Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Іі тіл дамыту ӘдістемесініҢ міндеттері мен ӘдістеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте ІІ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері Тіл дамыту әдістемесі мектеп жасына дейінгі балаларды сауатты сөйлеуге үйрету үшін мына міндеттер жүзеге асырылады, осы міндеттер тіл дамыту әдістемесінің мазмұнын құрайды. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту. Баланың күнделікті өмірден алған әсерін, үйренген жаңа сөздерін анықтай отырып, жаңа сөздер үйрету балабақшадағы тіл дамыту сабақтарында және сабақтан тыс кезде жүзеге асырылып отыруы қажет. Баланың сөздік қорын дамыту оның айналадан алған әсерімен тікелей байланысты. Сондықтан сөздік қорды молайтуда, адамдардың еңбек процестері, табиғат құбылыстарын бақылату, топ саяхаттық сабақтар өткізу басты рөл атқарады. Мұндай сабақтарда балалар жаңа объектілермен танысады. Үйренген сөздерін естеріне тиүсіріп бекітеді. Айналадағы заттар мен құбылыстардың белгілері сан - сапа өзгерістері қайда неден жасалатындықтары кімдер жасайтындықтары жайында жаңа бірнеше сөздер үйреніп, білім дағдылар кеңейеді. Сөйтіп олардың өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Еңбек адамдарына құрмет көрсеруге, табиғатқа қамқорлық жасауға үйренеді. Тәрбиеші тіл дамыту сабақтарында балаларға тек қана жаңа сөздерді үйретіп қана қоймай сол үйретілген жаңа сөздердің балалардың есінде ұзақ сақталуына жағдай жасау керек. Ол үшін үйретілген әр бір жаңа сөзді белгілі уақытта қайталап отыру керек. 2. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету. Байланыстырып сөйлеуге үйрету екі түрге бөлінеді : Екі не одан да көп адамдардың сөйлесуі - диалогты сөйлесу деп аталады. Мұндай сөзге үйрету алдын – ала әзірленген арнайы сабақтар арқылы да әзірленбеген әңгімелесулер арқылы жүзеге асырылады. Баланы жуындырғанда, киіндіргенде. Тамақтандырғанда, серуенге шығарғанда, ертеңгілік қабылдауда, кешке алып кеткенше әңгімелесу. Мектеп жасына дейінгі байланыстырып сөйлеуге үйретудің екінші түрі – монолог. Монолог – бір адамның байланыстара сөйлеген сөзі. Мұндай сөйлесудің мақсаты белгілі бір факт оқиға жөнінде баяндау. Байланыстырып сөйлеудің бұл түріне қайталап айту ойдан шығарып айту әдістері қолданылады. Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту. Әр бір тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағынасын білу аз. Сонымен бірге осы сөздердің грамматикалық мағынасын түсіндіру керек. Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз – сөздердің байланысқа түскендегі мағынасы. Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің грамматикалық формасын меңгерту дидактикалық ойындар, грамматикалық жаттығулар арқылы жүзеге асырылады. Мектепке барғанға дейін балаларға ереже айтылмайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру. Бұл міндет бойынша мектеп жасына дейінгі бала жеке құбылыстардың, буындарды, сөздерді дұрыс айтуға үйренеді және дыбыстық мәдениетті қалыптастыруда тәрбиешінің өзінің сөзді анық , қатесіз айтуға басты роль атқарады. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетті таныстыру. Бұл міндет тәрбиешінің баяндауы немесе мәнерлеп оқуы арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар мектепке барғанға дейін бала оқылған әр бір шығарма бойынша толық баяндама айтуға, сол шығарманың оқиғасына деген пікірін білдіруге дағдыланады. Жалпы баланың көркем әдебиетпен таныстығы тақпақтар, шағын ертегілермен танысудан басталады. Сонымен қатар көркем әдебиет балаларға педагогикалық әсер берудің тиімді құралы . көркем шығармаларды оқу арқылы бала жалқаулық, қорқақатық, өзімшілдік сияқты жағымсыз әдеттерден жиіркеніп, жақсы мінез құлыққа тәрбиеленеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашуға даярлау. Балабақшада жүргізілетін жұмыстардың барлығы баланы мектепке даярлауды көздейді. Сондықтан ересек тобынан бастап тіл дамыту сабақтарында сауат ашу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Тіл дамыту әдістерін талдау, жинақтау әдісіне сәйкес балалар сөздерді буындарға, дыбыстарға бөле отырып, сөйлем құрауға үйренеді. Осы аталған міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, сөздің дыбыстық мәдениетін балаларға үйреткен кезде грамматикалық формаларға көңіл бөлмеуге болмайды, яғни жеке сөздер арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыланған кезде белгілі бір морфологиялық тұлғаны да меңгертуді де естен шығармау керек. Сол сияқты сабақтың мақсаты байланыстырып сөйлеуге үйрету болса, бала тілінің сөздік қорын дамыту жағы да ескерілуі қажет. Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері Ғылыми зерттеулер тіл дамыту әдістемесінің теориясы мен практикада қолданылатын жаңа әдіс – тәсілдерін табуға бағытталады. Негізінен мұндай зерттеулер 3 бағытта болады. Тарихи -әдістемелік зерттеулер /бұрынғы пікірлерге жаңаша көзқарас/. Экспримент жұмыстары немесе балабақшада тәжірибе байқау жұмыстарын жүргізу. Тәрбиешілердің озат тәжірибелерін жинау. Бұл зерттеулердің қайсысында болсын бастамас бұрын алдымен сол тақырып бойынша жазылған әдебиеттермен танысу қажет. Содан соң алынған тақырыптың мақсатын және зерттеу әдістерін анықтау керек. Мысалы, егер озат тәжірибе жинақтау керек болса, тәрбиешімен әңгімелесу, байқау әдістері қолданылады. Ал экспримент жұмысы кезінде сол алынған тақырып бойынша ғылыми болжамдар жасалып, балабақшада қолданылатын бала тілінің қалай дамығандығын байқауға сұрақтар, бақылау жұмысының текстері даярланады және бұл жұмыстар бірнеше рет қайталанып, нәтижелері салыстырылады. Мұндай экспримент жұмыстары 1-2 жылға да созылуы мүмкін. Материалдар жинақтап және сол материалдарды салыстырып болғаннан кейін қорытынды жасалынады. Ол қорытындының нәтижесі шағын бірнеше мақала болып немесе кітапша болып шығарылуы мүмкін. Көрнекілік әдіс– егер оқылатын объекті мен балалар тікелей танысатын болса,онда сол нәрсені, затты есінде жақсы сақтайды. Егер таныстырылатын нәрсемен бетпе-бет кездесуге мүмкіндік болмаса, онда тәрбиеші ол заттардың ойыншық түрін немесе суретін көрсетуі қажет.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 50; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |