М. Х. Дулати атындаҒы тараз мемлекеттік университетініҢ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

М. Х. Дулати атындаҒы тараз мемлекеттік университетініҢ

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ

№  ХАТТАМАСЫ

18-28 Желтоқсан 2019 ж.

Төраға: Ултанбаев А.

Хатшы: Отегенова Г.

ҚАТЫСҚАНДАР: ТарМУ студенттері мен оқытушылары

Күн тӘртібінде:

     2019-2020 оқу жылының қысқы сессиясының әділ, таза өткізілуін қамтамасыз ету және студент жастардың арасында жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Таза сессия» акциясы аясында белсенді студенттер қатарынан тәуелсіз «Студент бақылаушылар» тобын құру, жұмысын ұйымдастыру және жауаптыларды тағайындау.

 

Тыңдалды: Арнат Ултанбаев, ТарМУ-нің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы:

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің жастар ісі жөніндегі комитеті жыл сайын «Таза сессия» акциясын өткізеді. Бұл жылы акция «Сапалы білім, саналы болашақ» ұранымен өткізілді. «Таза сессия» акциясының жүргізілуінің басты мақсаты- студенттердің құқықтық санасы мен белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы ҚР-ның заңнамасын бұзу жағдайларына төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады. Осы акция аясында факультет декандары мен жастар ісі жөніндегі комитетінің ұсынысымен белсенді, оқу үлгерімі жоғары студенттер қатарынан арнайы комиссия тобы құрылды. Комиссия құрамына 32 мүше кіріп, құрамына 31 студент және 1 қызметкер кірді. Комиссия тобы университетіміздің бірінші проректорының өкімі негізінде жұмыс атқарды. Бұл комиссия қысқы сессиясының сапасын бақылау және обьективті өтуін қадағалау мақсатында құрылды. 18.12.-28.12.2019ж. аралығында комиссия тобы өз жұмысын атқарды. Өз қызметін жүзеге асыру барысында, комиссия тобы емтихандарды ұйымдастыру мен өткізу бөлімімен тікелей жұмыс атқарды. Комиссия мүшелерімен арнайы түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, емтихандарды ұйымдастыру және өткізу бөлімінің бастығымен және тіркей офисінің директорымен сұхбат жүргізілді. Өз қызметін жүзеге асыру барысында студент-бақылаушылар университетіміздің бірінші проректорымен бекітілген «емтихан комиссиясының мүшелеріне арналған нұсқаулықты» басшылыққа алып жұмысын жүзеге асырды. Нұсқаулыққа сәйкес студент-бақылаушылар барлық емтихандарға классикалық үлгідегі киімде және бейджигі мен өкімі арқылы қатысты. Өздерінің құқықтары мен міндеттеріне сәйкес, олар өздері оқитын факультет студенттеріне бақылаушы болып кіре алмайды. Емстихан комиссиясының мүшелігіндегі белсенді студенттер бақылаушылар рөлін атқарады. Студент-бақылаушылар аралық аттестациялау тәртібін қамтамасыз ету үшін емтихандарға қатысады.

Нұсқаулықтағы ережені бұзғаны үшін студент-бақылаушы комиссия мүшелігінен шеттетілуі мүмкін.

Егер де студент проктордың немесе емтихан комиссиясының мүшелерінің ескертуін елемесе, университетіміздің жарғысына қарсы іс-әрекет жасаса, емтихан өткізу ережесін бұзса, қосымша көмекші құралдарды ескертуге қарамастан қолданса, тәртіп ережелерін сақтамаса студент-бақылаушы емтиханнан шеттету туралы акт толтыруға құқылы. Нұсқаулыққа сәйкес, студент бақылаушы студенттерден көмекші құралдарды немесе өзге де ережеде тыйым салынған заттарды алуға құқығы жоқ. Студент-бақылаушы тәуелсіз бақылаушы қызметін атқарады. Емтихан алатын мұғалім немесе проктор жауапсыздық танытса, емтихан жүргізу тәртібін қадағаламаған жағдайда, өкімге қарамастан студент-бақылаушылар мүшелерін емтиханға кіргізбесе, көмекші құралдарды қолдануға рұқсат берсе, емтиханға кешіксе, емтиханға келмесе және т.б. жағдайларға арнайы есептің түрі жасалынған. Осы еспетің түрінде жоғарыда көрсетілген фактілер тіркеледі. Кездескен мәселелерді жылдам әрі тез шешу мақсатында «WhatsAp» әлеуметтік желісінде арнайы топ ашылды. Барлық туындаған сұрақтар мен мәселелерді студент-бақылаушылар осы топқа жіберіп отырды. Бұл топқа барлық бақылаушылар мен тіркеу офисінің директоры қосылған болатын.

