Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Еңбек нарығы және еңбекақы
№ 11 Еңбек нарығы және еңбекақы Еңбек нарығы- бұл жұмыс күшін тауар түрінде сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады: 1. Белгілі бір еңбек түрін жалдау кезінде тауарлар нарығында бір-бірімен бәсекелестікке түсетін фирмалар саны өте көп. 2. Бірдей еңбек түрін ұсынатын біліктілігі бірдей жұмысшылар саны өте көп және олардың әрқайсысы еңбек нарығында өз қызметін ұсынады. Бұл уақытта олар бір-біріне тәуелді болмайды. 3. Жеке фирма да, жеке жұмысшы да нарықтағы еңбекақы мөлшеріне бақылау жасай алмайды, оған әсер етпейді және олар еңбекақыны өздері белгілей алмайды. еңбекке деген сұраныс пен оның ұсынысына тоқталып кету керек. Фирма өндірісте тек қана еңбек ресурсын қолданатын болса, онда шекті өнімділіктің азаю заңына байланысты MPL белгілі бір нүктеден кейін төмендей бастайды. Тауардың бағасы тұрақты, себебі тауар нарығы – жетілген бәсекелес нарығы. Сондықтан еңбектің шекті өнімділігінің (MPL) азаюына байланысты шекті түсімділік (табыстылық), яғни шекті өнімділіктің ақшалай мөлшері (MRPL) төмендейді. Қосымша бір жұмысшыны жалдағаннан түсетін қосыша түсім еңбектің шекті түсімділігі (табыстылығы) деп аталады (MRPL) және ол төмендегідей формуламен анықталады:
MRPL = MR . MPL,
мұндағы MR – шекті түсім, MPL – еңбектің шекті өнімділігі.
Жетілген бәсеке нарығының шарты бойынша шекті түсім бағаға тең: MR = P, олай болса MRPL = Р . MPL. Еңбектің шекті түсімділігің қисығы (MRPL) – жеке фирманың еңбекке деген сұраныс қисығы болып табылады (Сурет 10.3).
W* SL = MRC
DL = MRPL
Сурет 10.3 Еңбек нарығындағы жетілген бәсекелес фирманың тепе-теңдігі
Әрбір фирманың басты мақсаты – пайдасын ең жоғарғы деңгейге жеткізу. Олай болса, пайдасын мейлінше арттыратын фирма жұмысшыларды еңбектің шекті түсімділігі еңбекақыға тең болғанға дейін жалдайды, яғни түсім шығынға тең болады: MRPL = w; w = P . MPL; MPL = w / P,
мұндағы w – атаулы еңбекақы, P – тауардың бағасы, w / P – нақты еңбекақы.
Сонымен пайданы мейлінше арттыру шарты – еңбектің шекті өнімділігі мен нақты еңбекақының теңдігі болып табылады. Яғни, еңбек нарығындағы жетілген бәсекелес фирманың тепе-теңдігі жоғарыдағы Еңбек нарығы монопсониямен сипатталуы мүмкін. Бұл жағдайда ұсыныс жағында тек жалғыз фирма жұмыс беруші болады. Бұнда жалақы ставкалары осы фирма - монопсонистің шешіміне өте елеулі дәрежеде тәуелді болады. Кәсіподақтардың маңызды рөліне байланысты, еңбек нарығының юнионизациялану дәрежесі жоғары болуы мүмкін. Осы жағдайда кәсіподақтар болып ұйымдасқан жұмыскерлердің жекелеген топтары жалақының нақты көлемін оның тепе-тендік дәрежесінен арттыра алады. Бұл көп емес жағдайда еңбек нарығында негативтік өзгерістер тудырады. Бұған жатпайтын — моноп-сониялық нарық. Бұл нарықта кәсіподақтар жалақы көлемінің өсуімен бірге жұмыспен қамту дәрежесін де өсіре алады. Дамыған елдердің көбінде заң жүзіңде жалақының минимумы белгіленген. Бұның мақсаты — кедейліктің дәрежесін төмендету және төмен квалификациялы жұмыскерлердің хал-жағдайын қолдау. Номиналдық және нақты жалақы болатынын айыра білу керек. Номиналдык, жалақыға жұмыскерге төленген ақша сомасы жатады, ал нақты жалақы — бұл тауарлардың болып тұрған баға дәрежесінде төленген жалақының ақшалай сомасына жұмыскерлердің сатып алатын тауарларының саны. Жұмыскерге теңге түрінде төленген номиналдық жалақыны баға дәрежесіне болсек, нақты жалақы шығады. Еңбек нарығында жұмысшы күші жаппай жылжып, оның сандық және сапалық құрылымы ылғи өзгеріп отырады. Осымен бірге жұмысшы күшіне сұраныс өзгеріп тұрады, өйткені өндірістің кеңеюі, оның модернизациясы, құрылымдық өзгерістері жұмыскерлердің ерекше жоғары дәрежеде дайындалуын талап етеді, олардың жаңа, осы замандық мамаңдықты жете игеруін тілейді. Жалпылама түрде еңбек нарығының негізгі екі сегменті болады: тәуелсіз бен бағынышты жұмыс орындарының біріншілік нарығы және екіншілік жұмыс орындарының нарығы. Біріншілік жұмыс орындарының бірінші сегментінде жоғары дәрежелі және арнаулы орта білімі бар жұмыскерлер, әкімшілдік-басқару персоналы, жоғары квалификациясы бар жұмыскерлер, әкімшілдік- көмекші персонал, инженерлік-техникалық жұмыскерлер еңбек етеді. Осы топтың жалақысы салыстырмалы түрде жоғары болады және оларға жұмыспен қамтудың белгілі кепілдігі беріледі. Екіншілік жұмыс орындарынан тұратын екінші сегмент арнаулы дайындықты және жоғары квалификацияны тілемейді. Бұған квалификациясы жоқ жұмысшылар, қызмет көрсететін жұмыскерлер, қызметшілердің томенгі категориясы жатады. ең төменгі жалақы 18 660 теңге көлемінде төленетін болады. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 1763 теңге айлық есептік көрсеткішке сүйене отырып арттырылады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 28; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.) |