азақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Поиск

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti» АҚ

Құқық жоғары мектебі

«БЕКІТЕМІН»

ҚЖМ Директоры, к.ю.н., доцент

                          С. Пен

« »                20 г.

Қорытынды мемлекеттік аттестация

5В030100 — Құқықтану мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханның

БАҒДАРЛАМАСЫ

күндізгі бөлім студенттеріне арналған (3, 4 жылдық оқу)

 

 

«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы»

 

Түлектің дәрежесі БАКАЛАВР

 

 

Астана, 2019

«5В030100 - Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавриаттың ЖББ іске асыру жоғары білімнің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Мемлекеттік жоғары білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады, ҚР МЖМБ «5В030100 - Құқықтану» мамандығы.

«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы және Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәндері бойынша кешенді емтихандағы МАК бағдарламасы академиялық сапа жөніндегі Комитет отырысында 2019 жылғы 29 наурыздағы № 92 хаттамамен қаралып, мақұлданды.

 

1 Білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижесінде студенттердің білетін құзыреттер тізімі

«Құқықтану» бағдарламасы бойынша оқытудың нәтижелері Дублиндік

дескрипторларға сәйкестелген және бағдарламаның түлегіне келесідей құзыреттердің жүйесін қалыптастыруға бағытталған:

LO1 – құқықтың әрбір саласының негізгі ұғымдарын, Қазақстан Республикасының

конституциялық құрылысының негізін, мемлекеттік органдардың қызметінің құрылымын, қағидаттары мен функцияларын, құқықтық және мемлекеттік құбылыстардың мәнін, сипатын және өзара әрекетін түсіну мен білуді көрсетуге;

LO2 – Құқықтық пәндер туралы білімді және интегралдық білім жүйесіндегі қарым- қатынасты түсінуді және кәсіби қызметте заңдарды жүзеге асырудың маңыздылығын

көрсетуге;

LO3 – Алған білімді тәжірибеде қолдана білу, алынған жаңа білімдерді нақты ұсыныстарға айналдыра білу;

LO4 – кәсіби қызметі үшін құқықтық және өзге де қажетті ақпараттарды іздеу, жинақтау және талдауды өз бетінше жүзеге асыра алу;

LO5 – Өз көзқарасын логикалық түрде сауатты білдіруге және негіздеуге қабілетті

болу;

LO6 – Заңнамаға сәйкес нақты шешімдер қабылдауға және юридикалық әрекеттерді

жасауға қабілетті болу;

LO7 – Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдана білу және талқылай білу;

LO8 – Фактілер мен жағдайларды заңды түрде дұрыс біле алуы; LO9 – Ұжымда бірлесіп жұмыс істей білу;

LO10 – Біліктіліктерін өз бетінше жақсарта білу, білімді толықтыру және жаңа дағдылар мен шеберлікті игере білу;

LO11 – Коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын меңгеру, соның ішінде кәсіби қарым-қатынас жолдары мен құралдарын игеру;

LO12 – Кәсіби қызметінің бөлігі болып табылатын құқықтық нормалар мен қатынастарды талдау дағдыларын иелену;

LO13 – Заңнамалық құжаттарды әзірлеу және дайындау дағдыларын меңгеру, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша негізді ақпаратты дайындау;

LO14 – Дауларды шешудің баламалы және заіи техникалық әдістерін және қолдану дағдыларын меңгеру;

LO15 – Нормативтік құжаттарды және заңды шешімдерді іске асыру механизмін жетілдіруге мүмкіндік табу дағдыларына ие болу.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 64; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.)