Нұрлы жол» – Қазақстанның жаңа бағыты 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Нұрлы жол» – Қазақстанның жаңа бағыты

Поиск

Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену Концепциясы шеңберінде ұзақмерзімдік негізгі басымдықтарды атады.

Аталмыш жеті басым бағыттар – иннвациялық индустриаландыру, ауыл шаруашылығына инновацияларды енгізу, ғылыми экономиканы құру, агломерация, көлік, энергетика салаларында инфрақұрылымды дамыту, ШОБ, білім мен денсаулық сақтауды дамыту, мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру.

Алтыншы бағыт – білім беру мен денсаулық сақтауда бірнеше міндеттер белгіленген.

Бірінші – ұлттық білім беру жүйесін жақсарту.

«Бізді ұлттық білімнің барлық буындарының сапасын арттыру жөнінде үлкен жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай 3 пен 6 жас аралығындағы қазақстандық баларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сондықтан, оларға білім берудің қазіргі заманғы бағдарламалары мен әдістемелері, білікті мамандар қажет», – делінеді Жолдау мәтінінде.

Екіншіден, денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту.

«Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу туралы мәселені қолға алу қажет. Жұмысшының денсаулығына мемлекет, жұмыс беруші мен жұмысшының ортақ жауапкершілігі – медициналық қызмет көрсетудің тұтас жүйесінің басты принципі», – делінген құжатта.

Үшінші міндет – Мәдени саясаттың ұзақмерзімдік Концепциясын әзірлеп, онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ділін қалыптастыруға бағытталған шараларды айқындау, қазіргі заманғы мәдениет кластерлерін дамыту.

Төртінші – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жеңілдіктерін қайта қарау.

Бесіншіден, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек назар аудару қажет.

Мемлекет басшысы осы міндетті жүзеге асыру шеңберінде аталмыш жұмысқа Үкіметті, әкімдерді, әлеуметтік институттарды, бизнес-қауымдастықты, ҮЕҰ мен «Нұр Отан» партиясын жұмылдыруға шақырды.

«Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар жәрдемақы алып қана қоймай, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы қызметкер ретінде сезінетін болады. Біздегі әлеуметтік институттар, үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы осы жұмыспен шұғылданғануы қажет», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Жолдауында.

Сонымен қатар, Үкіметке 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы көлемін 25 пайызға көтеру тапсырылды.

Жетінші бағыт – мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру шеңберінде жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны жасау және жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерге, ұлттық компаниялар мен бюджеттік ұйымдарға меритократия принциптерін енгізу тапсырылды.

«Әлемнің дамыған 30 елі қатарына ену жолында мемлекетіміз бен қоғам алдында тұрған басты міндеттер осылар. Біз оларды заңмен нақтылы түрде көрсетіп, нақты шешімдер қабылдауымыз қажет», – деп атап өтті өз Жолдауында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев.

134 ҚР Президентінің «Нұрлы-жол Болашаққа-жол» жолдауындағы жаңа экономикалық саясаты

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.)