Кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері мен нысандары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері мен нысандары

2 – дәріс сабағы.

Сабақтың мақсаты:Кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен ұйымдық құқықтық нысандардың ерекшеліктерін және артықшылықтары мен кемшіліктерін ашып көрсету.

Негізгі түсініктер мен анықтамалар:

1. жеке дара кәсіпкерлік

2. бірлескен кәсіпкерлік

3. акционерлік қоғам

4. жауапкершілігі шектеулі серіктестік

5. қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

6. толық серіктестік

7. сенім (коммандиттік) серіктестік

8. өндірістік кооператив

9. мемлекеттік кәсіпорын

10. коммерциялық емес ұйым

11. концерн

12. синдикат

13. трест

14. холдинг

15. қаржылық өнеркәсіптік топ

Дәріс сабағының жоспары:

1. Кәсіпкерлік түрлері және оның ерекшеліктері

2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысаны

3. Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық нысаны

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Өзіндік кәсіпкерлікті бiр жеке тұлға өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлік жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негізінде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары:

- ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi;

- шаруа қожалығының ортақ бiрлескен меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғынжайға ортақ бiрлескен меншiк негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;

- жеке кәсiпкерлiк ортақ үлестiк меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай серiктестiк;

- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де нысандар.

Кәсіпкерлікті жүзеге асыру барысында қажетті ресурстар:

· еңбек ресурстары;

· материалдық ресурстар;

· техника-технологиялық ресурстар;

· қаржы ресурстары;

· ақпараттық ресурстар.

Кәсіпкерлікті бірнеше сипаттары бойынша жіктеуге болады:

Кәсіпкерлік мақсатына байланысты:

· өндірістік кәсіпкерлік;

· коммерциялық кәсіпкерлік;

· қаржылық кәсіпкерлік;

· консультативтік кәсіпкерлік.

Меншік иелену санына байланысты:

· жеке кәсіпкерлік;

· ұжымдық немесе бірлескен кәсіпкерлік;

Ұйымдық-құқықтық нысандарына байланысты:

· мемлекеттік;

· шаруашылық серіктестіктер;

· акционерлік қоғам;

· өндірістік кооператив.

Ұжымдық-экономикаалық нысандарына байланысты:

· концерн;

· трест;

· ассоциация;

· синдикат;

· консорцум;

· картель;

· қаржы-өнеркәсіптік топ.

Кәсіпкерліктің көлеміне байланысты:

· ірі;

· орта;

· шағын.

Кәсіпорын тек экономиканың шаруашылық субъектісі ғана емес, сонымен бірге ол заңды тұлға. ҚР Азаматтық кодексінің 33-бабына сәйкес заңды тұлға болып табылатын ұйым:

- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар;

- сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап береді;

- өз атауынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады;

- сотта талапкер және жауапкер бола алады;

- дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.

Заңды тұлға өз қызметін жарғысы және құрылтай шарты негізінде, немесе егер заңды тұлғаны бір тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде рәсімделген шешімі негізінде жүзеге асырады.

Барлық заңды тұлғалар қызмет ету мақсаттарына байланысты:

- коммерциялық ұйым – қызметінің негізгі мақсаты табыс келтіруді көздейді;

- коммерциялық емес ұйым – қызметінің негізгі мақсаты пайда келтіру ғана емес және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым.  

Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары төменде көрсетілген.

 

 

Шаруашылық серiктестiк деп жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым. Шаруашылық серiктестiктер толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк пен қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкті бiр тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.

Толық серiктестiк толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк түрі.

Сенiм серiктестiгi серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк түрі.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк бiр немесе бiрнеше адам құруы мүмкін, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнетін серiктестiк түрі. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.

Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап береді, ал бұл қаржылар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк түрі.

Акционерлiк қоғам өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционерлiк қоғамның акционерлерi оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi.

Өндiрiстiк кооператив азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiк. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс.

Мемлекеттiк кәсiпорындар 1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделуі мүмкін және 2) оралымды басқару құқығына негiзделуі мүмкін (қазыналық кәсiпорын). Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды.

Мекеме басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшiн өзінің құрылтайшысы құрған және қаржыландыратын ұйым.

Қоғамдық бiрлестiктер саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады.

Қор азаматтар немесе заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамға пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi болмайтын коммерциялық емес ұйым. Қор заңды тұлға болып табылады, яғни азаматтық айналымда қордың органдары өкілдік етеді, оның дербес балансы және банк шоты болады.

Тұтыну кооперативi қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (үлестiк) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жыл сайынғы баланс бекiтiлгеннен кейiн пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай iшiнде жабуға мiндеттi. Бұл мiндеттердi орындамаған ретте кооператив несие берушiлердiң талабы бойынша сот тәртiбiмен таратылуы мүмкiн.

Дiни бiрлестiкрухани қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде, заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша бiрiккен азаматтардың ерiктi түрдегi бiрлестiгi.

Жеке кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгiжеке кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделерiн бiлдiру мен қорғау мақсатында құрылған қауымдастықтар (одақтар).

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Кәсіпкерліктің қызмет түріне байланысты бөлінуінің негізінде, әр түріне кәсіпорындарды мысалға келтіре отырып, сипаттама беріңіздер.

2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары анықтамалары, ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері

3. Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық нысандары анықтамалары, ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері

4. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңіздер

5. Заңды және жеке тұлға түсінігі мен олардың белгілерін, ерекшеліктерін атаңыздар

6. Шаруашылық серіктестік сипаттамасын келтіріп, түрлерінің ерекшеліктеріне тоқталыңыздар

7. Акционерлік қоғам сипаттамасын келтіріп, ерекшеліктерін қарастырыңыздар

8. Концерн, холдинг және қаржылық-өндірістік тобы арасындағы айырмашылықтары қандай? Кәсіпкерліктің мұндай бірлестіктерінің мақсаттары қандай? Кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін мұндай бірлестіктер ұйымдық құқықтық нысанында тіркелуі мүмкін?

9. Кәсіпкерліктің B2C, B2B және B2G түрлеріне толық анықтама беріңіздер.

10. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық нысандарына ҚР бойынша нақты кәсіпорындармен мысал келтіріңіздер

Әдебиеттер:

1. Куратко Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика. 10-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл – 480 бет

2. А.М. Есиркепова / Кәсіпкерлік: Оқу құралы. – Қарағанды: «Ақнұр баспасы». – 2017. – 268 бет.

3. А.Н. Токсанова Основы предпринимательской деятельности. – Астана, 2007. – 480 с.

4. А. А. Нұрғалиева, Б. С. Корабаев Кәсіпкерлік. оқу құралы / Алматы : Экономика, 2016. - 275, [1] б.

5. ҚР Кәсіпкерлік кодексі. 29.10.2015ж (01.08.2019ж. толықтырулар және өзгерістермен ) https://egov.kz

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.009 с.)