Менің сүйікті жыл мезгілдері. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Менің сүйікті жыл мезгілдері.

Жылдың төрт мезгілі бір – біріне ұқсамайды. Қыста қатты аяз, жазда ыстық, күзде қоңыр салқын күндер жиі болады. Көктемде күн жылына бастайды.

Жазда желсіз, аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады. Маусымның 22-сінде ең ұзақ түн, ең қысқа күн болады.

Жаздан кейін қоңыр салқын күз де келіп жетеді. Қараңғылық ерте түседі. Аспанда қара бұлт қаптып, жауын да жиі – жиі жауады. Қар аралас жауын – шашын болады.

Қыста дала, орман, үйлер ақ қар жамылады. Өзендер мен көлдердің бетін көгілдір мұз жабады. Күн аязды, жер тайғақ болады. Бұл кезде енді күн қысқа, тұн ұзақ болады.

Қыстан кейін көптен күткен көктем де келеді. Бұл кезде күн жылына бастайды. Табиғат қысқы ұйқысынан оянады. Түн қысқарып, күн ұзарады. Күннің көзі жарқырайды. Кейде жылы жаңбыр жауып, оңтүстіктен жылы жел еседі. Енді көктем өз орнын жазға береді.

Менің сүйікті жыл мезгілім Көктем.

Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады..Ағаштар бүршік жарып гүлдейді..” деген сарында басталатын..Одан бері талай көктем келді кетті..Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым..
Әсіресе қызығы, мына көктем алды мезгіл..Қыс пен көктемнін алмасар уақыты..Бір бірімен сықылықтап қуаласпақ ойнаған кішкентай балаларды есіме салады менің..Біресе қыс көрінеді, біресе жылы көктем лебі..Ақыры соңында қыс шаршап тынады дағы, ал көктем керісінше күшіне күш қатып, ойыннан қалып бара жатқан қысқа бұртия қалады да көз жасын төгіп жібереді..Ойынға басқа бала келіп қосылғанша осылай жалғасады..Келесі бала ол жаз мезгілі..
Биылғы көктем ерке көрінді маған..Сыңғырлаған күлкісін, жылт еткен жанарын бір көрсетіп ғайып болатын ерке бір қызды еске салды..Жүректі қобалжытады, бірақ дүрсілдетпейді..Бірақ сонысымен адамды баурайды..Ішіңнен сол бір тәтті сәтке деген қуанышты сезесің, асыға күткендей боласың..
Табиғаттың бұл құбылысы мен ішкі құбылыстың сәйкес келуі де байқалды биыл..Көктем жылы күндердің, жаз шырайының хабаршысы болса, өмірдегі жаңа белестерге деген бет бұрыстың, жаңа бір беттің ашылуы, бір өзгерістің, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты, екеуі де адамды қобалжытады, асықтырады, тағатсыздыққа душар етеді…



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 58; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)