдалған адамға тез және өз уақытында алғашқы көмек көрсету керек. Фибрилляция тоғының мәндері –80 нен 5000 мА аралығында болады.Адам денесі арқылы өтетін электр тоғының мәніне және тегіне байланысты зақымдалу сипаттамасы 4.1- кестеде көрсетілген. Тоқтың жүру жолы зақымдалу сипатына бір шама әсерін тизізеді. Өте қауіпті жол – жүрек, бас миы және тыныс алу кеудесі арқылы өтетін жол болып табылады. Электр травматизмін талдауда «оң қол – аяқ», «қол – қол» жолдары жиі кездеседі, ал «бас – аяқ», «бас – қол», «аяқ – аяқ» жолдары сирек кездеседі.Адам організмі арқылы өтетін тоқтың мәні берілген кернеуге және дене кедергісіне байланысты болады. Кернеу қаншалықты көп болса, соншалықты көп тоқ адам арқылы өтеді.Ток жолы - тоқтың жүру жолы зақымдалу сипатына бір шама әсерін тизізеді. Өте қауіпті жол – жүрек, бас миы және тыныс алу кеудесі арқылы өтетін жол болып табылады. Электр травматизмін талдауда «оң қол – аяқ», «қол – қол» жолдары жиі кездеседі, ал «бас – аяқ», «бас – қол», «аяқ – аяқ» жолдары сирек кездеседі.Адам організмі арқылы өтетін тоқтың мәні берілген кернеуге және дене кедергісіне байланысты болады. Кернеу қаншалықты көп болса, соншалықты көп тоқ адам арқылы өтеді. Адам ағзасының терморегуляциясы туралы түсінің және оның бұзылуыЖылу реттеу, терморегуляция (гр. therme – жылу және гр. regulo – реттеу) – қоршаған орта температурасының ауытқуына қарамастан адам, сүтқоректілер жәнеқұстардың дене температурасын тұрақты деңгейде сақтау қабілеті.Дене температурасының тұрақтылығы – жылу түзілу және жылу шығару және олардың өзгеруіне байланысты болады. Жылу реттеу процесіне аралық мидағы (гипоталамус) жылу орталығы, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдеріндегі жылу сезетін жүйке жасушалары, ішкі органдар мен шырышты қабаттың жылу рецепторлары, терідегі арнайы жүйке өткізгіш жолдары, эндокринді және тері бездері, бұлшықеттер қатысады. Дене қыза бастаса, қан тамырлары кеңейіп, тер бөлініп, тыныс алу жиілейді, жылуды сыртқа шығару үдейді. Ал ағза салқындай бастаса, қан тамырлары тарылып, тер шығу тоқтайды, сыртқа жылу аз бөлінеді. Осылайша ағза жылу түзу мен жылу шығарудың тепе-теңдігін реттеп отырады. Жылу реттеу нәтижесінде ағзаның температурасы тұрақты болады (мысалы, құстарда 40 – 41,5˚С, сүтқоректілерде 32 – 39˚С, адамда 36˚С). Сыртқы ортаның температурасының айтарлықтай ауытқуынан немесе жылу түзілудің жылдам өзгеруінен адам мен жануарлардың жылу температурасы қалыпты жағдайда 0,2 – 0,3-тен 1 – 2 С-қа ауытқуы мүмкін.Денедегі жылудың тұрақтылығын реттеу механизмі адам мен жоғары сатыдағы жануарларда ғана жақсы дамыған. Мысалы, терлеу тек адам мен маймылға, сондай-ақ тақ тұяқты жануарларға ғана тән. Құстар терлемейді. Жәндік қоректілер, кемірушілер, т.б. аз терлейді. Ал төм. сатыдағы жануарларда (мысалы, бақа, кесіртке) жылу реттеу механизмі дамып жетілмеген. Сондықтан олардың дене температурасы сыртқы орта температурасына тәуелді болады. Адам қалыпты жағдайда жылудың 70%-ін ішкі органдардың қызметінің, ал 30%-ін бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде алады. Адамның дене қимылы арқылы түзілген жылуы тері арқылы, тыныс алғанда, зәр шығарғанда және дефекация кезінде шығарылады. Адамның құлағы 16 Гц – 20 кГц диапазондық жиілікте естілетін дыбысты қабылдай алады. 16 Гц жиіліктен төмен тербелісті инфродыбыстар деп, ал 20 кГц-тен жоғары ультрадыбыстар деп атайды.Шу – адамның естуіне жағымсыз әсер ететін және демалуына, жұмыс істеуіне кедергі жасайтын дыбыстар жиынтығы. Дыбыс жиілікпен (қарқындылық) және дыбыстық қысыммен (Р) сипатталады.