Обьективті тексеру тәсілі (status praesens). 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Обьективті тексеру тәсілі (status praesens).

Поиск

Обьективті тексеру  төмендегі жоспар бойынша жүргізіледі:

1.Науқасты жалпы қарау.

2.Пальпация (сипау) .

3.Перкуссия (тықылдата тыңдау).

4.Аускультация (тыңдау).

Жалпы қарап тексеру реті:

Науқастың жалпы жағдайын бағалау. Науқастың жағдайықанағаттанарлы, ауырлығы орташа, ауыр, өте ауыр түрде болады.

Науқастың ес- санасын тексеру. Науқастың ес санасы анықяғни дұрыс немесе анық емес болуы мұмкін. Егер науқас қойылғансұраққа толық анық әрі нақты дұрыс жауап берсе, есі анық, дұрыс болып бағаланады. Егер науқас қойылған сұрақтарға толық, анық әрі нақты жауап бермесе, бұл ес сананың бұзылысы болып табылады, ол мына түрлерде бағаланады;

Абыржу - науқас өз жағдайын дұрыс бағаламайды, тынышы кетіп мазасызданады, немқұрайлы қарап, сұрақтарға селқос жауап береді.

Ступор (мелшею) - қоршаған ортамен қарым -қатынасы қалыпты емес, сұрақтарға кешігіп, қиындықпен өте жай жауап береді.

Сопор (топастану) - науқас адам үйқыда болады, қойылған сұраққа қатты дауыспен айқайлап, жұлқылағанда ғана жауап береді де, қайтып ұйықтап кетеді, барлық рефлекстері сақталған болады.

Естен тану (кома) - науқас адам есінен танып, терең үйқыда
болады, сыртқы тітіркенгіштерге жауап бермейді, рефлекстері
жойылған. Кома төмендегі патологиялық процесстер салдарынан
дамиды; олар қант диабеті, мидағы қан айналымның бұзлысы,
бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, алкоголь және морфинмен
улану, безгек, эпилепсия, менингит. т.б.

Патологияларға байланысты коматүрлері төмендегідей:

1.  Алкогольді кома.

2.  Апоплексиялық кома. Команың бұл түрі ми ұлпасына қан
құйылғанда дамиды.

3. Гипо және гипергликемиялық кома - қантты диабетте.

4. Бауыр комасы - өткір, созылмалы бауыр дистрофиясында, бауыр циррозында дамиды.

5.Уремиялық кома - өткір бүйрек улануында дамиды.

6. Эпилепсиялық кома - эпилепсия ұстамасы кезінде байқалады.

Ес сананың бұзылуы түрлі инфекциялық және психикалық
ауруларда галлюцинациялар (көзге әр нәрсенің елестеуі, жалған есту,
жалған сезім, сандырақтаудар) түрінде байқалады. Тексерубарысында науқастың психологиялық жағдайын бағалау (апатия-көңілсіздік, қозу, сандырақтау.т.б. керек).



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 73; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.005 с.)