Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Ерікті қозғалыстар және олардың бұзылыстарыЕрікті қозғалыстар және олардың бұзылыстары
1.2.1.1 Клонус қай синдромға тән? 1. орталық паралич 2. перифериялық паралич 3. менингеальды синдром 4. мишықтық атаксия синдромы 5. акинетикоригидті синдром 1.2.1.1 1.2.2.1 Спастикалық бұлшық еттік тонусқа тән : 1.«тісті доңғалақ» симптомы 2.бір топ бұлшық еттің тонусы – бүгуші немесе жазушы 3. «бүктемелі пышақ» симптомы 4.берілген қалыпта аяқ-қолдардың қозғалмай қатып қалуы 5. «кері түрткі» симптомы
1.2.3.1 Пирамидтік жол түзіледі: 1. жұлынның алдыңғы мүйізінің аксондарымен 2. орталықалды иірімде орналасқан Бец жасушасының аксондарымен 3. мишық мотонейрондарының аксондарымен 4. жұлындық ганглий жасушаларының аксондарымен 5. жұлынның бүйір мүйізінің аксондарымен
1.2.4.2. 1. 25 жастағы науқаста қол бұллшық еттері атрофияланған, тонус төмендеген, қолында терең рефлекстер жоғалған. Аяқ бұлшық етінде тонус жоғарылаған, тізелік және ахилл рефлексі жоғарылаған, рефлекторлы аймақ кеңейген. Бабинский, Оппенгейм патологиялық белгілері. Синдромальді диагноз құрыңыз. 1. Жоғарғы енжар, төменгі спастикалық парапарез 2. Жоғарғы спастикалық, төменгі енжар парапарез 3. Төменгі спастикалық парапарез 4. Жоғарғы спастикалық парапарез 5. Төменгі енжар парапарез
1.2.5.2 1.2.2.2 Қабылдау бөлімінде науқасты қарағанда көбінесе дистальды бөліктерде басым аяқ пен қолдағы бұлшық ет күшінің әлсіреуі байқалған. Аяқ пен қолдың проксимальді аймақтарындағы күші 5 балл, ал дистальды бөлігінде 2 балл. Аяқ пен қолда бұлшық еттік тонус төмендеген. Карпорадиальді және ахилл рефлекс шақырылмайды. Қай құрылымдар зақымдалған ? 1. бас ми қабығы 2. жұлынның бүйір қанатшалары 3. жұлынның алдыңғы мүйізі 4. перифериялық нервтер 5. жұлынның артқы мүйізі
1.2.6.2 1.2.3.2 Стационарға 42 жастағы ер адам аяқ қолдарындағы әлсіздікке және жұтынудың қиындауына шағымданып келді. Ауырғанына 3 ай болған. Қарағанда: дизартрия, дисфагия, қол бұлшық еттері атрофияланған, тонус төмендеген, екі қолындағы сүйекаралық бұлшық еттері атрофияланған, иық белдеме бұлшық еттері мен тілінде фибоилярлы дірілі байқалады. Аяқ пен қолдарында терең сіңірлік рефлекстер жоғарлаған. Бабинский, Оппенгейм патологиялық белгілері анықталады.Болжам диагноз қойыңыз: 1. Сирингомиелия 2. Арнольд-Киари аномалиясы 3. Жұлын ісігі 4. Бүйірлік амниотрофиялық склероз 5. Эрб-Ротт миопатиясы
1.2.7.2 1.2.4.2 Науқаста табан жазғыш бұлшық еттерінің күші 2-4 баллға дейін төмендеуі, рефлекстердің жандануы, сол жағында Бабинский симптомы анықталды. Жүйке жүйесінің қай құрылымының зақымдалуымен байланысты екенін анықтаңыз? 1. сол жақ алдыңғы ортаңғы иірімнің жоғарғы бөліктері 2. оң жақ алдыңғы ортаңғы иірімнің жоғарғы бөліктері 3. постцентральді иірімнің төменгі аймақтары 4. постцентральді иірімнің төменгі аймақтары 5. сол жақ алдыңғы ортаңғы иірімнің төменгі бөліктері
1.2.8.2 Науқаста қолының күші төмендеген, атония, атрофия және қол бұлшық еттерінің фибриллярлы дірілі, арефлексия анықталады.Патологиялық ошақ қай жерде орналасқан? 1. Жұлынның мойындық қалыңдауындағы бүйір мүйізі 2. Средняя треть передней центральной извилины 3. Жұлынның мойындық қалыңдауындағы алдыңғы мүйізі 4. Жұлынның мойындық қалыңдауындағы артқы мүйізі 5. Жұлынның белдік қалыңдауындағы алдыңғы мүйізі