Дыбыстық толқынның таралуы кеңістікте тербелісті энергиямен бірге жүреді. Оның 1 м2 ауданынан өтетін, перпендикуляр бағытта таралатын дыбыстық толқында орналасқан саны дыбыс күшіне I, Вт/м2 немесе қарқындылыққа қызмет етеді. Ауырлық қанша категорияға бөлінеді.Жұмыс ауырлығының деңгейі өндірістік ортамен әсер етілетін, адам организмінде болатын реакциялар мен өзгерістерді сипаттайды. Еңбектің қолайсыз жағдайында жұмысшылардың бір бөлігінде уақыт өте келе алдымен патология алдындағы өзгерістер («ауру алды» деп аталатын), ал осы жағдайдағы жұмыстың ұзақтылығында – кәсіптік өзгерістер немесе өндірістік шарттармен байланысты созылмалы аурулар дамуы мүмкін. Келтірілген зерттеулер медико-физиологиялық топтаудың теориялық негізін өңдеуге мүмкіндік берді, онда жұмыс ауырлығының алты категориясы және оның негіздеулері сипатталған. физиологической классификации, в которой даны описание шести категорий тяжести работ и их обоснование. Ауырлықтың бірінші категориясына сыртқы ортаның оңтайлы шартында орындалатын кез келген жұмыс түрі. Ауырлықтың алтыншы категориясына жұмыс күнінің бірінші жартысынан бұрын пайда болатын адам организмінде патологиялық функционалдық белгілері көрініс табатын жұмыстар жатады. Ауырлықтың бұл категориясына өндірісті негізделген және кәсіптік аурулар санының көптігі тән, ерте анықталады және ауыр ағысы бар болады. Бұл ауырлық категориясы еңбек шарты бойынша жіктелген ақы, қолайсыз еңбек шарты үшін ұсынылатын төлем ақы өлшемі және т.б. бойынша экономикалық нұсқау береді. Мұндағы зияндылықтарды сипаттай отырып, оларды жою мен еңбек шартын жақсарту бойынша шараларды дайындауға мүмкіндік береді. Ауырлықтың бірінші және екінші категорияларына сәйкес келетін, еңбек шарты зиян немесе қауіпсіздік ошақтары сақталған өндіріс учаскелерінде шараларды дайындаудың эталоны ретінде әрекет етеді. Ауырлықтың екінші категориясына организмнің қалыпты жағдайда орындалатын нәтижелері өзгермейтін жұмыстар жатады. Бұл ауырлық категориясы бұған жататын жұмыс еңбектің қалыпты немесе қолайлы шарттарында орындалатынын, куәландырады. Негізінен, организмнің физиологиялық мүмкіндігі жұмыс жүктемесінен аспайды Ауырлықтың үшінші категориясына адам организмінде жүктеменің артуынан, еңбектің қолайсыз жағдайынан немесе басқа үйлесімнен шекаралық функционалды жағдайдың бастапқы кезеңі қалыптасатын жұмыстар жатады. Ауырлықтың төртінші категориясына организмде терең шекаралық функционалдық жағдай орындалғанда қалыптасатын, жұмыстар жатады. Бұл жағдайдың басты белгісі осымен байланысты динамикалық жұмыс таптаурыны бөгелсе және бұзылса. Бұл категория үшін шығарылатын өнім санының азаюы мен сапаның төмендеуі, сондай-ақ қызметтің тұрақсыздығы тән. Жалпы ауру саны көбейеді, өндірісті негізделген аурулар пайда болады, өндірістік травма саны мен ауырлығы өседі. Өндірістік зияндардың күшті әсер етуінде кәсіптік аурулар пайда болуы мүмкін. Ауырлықтың бесінші категориясына адам организмінде патологиялық функционалдық жағдай қалыптасатын, жұмыстар жатады. Бұл жағдай негізінен ол қолайсыз санитарлы-гигиеналық жағдайда орындалса, шектен тыс жүктеме нәтижесінде пайда болады. Ауырлықтың бесінші категориясын ұзақ атқаратын жұмыстағы адамдарда уақыт өте келе созылмалы аурулар, ал өндірістік зияндарда кәсіптік аурулар дамиды.
