М. Х. Дулати атындаҒы тараз мемлекеттік университетініҢ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

М. Х. Дулати атындаҒы тараз мемлекеттік университетініҢ

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ

 

№    ХАТТАМАСЫ

25 ЖЕЛТОҚСАН 2019 ж.

                                                   Жастар әлемі мейрамханасы

                                                                     «Студенттік бал-2019»

Төраға: Ултанбаев А.

Хатшы: Отегенова Г.

 

ҚАТЫСҚАНДАР: Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Сарыбеков М.Н., Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Абдуалы А.Б, Тараз мемлекеттік университетінің тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Наурызбекова А.Е., ТарМУ-нің факультет декандары, ТарМУ студенттерімен оқытушылары

Күн тӘртібінде:

      М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жаңа жылдық «Студенттік бал-2019» мерекелік шарасынын ұйымдастыру

 

Тыңдалды: Сарыбеков М.Н,Тараз мемлекеттік университетінің ректоры:

   Бүгінгі студенттердің сапалы білім алумен қатар жан-жақты тұлға болып қалыптасуына ықпал ету, студент жастарды патриоттылыққа, шығармашылыққа баулу, эстетикалық дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту мен ұжымдық мәдениетін арттыру. Сонымен қатар білім, ғылым, спорт, мәдениет, өнер салалары бойынша және облысымыздың қоғамдық-саяси жұмыстарына белсене араласып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген студентерді марапаттау болып табылады.

Тыңдалды: Арнат Ултанбаев, ТарМУ-нің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы

  Аталмыш шараға Тараз мемлекеттік университетінен 400 студентті қатыстыру жоспарлануда. Балға қатысу құрметіне ие болған студенттер факультет декандары ұсынған арнайы тізімге сәйкес жинақталады.

Міндеттері:             

- студент жастар арасында азаматтық белсенділік идеясын жүйелі түрде насихаттау арқылы олардың әлеуметтік белсенділіктерін арттыру;

- мемлекет пен қоғамда дарынды, белсенді студенттерді қолдау мәселесін шешуге бағыттау;

- студент жастардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасау арқылы әлеуетін жетілдіру;

- жастар ұйымдарының көшбасшылары мен студент жастар арасында байланыс орнатудың әлеуметтік және кәсіби оң имиджін қалыптасыру.

 Дәстүрлі түрде жылдың аяғында, биылғы «Жастар жылын» қорытындылау мақсатында «Жыл студенті» байқауы ұйымдастырылған. Байқаудың құрылуы университет декандарына жолданды, әлеуметтік желіде Tarmu official парақшасында және Tarmu zhastary парақшаларында жарияланды. Бүгінгі таңда бізде 11 номинация болып тұр. Ол номинациялар бойынша үміткерлер арасында жеңімпаздар анықталатын болады, - деп айтып өтті ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі Ұлтанбаев Арнат.

    Үміткерлер тізімі әлеуметтік желіде орын алған алдын-ала дауыс беру барысынды қысқартылып, байқау күні комиссия мүшелері үміткерлердің баяндамалары нәтижесінде жеңімпаздарды ашық дауыс беру арқылы таңдады.

     «Үздік студенттік деканат-2019» номинациясында «Экономика және бизнес» факультетінің Қамбаров Мақсаттың басшылығымен жұмыс істеген студенттік деканат жеңіске жетті. Жұмыс барысында олар жатақханада, университет қабырғасында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, «Жүректен жүрекке» сияқты қайырымдылық кештерін өткізген. Сонымен қатар, олар «Ұлы даланың үні», «Күз жәрмеңкесі», «Абай-175жыл» және де тағы басқа шығармашылық кештерін өткізген болатын. «Ең үздік жастар ұйымы-2019» номинациясында өзін республикалық және халықаралық деңгейде көрсетіп үлгерген «Enactus Dulaty» командасы және оның жетекшісі В17ГМУ-3 студенті Куанчалиев Аңсар жеңіске жетсе, «Жыл серпіні-2019» номинациясының жеңімпазы болып «Достық» студенттік жастар ұйымы және жетекшісі В18МАТ-1,3 студенті Сатыбалды Нұрсұлтан атанды.

    Бас жүлде «Жыл студенті-2019» номинациясында В17ТМО-1 студенті Жұмат Бауыржан жеңіске жетсе, «Үздік волонтер-2019» атағын В16МП-3 студенті Шарасулова Эсмира жеңіп алды. «Үздік ғалым-2019» атағын В16ПСХ-3 студенті Букешова Салтанат және Майрова Жанерке қатар иеленді. Университеттің «Ең үздік медиа студент-2019» атына әлеуметтік желілерге жарияланатын түрлі бағдарламалардың, «Апта жаңалықтарының» жүргізушісі В19ФИЛК-3 студенті Өмірзақова Ұлбала жеңіп алды. «Үздік өнерпаз-2019» атағына Қойшыманова Жансая ие болса, «Үздік көшбасшы-2019» атағына В18ВТИПО-1,3 студенті Өтегенова Гүлмира ие болды.

Бұл шараға университетіміздің  ректоры, п.ғ.д., профессор М.Н.Сарыбеков қатысып, ең үздік студенттерді марапаттады. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

 

      

Төраға             _______________________       

                                                     

Хатшы            _______________________       



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 52; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)