Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Теңгені тұрақтандырудың тетіктерін жетілдіруСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Ақша- кредит саясаты бойынша стратегиялық шешімдерді жетілдіру әдеттегідей орталық банктердің басқармалары қабылдайды, ал пайыздық мөлшерлемелер бойынша шешімді ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет қабылдайды. Ақша-кредит саясаты жөніндегі жекелеген шешімдер қабылданады: - кредит саясаты саласында шешімдерді осы сала сарапшыларының қабылдауына өкілеттік беруді білдіреді. Кейбір елдерде (Ұлыбритания) Ақша - кредит саясаты жөніндегі комитеттің мүшелеріне заңнамалық деңгейде ақша - кредит саясаты саласындағы тәжірибесі мен біліміне қатысты нақты талаптар қойылады. Басқа елдерде (Армения, Филиппин) ақша -кредит саясаты жөніндегі комитет немесе техникалық сарапшылардың консультативтік комитеті басқармаға ұсынымдар береді, ол ақша-кредит саясаты саласында шешімдер қабылдауға ресми жауапты болады.
Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет белгілеген стратегия шеңберінде жедел шешімдер қабылдау үшін Ақша нарығы жөніндегі комитет құрылатын болады. Аталған Комитеттің құзыретіне мынадай мәселелер кіретін болады: 1) банк секторының өтімділігін бағалау; 2) ішкі және сыртқы қаржы нарықтарында орын алған ахуалды талдау; 3) ақша және валюта нарықтарындағы операциялардың көлемдерін айқындау; 4) ақша-кредит саясаты құралдарының тізбесін, сондай-ақ көрсетілген құралдар бойынша кепілдегі активтердің тізбесін белгілеу және бекіту кіреді.
Коммуникация және жарияланымдар Орталықтың коммуникациялық стратегиясы инфляциялық таргеттеу режімінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылып, келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағдарланған: - инфляциялық болжамдарды басқару; - ұлттық валютаға деген сенімді және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдау; - ақша-несие саясатын жүргізудің ашықтығы мен тұтастығын қамтамасыз жасау; - ұлттық банк тарапынан іс-қимылдардың болжауына қол жеткізу; - ұлттық банктің позитивті имиджін қалыптастыру және беделін қорғау.
Қазіргі уақытта Ұлттық Банк тұрақты негізде ақша-кредит саясаты мәселелері бойынша коммуникацияның түрлі құралдарын қолданады: Инфляциялық таргеттеуге көшу кезінде Ұлттық Банктің коммуникациялық стратегиясының негізгі мақсаттары: - экономикалық агенттердің басымдықтарын айырбастау бағамынан инфляцияға ығыстыру; - экономикалық агенттердің инфляциялық болжамдарын төмен деңгейде бекіту болады.
ҚОРЫТЫНДЫ Магистрлік диссертацияда Қазақстанның қаржы нарығына теңгенің еркін бағамының әсері тұрақтандыруға байланысты жүргізілген зерттеу мынадай тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді: - біріншіден, банктердің меншікті капиталдарының жеткіліктігі коэффициенттерін кемінде екі есеге көтеру; екіншіден, капитал деңгейін ұлғайту мақсатында шығарылатын акциялардың орналастырылуына мемлекет тарапынан қолдаулар көрсету; үшіншіден, капиталы өте төмен банктердің өзара бірігуі немесе қайта ұйымдастырылуы шараларын қарастыру.
Қазақстандық банктердің депозиттік қоржындарын басқару жүйесі мынадай элементтер есебінен жетілдіруді қажет етеді: депозиттік операциялармен байланысты тәуекелдің түрлерін бағалауды жетілдіру, банктің ақпараттық базасына қойылатын талаптарды күшейту, депозиттік операциялар бойынша жүргізілетін депозиттік саясатты оңтайландыру. Қазақстан қаржы секторының әлеуетін толыққанды іске асыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін активтер сапасының мәселесін реттеу, қорландыру базасының орнықтылығын арттыру, Базель III стандарттарына, қаржы нарығындағы басқа халықаралық стандарттарға өтуді және қаржы ұйымдарының активтер мен капиталдың рентабельділігін ұлғайтуға бағытталған бизнес-стратегияларын жетілдіруді қамтамасыз ету қажет.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 38; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.007 с.) |