Вентиляцияның түрлері. Біреуіне сипаттама беру. Желдету (латынша: ventіlatіo — желдету) — үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т.б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердің талаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т.б. сақтауға арналған шаралар жүйесі. Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді. Ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жиынтығы да желдету деп аталады. Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар — абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады.Дірілдеткішті нормалау ССБТ 12.1.012-90 ГОСТ бойынша қалыптасады (санитарлық және техникалық нормалау). Дірілді сипаттайтын параметрлер және оның түрлері. Қатты денелер арқылы 2-63 Гц жиілікте берілетін тербеліс –дірілдік тербеліс деп аталады. Діріл шығу көздеріне қарай олар а) технологиялық, б) көліктік, в) көлікті-технологиялық болып бөлінеді. Организмге әсер ету бойынша ішкі және жалпы болып бөлінеді. Діріл екіге бөлінеді: жалпы және локальді болып. Жалпы діріл-адам денесіне отырған немесе тұрған кезде тірек арқылы әсер ететін діріл; локальді-денеге адам қолы арқылы әсер ететін дірілді айтамыз. Қорғаныс әдістері: а) діріл көзіндегі дірілді азайту; б) діріл тудыратын және діріл жұтқыш материалдарды қолдану; в) жеке қорғаныс материалдарын қолдану. Дірілді сипаттайтын параметрлер. Дірілге анықтама берініз. Қатты денелер арқылы 2-63 Гц жиілікте берілетін тербеліс–дірілдік тербеліс деп аталады. Діріл шығу көздеріне қарай олар а) технологиялық, б) көліктік, в) көлікті-технологиялық болып бөлінеді. Организмге әсер ету бойынша ішкі және жалпы болып бөлінеді. Діріл XYZ өсі мена уытқу бағыты, ауытқу амплитудасы А (м), діріл жылдамдығы v=2p/А (м/с) және діріл үдеуі бойынша W=4pf2A (м/с2) сипатталады. Діріл жылдамдығының деңгейі: LV=20lg v/v0 , дБ, мұндағы v0 – тіректі діріл жылдамдығы (10-8 м/с), v=1м/с -ауыратынкезеңінеболады. Діріл ауруы –кәсіби ауру. Дірілдеткішті нормалау ССТ 12.1.012 90 ГОСТ бойынша қалыптасады (санитарлық және техникалық нормалау). Санитарлы нормалауда орташа геометриялық жиіліктегі діріл түріне байланысты дірілжылдамдығының деңгейі келтіріледі. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік туралы заңды қалай түсінесіз. Еңбекті қорғау бойынша заңдылықтар актісі Қазақстан Республикасындағы еңбек ету құқығының ажырамас бөлігін құрайды, оның негізі 30.09.95 жылғы ҚР конституциясының 24 бабы болып табылады. Бұл бапта әрбір адам еркін еңбек етуге құқықты деп көрсетілген:- 28.02.2004 ж. № 528-П ҚР ның «Еңбекті қоғау және қауіпсіздік туралы» заңы; - 07.02.2005 ж. № 30-П ҚР ның «Жұмыскерлер еңбек ету міндетін орындау барысында денсаулығына және өміріне зиян келуінде жұмыс берушінің азаматты-құқықты жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру туралы» заңы. Бұдан басқа, еңбекті қорғау бойынша нормативтік актілерге төмендегілер жатады: - еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің стандарты (ССБТ), бекітілетін: мемлекеттік стандарттар (ГОСТ) - стандартизация, метрология және сертификация бойынша ТМД мемлекетаралық Кеңесі; салалық стандарттар (ОСТ) - министерстваларға, ведомстваларға, атқару билігінің басқа да орталық органдарына сәйкес; кәсіпорындар стандарттары(СТП) - кәсіпорындар; - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Бас санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы бекіткен санитарлық ережелер, нормалар, гигиеналық нормативтер, эргономикалық, физиологиялық және басқа да талаптар; - Қазақстан Республикасы еңбек ету Министрлігінің еңбекті қорғау Департаментімен келісе отыра, атқару власының орталық және бақылау органдары бекіткен салалардағы еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар және ережелер.