Мемлекеттік басару мен мемлекеттік менеджмент түсініктерінің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін сипаттаңыз (өз ойым) 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мемлекеттік басару мен мемлекеттік менеджмент түсініктерінің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін сипаттаңыз (өз ойым)

Поиск

17. Мемлекеттік басару мен мемлекеттік менеджмент түсініктерінің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін сипаттаңыз (өз ойым)

18. Басқарудың классикалық (әкімшілік) басқару мектебі өкілдерінің негізгі идеялары

Басқарудағы классикалық немесе әкімшілік мектебі (1920-1950 жылдар)

Тейлор мен Гилбрет өз қызмет сатыларын қарапайым жұмысшыдан бастады, бұл әрине олардың ұйымды басқару туралы түсініктеріне әсер етті. Оларға қарағанда, классикалық мектеп ретінде өте әйгілі әкімшілік басқарудағы мектептің құраушылары болып есептелетін авторлар үлкен бизнесте басшылықтың жоғары буын жетекшілері ретінде қызмет атқарып, үлкен тәжірибе жинақтаған. Бұл мектептің пайда болуын соның есімімен байланыстыратын және кей кезде менеджменттің әкесі деп атайтын Анри Файоль (1841-1925) көмір өндіру жөніндегі ірі француз компаниясына жетекшілік еткен. Линдалл Урвик Англияда басқару жөнінде консультант болды. А.И.Рейлимен бірге жұмыс жасаған Джеймс Д.Муни Алфред П.Слоунның жетекшілігінде, «Дженерал Моторс» компаниясында жұмыс істеді. Олардың басты жұмыстары ұйымның жалпы жұмысына қатысты үлкен мағынадағы тиімділік болды.

Классикалық мектептің жақтаушылары ғылыми басқаруды жазғандар сияқты басқарудың әлеуметтік аспектілері туралы аса бас қатырған жоқ. Көбінесе олардың жұмыстары ғылыми әдістемеге емес, өздерінің қадағалауларына сүйенеді. Классиктер ұйымның жалпы сипаттамасы мен заңдылықтарын анықтауға ұмтылып, ұйымға кең перспектива тұрғысынан қарауға тырысты, классикалық мектептің мақсаты басқарудың әмбебап қағидаларын қалыптастыру болды. Ол бұл қағидаға сүйену ұйымды сенімді түрде жетістікке жеткізеді деген идеядан туындады.

Файоль басты назарын қызметкерлерді басқаруға, оның ішінде әкімшілік кадрларға аударды. Оның пікірі бойынша, басқарушылар кеңесі мынадай қасиеттерді бойына сіңіру қажет: физикалық (денсаулық, қуаттылық, сыртқы пішіні), ақылды (түсіну және қызып алу, сергек ой, қуатты ойлану және бейімделу) моральды (қуаттылық, бекімді, өзіне жауапкершілік алуға дайын болу, ынталылық, сыпайылық, тәсілгерлік өз қасиеттерін сезіне білуі), білімді (атқаратын қызметке қатысы жоқ мәселелерге жалпылай қанық болу) және (істеп жүрген жұмысынан алған) тәжірибе.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)