Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.Содержание книги
Поиск на нашем сайте Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. 2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. 3. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып тәрбиелеу.Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету. Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация. Түрі:интеллектуалды ойын-сайыс
Ойын барысы: І. Ұйымдастыру. Бәйгеге түсіп жарыспай Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Тәрбие, тәлім табар мән. Бұл бәйге ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар. Ойынға 9 оқушы қатысады. Ойын V айналымнан тұрады. 1.Ұшқыр ой 2.Құпия сандық 3.Ойлан тап 4.Айшықты сөздер 5.Білгенге маржан
Ойын ережесімен таныстыру. Ойынды бастамас бұрын, әр оқушы өзін таныстырып кетсін.Болашақтағы ұстанымын, өзіне ұнайтын, сүйіп оқитын пәндерін айтып кетсін. Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз. І -айналым «Ұшқыр ой» Әр оқушыға ғылым салалары бойынша сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр оқушы ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді және әр жауапқа 2 ұпайдан алады.
ІІ айналым «Құпия сандық» Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр оқушыға кезекпен жасырылады.Әр жауапқа 2 ұпайдан қойылады.Егер қазақшасын немесе орысшасын ғана айтатын болса 1 ұпай беріледі. Осы айналымнан кейін 3 оқушымен қоштасамыз
1-о: Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2-о: Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
3-о: Бірін-бірі қоштаған, Бір үйден көрдім, Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
4-о: Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
5-о: Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6-о: Жолбарыстан аумайды, Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
7-о: Жеп көріп ем өзім мен, Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)
8-о: Бұлаңдаған құйрығы, Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
9-о: Әттең, даусым, тілім жоқ, Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
1-о:Суға батпайды, отқа жанбайды, Айнымайды шыныдан, қорғады тек жылыдан. (мұз-лед)
2-о: Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн-солнце)
3-о: Тігіп алып көк шатыр, Қызыл күрең доп жатыр. (қызылша-свекла)
4-о: 1 санға өсірді. Өзі қалып орнында, Бізді алға көшірді. (сынып-класс)
5-о: Сақталады алты ай жаз, Сандығымда сары аяз. (тоңазытқыш-холодилник)
6-о: Екі аяқпен кезек-кезек тебеді, Зыр жүгіре береді Ол тынымсыз домалап .(доп-мяч)
7-о: Ағайынды бес туыс Жамылатын тоны бар. Бесеуінде бес қуыс, Сырттан кірер жолы бар. (қолғап-перчатки)
8-о:Бір қораға қамалғандар, Жану үшін жаралғандар. (сіріңке-спички)
9-о:Қара ала тоны бар, Аңдардың ол ұзыны, Оны сенде танып ал (керік-жираф)
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.008 с.) |