\ Еңбекті қорғау қызметінің негізгі міндеттері:жұмыс берушінің атынан өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын тудыруға, құрылымдық бөлімшелерде өндірістік жарақаттың, кәсіби аурудың алдын алуға, жұмыс берушінің ұжымдық келісім-шартқа орай еңбекті қорғау саласында міндеттемелердің орындалуына ішкі бақылау жүргізеді:өндіріс учаскелерінде еңбек жағдайына жедел талдау жүргізу, қауіптілікті бағамдау және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келмейтін жайларды жоюға шаралар белгілейді;ҚР заңнамаларына сәйкес зиянды және ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін мамандықтар мен лауазымдағылардың денсаулығын дүркін-дүркін тексеріп отыру үшін олардың тізімін жасауға әдістемелік көмек көрсетеді; салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайын жасау, қауіпсіздік шаралары бойынша қаржыландыру, денсаулықты жақсарту жөнінде ұжымдық келіссөздер жүргізуге қатысады;зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметшілердің қосымша ақы алуы үшін бұйрықтарды қайта қарайды;медқараудан өту үшін зиянды және ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметшілердің тізімін жасайды және келісімін алады;жабдықтарды, машиналар мен механизмдерді уақтылы сынауды және техникалық куаландырылуды, қауіпті өндірістік факторлар өлшемдер кестесінің сақталуын бақылайды;қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелерін ұйымдастыру бұйрықтары мен өкімдерін орындайды;арнайы киім, аяқ киімдер мен басқа жеке қорғану құралдарын алу, сақтау, залалсыздандыру, және жөндеуді ұйымдастырады;салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайын жақсартуды ұйымдастыру жөнінде басшылыққа ұсыныс жасайды;жұмыс орындарында еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі жөнінде мүйістердің жасалуын бақылайды. Еңбекті қорғау пәні, пәннің мәні мен мазмұны, мақсаты Еңбекті қорғау пәні – бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғауқұқықтықмедициналықэкономикалықтехникалық құрамдас элементтерден тұрады.Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады. Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.1. Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады.2. Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе – бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.3. Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.4. Өндірісте машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігі міндетті. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз, ал, бұл еңбекті қорғаудың техникалық құрамдас элемент бұзылды деген сөз.Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады. Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі. Еңбекті қорғауды басқару жүйесі дегеніміз не? Еңбекті қоғау дегеніміз не?Еңбек құқығы құқықтың жетекші салаларының бірі ретінде еңбек сферасындағы өмірлік қатынастарды реттейді.Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары — Қазақстанда да көкейкесті мәселелердің бірі. Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады.Жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың өсуіне жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне деген тиісті бақылаудың болмауы, жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу, қауіпсіздік талаптарының, еңбек және өндірістік тәртіптің орындалмауы да теріс ыкпалын тигізіп келеді. Өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатысты құбылыстардың сақталуы көп жағдайларда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-қүқықтық базаның жеткіліксіздігіне, оның экономикалық реформалар қарқынына үлгермей, артта қалып қоюына да байланысты. Сондықтан еңбек қатынастарын реттеу саласындағы негізгі міндеттердің бірі — еңбекті қорғаудың тиімді басқару жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.