1.2.9.2 Бұл жолдың орталық нейроны прецентральді йірімде орналасқан,бұл нейронның аксоны тізе арқылы және ішкі капсуланың артқы бөлігінің 2/3 жерінен өтеді, ары қарай ми бағанының вентральді бөлігіне барады. Сопақша ми және жұлын деңгейінде аксон қарама қарсы жаққа өтеді, жұлынның бүйірлік қанаты құрамында жұлынның сәйкес сегментінің алдыңғы мүйізіне жетеді .Алдыңғы мүйізде импульстің екінші нейронға өтуі жүзеге асады. Екінші нейрон аксоны алдыңғы түбір деңгейінде алдыңғы мүйізден шығады, ары қарай өрім құрамында бұлшық еттерге жетеді және импульсті бұлшық еттік талшыққа жеткізеді.Қандай жол сипатталған? 1. Терең сезімталдық жолы 2. Қыртыстық-бұлшық еттік жол 3. Беткей сезімталдық жолы 4. Ретикуложұлындық жол 5. Қыртыстық - жұлындық жол
1.2.10.2 Науқастың аяғында активті қозғалыстар жоғалған. Аяқтарында бұлшық еттік тонус және сіңірлік рефлекстері жоғарлаған, тізе үсті тостағаншасы мен табан клонусы, екі жақтан Бабинский және Россолимо патологиялық рефлекстері анықталады. Құрсақтық рефлекстер сақталған. Жоғарыда аталған синдром қалай аталады? 1. Орталық гемипарез 2. Төменгі спастикалық парапарез 3. Төменгі әлсіз парапарез 4. Орталық тетрапарез 5. Астыңғы перифериялық парапарез
1.2.11.2 Прецентральді иірімнің төменгі бөлігінде бет, тіл, жұтқыншақ, көмей және шайнау бұлшық еттеріне импульстар жіберетін нейрондар орналасқан. Жоғарыда аталған жол ішкі капсуланың қай аймағында өтеді? 1. Санның артқы бетінің алдыңғы үштен бір бөлігі 2. Санның алдыңғы бетінің ортаңғы үштен бір бөлігі 3. Тізе 4. Санның алдыңғы бетінің артқы үштен бір бөлігі 5. Санның артқы бетінің ортаңғы үштен бір бөлігі
1.2.12.2 Науқасты 3 жыл ішінде жол көлік апатынан кейін оң жақ қол аяқтарында әлсіздік пен ұйуы мазалайды. Қарағанда: есі анық, бағдары дұрыс, қарашықтары OD=OS, көз алмасының қозғалысы толық, тілдің сол жаққа девиациясы бар. Оң жақ аяқ қол бұлшық еттерінің тонусы жоғарылаған. Қолында сіңірлік рефлекстері D>S, аяғында D>S . Оң жақ тізе тостағаншасы мен табанның клонусы.Оң жақтан Бабинский рефлексі оң. Оң жақ аяқ қолдарының күші 3 балл. Менингиальді белгілері жоқ. Оң жақтық гемигипестезия. Синдромальді диагноз қойыңыз: 1. Оң жақты спастикалық терең парапарезі 2. Оң жақты спастикалық шамалы парапарезі 3. Оң жақты спастикалық енжар парапарез 4. Төменгі спастикалық терең парапарезі 5. Оң жақты перифериялық шамалы гемипарез
1.2.13.3 1.2.5.3 58 жастағы науқас неврологиялық бөлімшеге аяғының салдануымен жеткізілді . Тексерілу кезінде: аяқтарда белсенді қозғалыстар жоқ, аяқтарда бұлшық еттік тонус жоғарылаған, тізе және ахилл рефлекстері жанданған. Табандар клонусы , Бабинский, Гордона, Шефер симптомдары оң. Аталған патологиялық синдромда тағықандай белгілер болуы мүмкін және неліктен? 1. атрофия, себебі науқаста перифериялық паралич 2. ЭНМГ- да дегенеративті өзгерістер, себебі науқаста перифериялық паралич 3. фибрилляции, себебі орталық паралич байқалады 4. синкинезии, себебі науқаста орталық паралич 5. фасцикулляции, себебі науқаста орталық паралич
1.2.14.3 1.2.6.3 32 жастағы ер адам стационарға сол аяғындағы әлсіздікке, жұтынудың қиындауына шағымданып келді. Ауырғанына 3 ай болды. Қарау кезінде: дизартрия, дисфагия, қол бұлшықеттері атрофияланған, тонусы төмендеген, 2 қолдағы сүйекаралық бұлшықеттің атрофиясы, иық белдеуі мен тіл бұлшықетінің фибрилярлы дірілдеуі байқалады. Қол мен аяқтағы терең сіңір рефлекстері жанданған. Бабинский, Опенгейм патологиялық белгілері анықталады. Қол аяқтағы парездің сипатын анықтаңыз және ол ОЖЖ қандай құрылысымен байланысты: 1. жоғарғы әлсіз, төменгі спастикалық парапарез – жұлынның алдыңғы мүйізінің қозғалтқыш жасушаларының таңдамалы зақымдалуы 2. жоғарғы спастикалық, төменгі әлсіз парапарез – пирамидті жолдардың таңдамалы зақымдалуы 3. жоғарғы әлсіз, төменгі спастикалық парапарез – мотонейрондар мен пирамидті жолдардың екі жақты таңдамалы зақымдалуы 4. жоғарғы спастикалық, төменгі әлсіз парапарез – Голль және Бурдах жолының таңдамалы зақымдалуы 5. төменгі спастикалық парапарез – Флексиг және Говерс жолдарының таңдамалы зақымдалуы
