Тапсырма №2: дәрігер Мен пациент арасындағы диалог 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тапсырма №2: дәрігер Мен пациент арасындағы диалог

Тапсырма №2: Дәрігер мен пациент арасындағы диалог

Орындаған:Досжанова.С

Тексерген: Абсатарова Г.П

 

Дәрігер: Салеметсіз бе! Мен терапия бөлімінің терапевт дәрігері,есімім Досжанова Сымбат.Сіздің аты-жөніңіз? Туған жылыңыз?

Пациент: Ермекбаев Асхат Біржанұлы. 27.10.1989

Дәрігер: Мекен-жайыңыз?

Пациент:Байсеиітова көшесі,56 үй

Дәрігер: Жумыс орныңыз?

Пациент: Ол соншалықты маңызды ма?

Дәрігер: Ия Асхат мырза,ол сіздің медициналық кітапшаңызға жазылады.

Пациент: Жандосова 72 көшесінде «Вираж» мейрамханасында официант болып жұмыс істеймін.

Дәрігер: Сізді не мазалайды? Шағымдарыңыз қандай,сізді мұқият тыңдап отырмын?

Пациент: Менің асқазаным қатты ауырады. Мен ештеңе жей алмаймын. Аузыма жиі ащы дәм келіп тұрады.Ешнәрсеге зауқым жоқ,өзімді әлсіз сезінемін.

Дәрігер: Сіз қай жерде ауырсынуды сезінесіз, эпигастрий аймағында немесе оң жақтағы қабырға астында?

Пациент: Әр кезде әртүрлі эпигастрий аймағында да,оң жақтан да сезінемін.

Дәрігер: Бұл шағымдарыңыз қашаннан бері мазалап жүр?

Пациент: 2 ай көлемінде,басында аса мазаламайтын.Бірақ уақыт өте келе күшейе түсті.

Дәрігер: Асқазан астындағы ауыру сезімін сипаттап бере аласыз ба?Өткір ме,әлде сыздаған ауыру сезімі ма?

Науқас: Асқазанда өткір ауыру сезімі. Жиі төмен тартып ауырады, тамақтан кейін ауырлық сезімі болады.

Дәрігер: Ауырсыну қанша уақытқа созылады?

Науқас: Әртүрлі,кейде қысқа уақыт ғана,кейде ұзаққа созылуы мүмкін.Бірақ бір сағаттан аспайды.

Дәрігер: Тәулігіне неше рет қайталанады?

Науқас: Мен қайдан білемін,санамаймын неше рет болатынын.

Дәрігер: Сабыр сақтаңыз өтінемін.Мүмкін онда тәуліктің бір мезгілінде ерекше қатты ауыратын шығар,есіңізге түсіріп көресіз бе?

Науқас: Кешқұрым және көбінесе тамақ қабылдағаннан кейін.

Дәрігер: Қандай тағамнан кейін ауырсыну жиі басталады: майлы, қуырылған немесе ащы?

Науқас: Майлы және қуырылғаннан кейін. Әсіресе тұзды, қышқыл және ащыдан кейін.

Дәрігер: Сіздің тамақ ішу режиміңіз қандай: үнемі немесе жүйелі түрде тамақтанасыз ба? Сіз жиі тамақтанасыз ба? Сіз құрғақ тамақ жейсіз бе?

Науқас: Режимді аса сақтамаймын. Күніне 1-2 рет тамақтанамын. Жұмыста ия көбінесе құрғақ тамақ ішемін.

Дәрігер: Сізде жүрек айну, құсу бар ма?Қай кезде құсу жиі болады: таңертең немесе күні бойы?Таңертең аш қарынға немесе тамақ ішкеннен кейін бе?

Науқас: Ия, кейде болады жүрек айну да,құсу да.Таңертең - аш қарынға, ал түстен кейін - тамақтанғаннан кейін 20 минут, кейде екі сағаттан кейін.

Дәрігер: Сізде қандай құсу болады,консистенциясы: шырыш немесе  жеген тамақ?

Науқас: Жеген тамағым

Дәрігер: Құсық көп бола немесе шамалы ма?

Науқас: Әртүрлі.

Дәрігер: Құсық қандай түсті? 

Науқас: Қоңырқай түсті.

Дәрігер: Эпигастрий аймағында толып кету сезімі болады ма?

Науқас: Ия.

Дәрігер: Сізде асқазанда қыжыл сезімі байқалады ма?

Науқас: Ия,болып турады

Дәрігер: Қандай тағам түрін қабылдағаннан кейін?

Науқас: Қуырылған тағамнан кейін.

Дәрігер: Қыжылға қарсы бірдене қабылдайсыз ба?

Науқас: Ия,ас содасын ішемін суға араластырып,басылады бірақ біраз уақыттан кейін қайта басталады.

Дәрігер: Кекіру болады ма?

Науқас: Ия.

Дәрігер: Кекіру ауамен,қышқылмен немесе жеген тағаммен байқалады ма?

Науқас: Ауамен көбінесе.

Дәрігер: Үлкен дәретке жиі әлде сирек барасыз ба?

Науқас: Сұрақтарыңыз біртүрлі екен.Сіз осы мені емдейсіз ба әлде жоқ па?

Дәрігер: Кешірерсіз Асхат мырза,бұл біздің жұмысымыз анық-қанығына жету мәселенің. Сізде іш қату немесе іш өту жиі болып турады ма?

Науқас: Ия жиі байқалады.

Дәрігер: Сіз ауыру сезімін басу үшін қандай ба бір дәрілер қабылдадыңыз ба және қандай есіңізге түсіре аласыз ба?

Науқас:Есімде бәрін сақтауым керек па,жоқ есімде.Әутеуір бір дәрі қабылдадым.

Дәрігер: Ол дәрі әсер етті ме?

Науқас: Қысқа уақытқа ғана.

Дәрігер: Сізде,ата-анаңызда белгілі бір тұқым қуалайтын ауруларыңыз бар ма?

Науқас: Ол не үшін керек?

Дәрігер: Тағайындайтын еміңізге байланысты.Егер болса өзгерістер енгіземіз.

Науқас: Мен білсем,ондай аурулар жоқ.

Дәрігер: Туберкулез,гепатит,венерологиялық ауруларыңыз болды ма?

Науқас: Жок.

Дәрігер: Қан құйылулар ше?

Науқас: Жоқ.

Дәрігер: Белгілі бір дәрілерге немесе тағам түрлеріне аллергияңыз бар ма?

Науқас: Жоқ,байқамадым.

Осыдан кейін дәрігер науқасқа обьектівті тексерулер өткізді. Жалпы қарады,палпация,пеккуссия,аускультация жасады.

Жалпы қарау жүйелер бойынша:

-жүрек-қантамыр жүйесі

-тыныс-алу жүйесі

-ас қорыту жүйесі

-зәр шығару жүйесі

-жүйке жүйесі

Науқастың болжама диагнозы:Созылмалы беткей гастрит

Дәрігер осыдан кейін науқасқа лабараториялық және физикалық тексеріс жүргізуге жолдама береді. Ол жалпы қан анализі,жалпы зәр анализі,биохимиялық қан анализі,копрограмма.

ФГДС (фиброгастродуоденоскопия) және іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.009 с.)