Жаңа технологиялар мен өндіріс жүйелерінің жасаудағы маңызды талаптардың бірі – бұл адмның еңбек етудегі салауатты және кауіпсіз шарттарды қамтамасыз етумен байланысты проблемаларды зерртеу және белгілі бір шешімдерді қабылдау. Өндірісте жазатайым оқиғалардың, кәсіби аурулардың, авариялардың, өрттің мүмкін болатын себептерін анықтау мен зерттеу, сонымен бірге оларды жоюға бағытталған іс-шараларды әзірлеу адамның еңбек етуге қалыпты және қауіпсіз шарттарды жасауға мүмкіндік береді.Жасалған жұмыстың негізі мақсаты — еңбекті қорғауға қатысты барлық негізгі мәселерді мен сұрақтарды қарастыру. Бұл аталған мақсатқа жету үшін келесідей талаптарды орындау қажет: еңбекті қорғауға түсінік беру;· еңбекті қорғау жөніндегі мәселелерді реттейтін нормалардың қайнар көздерін көрсету;· еңбекті қорғауға қатысты еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары және міндеттерін қарастыру;· еңбек құқығының заңнамасы мен еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік жағдайларын анықтау;· қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуын бақылау (әйелдер, жасы кәмелеткет толмағандар, еңбек қабілеттілігі шектеулі тұлғалар). Еңбекті қорғаудың мақсаты қандай теңдеумен көрсетуге болады түсіндіріңіз. Еңбекті қорғау (ЕҚ) – заңдылық және нормативтік құжаттар жүйесі, оның негізінде жұмыс орнында қауіпсіз еңбек ету жағдайын қамтамасыз ететін әлеуметті-экономикалық, техникалық және гигиеналық шаралар өңделеді. Еңбекті қорғаудың мақсатын мына теңдеумен көрсетуге болады. Мақсат = АЖ + ТЕ + ДС + ЖК + ЕС, мұнда АЖ – апатсыз жағдай жетістігі; ТЕ –травматизмі ескерту; ДС – денсаулықты сақтау; ЖК – жұмыс қабілетін көтеру; ЕС – еңбек сапасын көтеру. Қойылған мақсатқа жету үшін екі топ есепті шешу керек. Біріншісі – ғылыми, яғни адам-машина жүйесіндегі математикалық үлгілер, қауіпті (зиянды) өндірістік факторлар және т.б. Екіншісі – құрылғыны пайдалану барысында қауіпсіз еңбек етуді толық қамтамасыз ету. Жалпыауыспалық желдетудің өнімділігін анықтауЖалпы алмасу желдеткіші - бүкіл бөлме көлеміндегі ауаның алмасуын қамтамасыз ететін желдету;Өнеркәсіптердегі өндіріс және тұрмыс орындарында, лабораторияларда және басқа орындарда приточно- вытяжная жалпы алмасу механикалық вентиляция (немесе кондиционирлеу), қажетінше, жергілікті вытяжная вентиляциямен бірге болу керекМеханикалық желдету жүйесі жалпы ауа алмасуда, жергілікті де бола алады. Жергілікті жүйеде құрылғы арқылы зиянның бөлінуіне қарсы әртүрлі қорғаныс түрін жасайды, ауа жергілікті ауа шығару нұсқауымен, яғни ауа өтемақысы, жергілікті ауа шығаруды жою, бөлме ішіне жаңа таза ауаның берілуімен жойылады. Бидай өңдеу зауыттары мен нан шығару кәсіпорындарында негізінен сорғыш желдеткіш қондырғылары қолданылады. Ауаны сору кезінде машинаның қаптамасында вакуум пайда болады, ол шаңның бөлмеге таралмауын қамтамасыз етеді. Сору қондырғыларын көбіне аспирациялық деп атайды.Алдымен ағынды ауаның көлемдік шығынын анықтайды (Vв.в.) м3 / сағ: Жалпыауыспалық желдетудің тиімділігін анықтау - Табиғи желдету: инфильтрация (ұйымдастырылмаған ауа алмасу), аэрация (ұйымдасқан, алдын – ала есептелген ауа алмасу). Артықшылығы – үнемділігі, кемшілігі – қоршаған ортадағы зиянды заттар өзінің физика-химиялық құрамын өзгертпестен бөлменің ішіне енеді. Жасанды желдету – артық жылуды, зиянды заттарды және артық ылғалды жою үшін қолданылады:а) зиянды заттарды жою үшін: L УД=W/ (СУД-CПРИТ)*g, [м3/сағ],мұнда W – уақыт бірлігіндегі зиянды заттарды бөлу қарқындығы (мг/сағ); См, Сприт – ауадағы зиянды заттардың концентрациясы, См = ШРК, Сприт=0 концентрациясы мг/ м3 – мен өлшенеді; g – жұмыс аумағының ауасына зиянды заттардың түсуінің біртексіздік