Комиссия жұмысы кезінде үлкен мөлшерде қолдан жасалынған көмекші құралдар тәркіленіп, жойылды. Айта кету керек, студенттер емтихан уақыты кезінде өте белсенді түрде көмекші құралдар қолданды. Статистикаға сәйкес бір студентке аз дегенде 2 көмекші құралдан келеді. Емтихандарды өздері тапсыратын студенттер де бар, мұндай студенттер көбінесе сұрақтарға тез әрі оңай жауап береді. Студенттерге емтихан сұрақтар жауаптарымен бірге алдын ала беріледі, сондықтан оларға емтихандарға дайындалу қиынға соқпауы керек. Көптеген студенттерге, әсіресе үлкен курстағыларға, көмекші құралдар- бұл емтихан тапсырудың әдеттегі бір бөлігі болып кеткен. Сондықтан, менің ойымша, біз бірінші курстардан бастап оларға ерекше назар аударып, бақылауды қаталдатуымыз керек. Осыған байланысты бірінші курс семинары кезінде, кураторлық сағаттарда, емтихан тапсыру тіртібін және көмекші құралдар қолданғаны үшін болатын жазаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынамыз. Емтихандар қорытындысы бойынша, студент-бақылаушылар тобының жұмысын жүзеге асыру арқасында прокторлар мен мұғалімдердің өздерінің жұмыстарына деген жауапкершілігі артты. Бірақ бұл тенденция тек бақылаушылар тобының қатысуы кезінде ғана байқалды.

Қорытындылай келе сессия өткізу барысында мұғалім-прокторлар жағынан емтиханға кешігу, емтихан кезінде жауапсыздық танытуы, студенттерден көмекші құралдарды қолдануға мүмкіншілік берген жағдайлар кездесті. Сонымен қатар бірқатар студенттерге акт толтырылып, емтиханнан шеттетілді. Аталған студенттер көмекші құралдарды бірнеше рет қолданғаны үшін, ұялы байланыс құралдарын пайдаланғаны үшін қорытынды бағалары жойылды.

Акцияны жүзеге асыру барысында студент-бақылаушылар келесідей мәселелерге тап болды:

Бақылаушыларды емтихан өтіп жатқан аудиторияларға қолындағы өкімге қарамастан кіргізбеу фактілері;

Бақылаушыларға олардың емтихандарына проктор ретінде баратынын, емтиханнан құлауы үшін барлығын жасайтынын айтып, қысым жасау фактілері тіркелді;

Кейбір прокторлар мен ұстаздар студент-бақылаушыларға дауысын көтеріп, ескертулерін елемеген фактілер кездесті:

Нұсқаулыққа сәйкес студент-бақылаушы көмекші құралдарды алуға құқысы жоқ, бірақ прокторлар бақылаушыларға алғызған фактілер кездесті.

Айта кету керек, студент-бақылаушылар тарапынан да қателіктер жіберілді:

Кейбір студент-бақылаушылар нұсқаулыққа қайшы келсе де, көмекші құралдарды емтихан кезінде алып отырды, өйткені прокторлармен ұстаздар тарапынан қысым келгендіктен, ал кейбір жағдайларда олардан басқа көмекші құралдарды алатын ешкім болмаған;

Бірқатар студент-бақылаушылар емтихандарға қатысқаны ғана болмаса, өзіне берілген міндеттерді орындаған жоқ. Акция жүргізілген 10 күн ішінде есепке бірде бір ескерту жазбаған, студенттерге емтихан ережелерін бұзғаны үшін акт толтырмаған. Өзіне берілген міндеттерге жауапсыздық танытты.

Университетіміздің хабарлама тақтайшалары мен емтихан өтеті аудиторияларына хабарландырулар, акция жұмысы туралы жадынамалар ілінді.

Университетімізде емтихандардың ашық, таза өтуі үшін «Сенім жәшіктері» орнатылып, ескертулер мен ұсыныстар үшін қолжетімді болды.

 

Төраға             _______________________       

Хатшы            _______________________       



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 46; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.008 с.)