д/о «Менің орным қайда?». Тапсырма.«Олар не істеді?». Тапсырма. Буындарды оқы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

д/о «Менің орным қайда?». Тапсырма.«Олар не істеді?». Тапсырма. Буындарды оқы

Поиск

 

Тақырыбы: Л, л дыбысы мен әрпі

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сауат ашу»

Тақырыбы: Л, л дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру..

Білімділік:Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық: Ойын арқылы тілдерін, ой-өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

 

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, сергіту, қорыту,мнемотехнология.

Сөздік жұмыс: Л дыбысы кездесетін сөздер

Көрнекіліктер: Л әрпінің баспа түрлері, суреттер, текшелер, карточкалар. «Сауат ашу. Әліппе-дәптер».

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық қозғаушы

 

Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

Жылулық шеңбері:

-Балалар қәнекей бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп,көтеріңкі көңіл күй сыйлайықшы.

Бақыт деген осы шаттық шеңбері

Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері

Бақыт деген көрмей қалса сағынып,

Мен іздейтін адал жүрек сендегі.

-Балалар бүгінгі келген қонақтармен сәлемдесейік.

-Балалар бүгін бізде сауат ашу оқу іс-әрекеті.

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Өтілген дыбыстарды еске түсіру.
Ойын: «Сөз ойла – тез ойла!»
А – ата, апа, алма, асқабақ, алмұрт…
Т – тауық, ата, тырма…
Н – нан, ана, науа…
П – парта, апа, піл…

Ғ – ғарыш, ғарышкер, аға…
Р – рауан, ара, зымыран…
Біз өткен оқу іс-әрекетінде.қандай дыбыспен танысып едік есімізге түсірейікші

-Дұрыс айтасыңдар.(Р-дыбысын тақтаға ілу)

-«Р» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па?

-Дұрыс айтасыңдар.

«Р» дыбысын қандай текшемен белгілейміз?

«Р» әріпінен,және кездесетін сөздерді маган кім айтып береді?

Алдымен қазақ алфавитінде неше әріп бар? -Балалар, дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты, дауыссыз дыбыстар деген не?

Сөз неден құралады?

Буын деген не?

Сөйлем деген не?

Жаңа сабақ:

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар, жауабын шешуге маған көмектесіңдер

«Мә-мә»деген әні бар

Секірер ор, жары бар

Селтеңдейді құлағы

Секіргіш бір жануар

Ол не екен балалар?

1 видеоШөре-шөре лағым

Тентек болма шырағым

Секетемей деміңді ал

Селтеңдемей құлағың

Өлең не жайында айтылған?

Дұрыс лақ жайында

«Лақ»сөзін айтып көрейікші

-Балалар «Лақ» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз?

Слайд:«Л»дыбысын айнаға қарап тұрып қайталайықшы

-«Л» дыбысы қалай айтылып тұр?

Езуімізді жиырамыз, тістерімізді бір-біріне жақындатамыз. «Л» деп айтамыз
Л дыбысына дыбыстық артикульяция жасау. Кедергімен бе ,әлде кедергісіз бе?

-Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.

-Өте жақсы, олай болса «Л»дыбыс қандай дыбыс екен?

-«Л» дыбысы дауыссыз дыбыс болса онда оны қандай текшемен белгілейміз?

Тіл ұстарту жаттығулары:

1.Ла, ла,ла-бұл әдепті бала,

Лу, лу, лу-біздің Нұрай сұлу.

2.Ра-ра келді ара

Ла-ла араның усті ала

2 слайд.Лдыбысы неге ұқсайды

-Балалар мынау «Л» дыбысының әріп таңбасы, мынау баспа түрі,ал мынау жазба түрі

д/о «Менің орным қайда?»

дұрыс, балалар л-дыбысы сөздің басында ортасында аяғында да кездеседі.

– Мысалы: лақ сөзінде л дыбысы сөздің басында келеді ал, бал сөзінде сөздің аяғында , балапан сөзінде сөздің ортасында келеді.

1. Тапсырма «Дыбыстық талдау»

Тал,алға,лала

( үтел-үстінде)

2.Тапсырма.«Олар не істеді?»

Сөйлем құрау.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.)