коэффициенті. Сондықтан ауа мөлшері вентиляциялық ойық ауданымен есептеледі: F=Cм /3600v, (м2), газоходтағы ауаның жылдамдығы v =0,5 – 3 м/с б) жылу қалдықтарын жою үшін: L= Qизб/cg(tУХ-tПРИТ), (м3/час), Qизб =QПОСТ-QУХ, (Дж*м3/с), с және g жылу сыйымдылық және ауа тығыздығы, tух , tприт – ауа температурасы, tУХ = tРЗ+Dt*(H-2); tРЗ – жұмыс аймағының температурасы; ∆t – температуралық ингридиент, температураның бөлме биіктігінен өзгеруін көрсетеді (0,5 – 1,5°С), Н – бөлме биіктігі,м. Нақты ауаның температурасы ыстық немесе суық мерзімдерде алынады: tприт - суық мерзім үшін – қаңтар, ыстық период үшін – шілде айлары. Ауа еселігі k= c/v, [1/сағ], с – ауа көлемі, V – аудан көлемі. k>3 кезінде жергілікті желдету жүйесі, ал, k<3 кезінде – жалпы алмасу желдету жүйесі ұсынылады. Таза аудандар үшін L= n*w0, мұнда n – жұмысшылар саны, w0– бір жұмысшы үшін қажетті ауа мөлшері (20-30 м/сағ). Жарық ағыны — сәйкес сәуле ағынындағы "жарықтық" қуатын сипаттайтын физикалық шама. Басқа сөздермен, "Жарық ағыны дегеніміз сәуле ағынына пропорционал, орта адам көзінің қатысты спектрлік сезімталдығына сәйкес бағаланған физикалық шама болып табылады" Жарық көздері мен жарықтатқыштарды таңдауда бағалау.Өндірістік ғимараттарда жасанды жарықтандыру үшін газразрядталған және қыздыру шамдары қолданылады.Газразрядталған шамдардың құтышасының (колба) ішкі беті арнайы құраммен-люминафоромен қапталып, құтыша сынап буымен және инертті газбен (аргон, ксенон және т.б.) толтырылады. Электр зарядын шам арқылы жібергенде пайда болатын ультракүлгін сәулелер люминафорға түсіп көрінетін жарыққа айналады.Газоразрядталған шамдардың түрлері:- төменгі қысымды газоразрядталған шамдар (люминесцентті), ДСЛ (доғалы сынапты люминицентті шамдар), ДРЛ т.б.Қыздыру шамдарында жарықтану қылдардың жоғары температураға дейін қызуы салдарынан болады. Бұл шамдардың жарық беруі аз болғандықтан (негізгі энергия бөлігі жылуға айналып кетеді) және спектрлік құрамында түстердің қабылдануын қиындататын (искажающих цветов) сәулелердің басым болуына байланысты өндірістерде газоразрядтты шамдармен ығыстырылуы.Қазіргі кезде өнеркәсіптерді негізінен газразрядты жарық көздерін пайдалана отырып жобалайды.Қыздыру шамдарынгазразрядты шамдарды пайдалану мүмкіндігі болмаған немесе техникалық тұрғыдан тиімсіз жағдайларда қолданады. Жарықтандыру сипаттамасы Өндірістік жарықтандыру, талаптары және есептеудің тәсілдері. Жалпы айтқанда адам ақпаратты көзі арқылы 80-90% алады. Алған ақпараттың сапасы әсіресе жарықталуынан байланысты - жеткіліксіз жарықталу болған кезде тек көзі ғана шаршамай, ағзасы толығымен шаршайды. Қалыпсыз жарықталуда нашар жарықтандырылған қауіпті аумақтар, жарық көздерінен және олардың сәулелерінен зақымданулар пайда болады, олардың айқын көлеңкелері жұмысшылардың көруін нашарлатады да бағдарын толығымен жояды, еңбек өнімділігі төмендейді де өнімнің брактары көбейеді. Өндірістік кәсіпорындарды жарықтандыру табиғи, жасанды және аралас болуы мүмкін. Жасанды жарықтандыру жарық көздері арқылы жасалады, олар екі топқа бөлінеді: қыздыру шамдары, газ разрядты шамдар. Қыздыру шамдары- пайдалануы қарапайым, арзан өндіріледі, пульсация коэффициенті көп емес (3-ке дейін), кең аралықты температура және қысымда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кемшілігі-ПӘК-і өте кіші (7%), жарық беруі төмен (25 лм/Вт-қа дейін), аз мерзімде қызмет етеді (2000 сағ), спектральді құрамы тиімді емес, жарықтандыруы бір қалыпты емес. Газоразрядты шамдар - екі типті болады: төмен қысымды (түскі жарық), жоғары қысымды (ДРЛ, ДРН). Артықшылығы - үлкен мерзімде қызмет етеді (13 мың