Мәтіні: Ойын негіздері. Есептеп отырып ойнау. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мәтіні: Ойын негіздері. Есептеп отырып ойнау.

Поиск

    Мәтіні: Ойын негіздері. Есептеп отырып ойнау.

«Тоғызқұмалақ» ойынында жүрісті есепеу жолы өте көп. Тек өз жүрісінің ғана мақсатын белгілеу, есептеу керек емес, қарсы жақтың да мақсатын біліп, жүрісін мұқият есептеп отыру керек. Бұл принципті сақтамаған жағдайда, яғни есептен жаңылу және есептеуде қателер жіберу ұтылысқа әкеліп соқтырады. Мысал ретінде мына төмендегі позицияны (№26 – диаграмма) алып қарайық:

  9   8    7    6   5    4    3    2      1                             

 

Х

 

 

х

 

 

  1   2    3     4       5     6    7      8      9          №26 – диаграмма

Екі жақтың отауларында он-оннан құмалақтары бар. Жүріс қара жағынан.

Қара жағы ойынды өз пайдасына шешу үшін отаудағы құмалақтардан 6 құмалақ, ал ойынды тең аяқтау үшін 5 құмалақ ұтып алса болғаны. Мұндай позицияда ақ жағы қара жағын тек атсыратып қана, яғни қалған құмалақтарын 9-отауға жинаған жағдайда ғана ұта алады. Бұл жерде қара түспен ойнаушы талапкер ойлануға тиіс. Егер қара жағы да құмалақтарын 9-отауға жинамақшы болса, қара жағы атсырап ұтылып қалады.Оны есептеп көруге болады.

   Сонымен мұндай позициядан (№26 – диаграмма) қара жағының ойынды өз пайдасына шешетін ешбір мардымды варианты жоқ екен. Енді ол ойынды тең аяқтау мүмкіншілігін іздестіруі керек. Егер тереңірек, табанды ойланса мұндай жол бар екен, ол құмалақтарын 7-отауға жинап, үнемі қарсыласының отауына шабуыл жасап тұрса, мынадай жүрістер жүріліп, қара жағы қазанына 5 құмалақ қосады да ойынды тең аяқтайды:

                Ақ жағы:                           Қара жағы:

1.  …                                   62-73

2. 12-24!!                            61-74!!

3. 11-25!                              53-75!

4. 25-63                               75:22

5. 11-21                               61-72

6.  ……

19. …                                  62-75

20. 21-3x                              61-76

21. 00                                   76-3x

 Ал ақ жағының 12-24 жүрісі өте күшті жүріс, 11-25 жүрісін күшті жүріс деп есептеуіміздің себебі онда «тұздықтың» артындағы 1-ші және 2-ші отаулардағы құмалақтарды дер кезінде дұрыс пайдаланып, барлық мүмкін болатын тиісті жүрістердің санын азайтқан жоқ.

№21 сабақ

Тақырыбы: Тактикалық тәсілдер. Комбинация құру.

      Мақсаты: Оқушыларды ойын күрделігімен жақынырақ таныстырып, олардың логикалық ойлау шеберлігін шыңдау.

       Керекті құрал: Ойын тақтасы.

       Мәтіні: Ойынның басталуы да, өрбуі де қарсы жақтар үшін ойдағыдай өтіп жатады. Төніп тұрған қауіп те білінбейді. Ал бір сәт ойыншы екінші қарсыласының өте күшті жүрісінен соң құтылуға жол таппай, аңтарылып қалады. Мұннан соң қарсыласының әр жүрісі тақтадағы позицияларды өзгертіп, күштердің ара салмағын да өз жағына бұрып алады. Ал екінші ойыншы: «Менің тақтадағы жағдайым жақсы еді, комбинацияны байқамай қалдым ...» деп өкінеді. Міне, комбинацияның күші де сонда.

Осы айтылғандай, комбинация жоқ жерден тумайды. Бұл есептеу ойынның заңды өріс алуы.

Тактикалық тәсілдердің ішіндегі ең күрделісі және маңызды да осы комбинация жасау болып табылады. Комбинация дегеніміз – көздеген мақсатқа жылдам жеткізетін бірнеше ойлы жүрістердің нәтижесі.

  «Аңдысын – аңдап тап берді» демекші, комбинация алғы шартсыз, бірден жасалмайды. Тақтадағы позиция комбинация жасауға келгенде ғана ойыншы қажет жүріске бекінеді. Әрине, қарсы жақтың әлсіз жерін тауып, комбинация жасамаса болмайды. Ал қарсы жағының отауларынан комбинация жасауға лайық позиция қарастыратын да ойыншының өзі. Яғни, ойыншы ең алғаш комбинацияның алғы шартын жасап алу керек. Дәлірек айтқанда, әр жүрісімен қарсы жақтың отауларынан құмалақтардың орналасуын өзіне тиімді етіп өзгертіп отыруы қажет. Ал уақыты келді-ау дегенде комбинациялы жүрісті бастап кетеді.

  Комбинация екі кезеңнен тұрады.

1. Әзірлік кезеңі. Бұл кезеңде комбинацияны жасауға қажетті позиция дайындалады немесе тақтадағы дайын позициядан комбинация жолдары іздестіріледі.

2. Мақсатқа жету кезеңі. Бұл кезеңде мақсатқа жету үшін ойын барысындағы тактикалық тәсілдерді («байлау», «айырбастау») қолдана отырып, қарсы жақтың немесе өз жағының отауларында жатқан құмалақтардың санын өзгерту қажет. Бұл әрекет көбінесе отауда жатқан құмалақтарды беру арқылы жүзеге асады. Белгілі бір отауда жатқан құмалақтарды жеуге берген кезде отаулардағы құмалақтардың саны өзгереді, осыдан барып комбинация жасауға қолайлы жағдай туады. Төмендегі мысалда (№27 – диаграмма) жүріс қара жағынан. Бұл жерде қара жағы көп құмалақ ұту үшін комбинация қалай жасайды екен.

 

  9   8   7    6    5      4     3    2    1                             

х

 

 

х

1    2    3    4    5    6      7    8    9      №27 – диаграмма

 

Диаграммадан көргендей ақ жағының 3 және 4-отауларындағы «бай» құмалақтарының жүрістері тарылып тұрғандығы (жүрсе өз отауларына қайта келіп түседі) қара жағын комбинация жасауға итермелейді. Қара жағы қарсыласының 4-отауына «байлау» әдісін қолданып, отауына шабуыл жасауды ойланады. Бұл жеңіске жеткізуі тиіс. Шынында, солай ма?

1. ...72-84! Бұл жүріс ештеңе сездірмейді.

2. 64-73. Бұл жүрісте заңды. 2. ...27-85 құмалақтарын «құрбандыққа» беріп тұр.

3. 96:56. Ақ жағы алады. 3. ...85-319!

Міне, комбинациядағы шешуші жүріс осы. Қара жағы бесінші отаудан алты құмалақ беру арқылы ойға алған ісін (4-отауын «байлады», 3-отауға қауіп төндірді) орындады. 4. 25-61 410:418. Егер 4. 319-32 жүрсе, бәрі-бір 4. ... 311:418. Ал 4. 416-15 жүрсе онда да4. ... 94:320

     Сөйтіп, қара жағы комбинация нәтижесінде бірден 20 құмалақ ұтып алды.

№22 сабақ



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 46; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)