Есептік бағасы бойынша мың тт. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Есептік бағасы бойынша мың тт.

Поиск

Көрсеткіштер

1.

Өткізілмей қалған дайын өнімнің жыл басындағы нақты қалдығы

2.

Тауарлы өнім шығару

3.

Өткізілген өнімнің жыл аяғындағы қалдығы

4.

Өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс

(1 қатар+2 қатар - 3 қатар)

5.

Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын табыс

6.

Ауытқуы (4 қатар - 5 қатар)

 

Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 570 мың теңгеге төмендеткені көрінеді.  Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден түсетін табыс 20 850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21 420 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас еді.

Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептер байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-тую, - орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорыңда орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы,  электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына қатысты.

Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып  алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.

Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкеледі. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік  көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысудың едитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу  бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.

 Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:

• біріншіден  бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;

• екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;

• үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).

Табыстылықттың екінші абсолют  көрсеткіші  жалпы табыс.Ол өнімді өткізудің қаржынық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор  өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның  көлеміне көп әсерін тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар  бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету дарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика  ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын теме детеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті  айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.

Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының — реттеудің, қаржы рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.

Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары жеткіліксіз пайдаланылды; бюджеттен төленетін субвснциялардан (мақсатты жәрдем қаржыдан) бас тарту болды және т.б. Осы және басқа себептерге байланысты қар­жының ролі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа әдістеріне қошуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың қолданылып жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың бастыларына мыналарды жатқызуға болады.     

Біріншіден, өкіметтік операцияларды қамтудың толық еместігі.

Қазіргі кезде өкіметтік операциялардың едәуір болігі, биліктің аймақтық және жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы министрлігі тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл толып жаткан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет операцияларына, сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету жөніндегі операцияларға қатысты.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономика жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төменгдету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін   өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін,  тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін маңызды.

 Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты  табыс өсімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы  мүмкін.

Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке не болады.

Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі  көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция,  бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабель-іділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақгы өсіре алады.

Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорын­дардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкетеді.

Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен жүйелі көзқарасты айқындайды. Заңи заңдарда, қаржылық болжамдар мен жоспарларда, қаулыларда және басқаларда ресімделстін қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық және заңи заңдардың талаптарын, өткен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-математикалық әдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қар­жылық жоспарлау талап  етіледі.

Қаржы қатынастарының әрбір сферасы мен әрбір буынында бас­қару субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау. Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақса­ты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақытгылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.

Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл — жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мелшерін және оның көздерін анықтау; орталықтаңдырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды белудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.

Ұйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жене салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен  тәртіптілігін білдіреді.

Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің — қаржы органдарының, салық қомитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппа­ратының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.009 с.)