сағат), жарық беруі жоғары (25125 лм/Вт), жарықтандыруы бір қалыпты, спектральды құрамы тиімді болады. Кемшілігі: қымбат, қоршаған ортаның ластауы. Жасанды жарықтандыру жұмыс разрядына байланысты жарықтылықпен (Е), жарықтандыру жүйесі және жарық көздерінің түріне байланысты СНиП II – 4 – 79 бойынша нормаланады. Жасанды жарықтандыруды жарық ағынының пайдалану коэффициенті әдісімен (жалпы жарықтану), нүктелік (аралас) және меншікті қуат әдісі арқылы есептеледі. Өндірісті жарықтануға қойылатын негізгі жарық техникалық талаптар: а) жұмыс орындарын жарықтандыру денгейі орындалатын жұмыстың сипатына сәйкес болуы қажет; б) уақыт бойынша тұрақты және бір қалыпты жарықтануы; в) қатты жылтырау мен айқындылықтың жоқ болуы; г) жұмыс орындарында диффузиялық - жарық ағыны болуы керек (яғни көлеіңкесіз жарықтандыру). Сонымен бірге, жасанды жарықтандыруды қамтамасыз етуге қосымша қойылатын талаптар: табиғи жарыққа жақын тиімді спектральді құрылым; жүйе зиянды факторлардың пайда болуын болдырмауы керек; электр және өрт қауіпсіздігін сақтау. Өндірістік жарық СНиП- II-4-79 бойынша нормаланады, мұнда табиғи жарық КЕО (табиғи жарықтандыру коэффициенті) бойынша нормаланады. Жасанды жарықтандыру және оны нормалауТабиғи жарықтандыру мен жасанды жарықтандырудың қоса қолданылуы бірлескен жарықтандыру деп атайды. Бірлескен жарықтандыруды нормалау табиғи жарықкоэфициенті (ТЖҚ) бойынша жүзеге асырылады.Жасанды жарықтандыру қабырғадағы терезелер (бүйірден), шыныланған жарық фонарлары (жоғарыдан) жарықтандыру, немесе екі тәсілді бір мезгілде қолдану арқылы (қиыстырылған) жүзеге асырылады.Табиғи жарықтандыру деңгейі күні бойы өзгеріп отырады және атмосфера жағдайына тәуелді болады. Жасанды жарықтандырудың бұндай кемшіліктері болмағанымен, оның спектрлік сипаты табиғи жарықтыкінен нашар және энергия шығындылығымен, байланысты электр қауіптілігімен және т.б. кемшіліктермен (жарық ағымының импульсациясы, артық шу) сипатталады. Жасанды жарықтандыру және оның классификациясыӨндірістік мекемелерді жарықтандыру жасанды және табиғи жарықпен жүзеге асырылады. Табиғи күн сәулеі жағымды спектрлі және адам көзіне үйреншікті болып келеді. Табиғи жарықтандыру психологиялық жағымды әсер етеді. Күн спектрінің құрамында адам денсаулығына маңызды ультракүлгін сәулелер бар, бірақ олар қарапайым шынылардан (әйнектен) өтпей ұсталып қалатындар үшін күн спектрінде ультракүлгін сәулесінің болуы өте пайдалы.Табиғи жарықтандыру мен жасанды жарықтандырудың қоса қолданылуы бірлескен жарықтандыру деп атайды. Бірлескен жарықтандыруды нормалау табиғи жарықкоэфициенті (ТЖҚ) бойынша жүзеге асырылады.Жасанды жарықтандыру қабырғадағы терезелер (бүйірден), шыныланған жарық фонарлары (жоғарыдан) жарықтандыру, немесе екі тәсілді бір мезгілде қолдану арқылы (қиыстырылған) жүзеге асырылады.Табиғи жарықтандыру деңгейі күні бойы өзгеріп отырады және атмосфера жағдайына тәуелді болады. Жасанды жарықтандырудың бұндай кемшіліктері болмағанымен, оның спектрлік сипаты табиғи жарықтыкінен нашар және энергия шығындылығымен, байланысты электр қауіптілігімен және т.б. кемшіліктермен (жарық ағымының импульсациясы, артық шу) сипатталады Жасанды жарықтандыру түрлері:1. Жалпы-жарық көздеріменғимаратты жарықтандыруда қиыстырылған-жалпы жарықтандыру мен бірге қарқынды көру жұмыстары атқарылатын жұмыс орындарында жоғары деңгейдегі жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін жергілікті жарықтатқыштарды орнатады. Қиыстырылған жарықтандыру жүйесі өндірісте кең қолданылады және экономикалық тұрғыдан ұтымды болып саналады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.017 с.) |