1.2.15.3 Науқаста қолда күш төмендеген, бұлшық еттерде атония, атрофия және фибриллярлы тартылулар , арефлексия байқалады. Патологиялық ошақ қайда орналасқан және жоғары аталған симптоматика неге дамыған? 1. Йықтық өрім, себебі мұнда қол бұлшық еттерін иннервациялайтын нерв талшықтары орналасқан 2. Алдыңғы ортаңғы иірімнің ортаңғы үштен бір бөлігі, себебі мұнда қолды иннервациялайтын орталық мотонейрондар денесі орналасқан 3. Жұлынның мойын бөлігінің алдыңғы мүйіздері, себебі мұнда қолды иннервациялайтын перифериялық мотонейрондар денесі орналасқан 4. Жұлынның мойын бөлігінің артқы мүйіздері, себебі мұнда қолды иннервациялайтын сезімтал мотонейрондар денесі орналасқан 5. Жұлынның мойын бөлігінің бүйір мүйіздері, себебі мұнда қолды иннервациялайтын вегетативті мотонейрондар денесі орналасқан
1.2.16.3 Науқаста аяқта күш төмендеген, бұлшық еттерде атония, атрофия және фибриллярлы тартылулар , арефлексия байқалады. Патологиялық ошақ қайда орналасқан және жоғары аталған симптоматика неге дамыған? 1. Сан өрімі, себебі мұнда аяқ бұлшық еттерін иннервациялайтын нерв талшықтары орналасқан 2. Алдыңғы ортаңғы иірімнің ортаңғы үштен бір бөлігі, себебі мұнда аяқты иннервациялайтын орталық мотонейрондар денесі орналасқан 3. Жұлынның мойын бөлігінің алдыңғы мүйіздері, себебі мұнда аяқты иннервациялайтын перифериялық мотонейрондар денесі орналасқан 4. Жұлынның мойын бөлігінің артқы мүйіздері, себебі мұнда аяқты иннервациялайтын сезімтал мотонейрондар денесі орналасқан 5. Жұлынның мойын бөлігінің бүйір мүйіздері, себебі мұнда аяқты иннервациялайтын вегетативті мотонейрондар денесі орналасқан
1.2.17.3 1.17.3 55 жастағы науқас аяқ қолдардағы әлсіздікке шағымданып келді.Әлсіздік үш ай бұрын пайда болған және біртіндеп күшейеді. Тексеру кезінде: сол жақ қолда бұлшық ет күшінің 3 баллға дейін және сол жақ аяқта 4 баллға дейін төмендеуі байқалады, сіңірлік және периостальді рефлекстер сол жақтан жандануы , сол жақ аяқ қолдарда бұлшық ет тонусының спастикалық тип бойынша жоғарылауы, сол жақтан Бабинский симптомы оң. Науқасқа қандай зерттеу әдісін және қандай мақсатпен тағайындау керек? 1.Оң жақ төбе бөлігінің көлемді түзілісін анықтау үшін бас миының КТ-сы 2. Сол жақ төбе бөлігінің көлемді түзілісін анықтау үшін бас миының ПЭТ-і 3. Оң жақ маңдай бөлігінің көлемді түзілісін анықтау үшін бас миының КТ-сы 4. Сол жақ маңдай бөлімінің көлемді түзілісін анықтау үшін бас миының МРТ-сы 5. Жұлынның көлемді түзілісін анықтау үшін жұлынның миелографиясы
1.2.18.3 Науқаста сол жақ аяқта бұлшық ет күшінің 2-3 баллға дейін төмендеуі, рефлекстердің жандануы, сол жақтан Бабинский симтомы анықталған. Парез сипатын анықтаңыз және бұл жүйке жүйесінің қандай құрылымдарының зақымдалуымен байланысты? 1. сол жақ алдыңғы ортаңғы иірім жоғарғы бөліктерінің зақымдалуы- сол жақ аяқтың орталық сипатты парезі 2. оң жақ алдыңғы ортаңғы иірім жоғарғы бөліктерінің зақымдалуы- сол жақ аяқтың орталық сипатты парезі 3. постцентральді иірімнің төменгі бөліктерінің зақымдалуы- сол жақ аяқтың орталық сипатты парезі 4. постцентральді иірімнің төменгі бөліктерінің зақымдалуы – орталық сипатты төменгі спастикалық парапарез 5. сол жақ алдыңғы ортаңғы иірімнің төменгі бөліктерінің зақымдалуы- орталық сипатты төменгі спастикалық парапарез
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.) |