Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте Баланың сана - сезімінің қалытасуындағы негізгі құралдың бірі - өнер . Өнерге түрлі ұлттық бұйымдар , әсем заттар , ән - күй , сымбатты киімдер т.б. жатады . Қазақтың белгілі ғалымдарының бірі С. Ұзақбаева өзінің 1995 жылы жарық көрген " Тамыры терең тәрбие " деген еңбетінде бүгінгі мектептегі эстетикалық тәрбиеге терең үңілген . Онда эстетикалық тәрбиенің маңызы және міндеттерімен қатар балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлін баса көрсеткен . Әсіресе ұлттық өнердің қасиетін бастауыш сынып оқушыларына , дерек болса балабақшадағы балалардың бойына қалыптастырғанымыз жөн . Себебі ұлттық белгі осы ұлттық эстетика арқылы айқындалады . Эстетикалық тәрбие де тәрбиенің басқа салаларындай оқу , білім , тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста , біртұтастықта қаралады . Эстетикалық тәрбие – болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті , сезім мен талғамды тәрбиелейтін , өнерде және өмірде сұлулықты жасау , оған катысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын жалпы тәрбиелер саласының құрамдас бөлігі . Эстетика - өмірді сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы " . Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы , өнердегі , еңбектегі , өмірдегі , отбасындағы , Самаққа дайындалу , сабақта , оқу барысындағы ең жақсыны қабылдау , ләззат алу барысында қалыптасады . Эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі диалектикалық материалистік көзқарас . Ол өмір мен өнердегі эстетиканың мәнін ашады , адамның органы эстетикалық тұрғыда меңгеруіне қажетті деген негізгі принциптерін зерттейді , көркем шығармашылық заңдарын тексереді . Эстетика тек заттардың өзіне және шындық құбылыстарына тән , ол біздің түсінігімізге де , қоршаған ортаға деген қатынасымызға да байланысты емес . Ортаны эстетикалық тұрғыда меңгерудің субъективті жағы болып эстетикалық сезім , талғам , бага , әсерленушілік ой - сана , армандар , осылардың жиынтығы ретінде сана алға шығады . Ол эстетикалық мұратқа жетелейді . " Эстетикалық мұрат – эстетикалық кемелдіктің биік деңгейі туралы және оған жету жолы туралы нақты сезімді түсінік . Эстетикалық мұратты жүзеге асыру үшін алдын ала қажет нәрсе - өмірдің барлық саласында қоғамдағы адамның ерікті болуы . Адамның айнала дүниеге эмогиялық нақты сезімдік қатынасымен тығыз байланысты болғандықтан , эстетикалық мұрат сезім формасына бөленеді " Эстетикалық сезім – объективті шындықты бейнелегенде оның сұлулығын , әдемілігін , сәнділігін қабылдауда туатын көңіл күйі . Эстетикалық сезім табиғаттын көрінісін , күнделікті өмірдегі оқиғаларды , өнердің алуан салалары адам өзі бейнелегенде пайда болады . Адамның эстетикалық сезімі өз ортасына , тарихи жағдайға байланысты өзгереді . Эстетикалық сезімі жетілген адам еңбектің алуан саласындагы нәзіктік пен әдемілікті , айналадағы табиғат сұлулығын қабылдап сүйсінеді , оны қабылдаудан ләззат алады " . Мектептегі эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар : - Эстетикалық сезімді , эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу . Әдемілікті сезу , көру әр адамда әр түрлі . Сондықтан оқушыларды әдемілікті сезу үшін бейнелеу өнері , ән - музыкадан білімге үйрету. Білім арқылы оқушы сұлулықты бағалап , әдемілікті түсінеді . - Эстетикалық ұғымды , пайымдауды , баға беруді қалыптастыру . Бұл жерде де білім керек . Бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ , үндестік , музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді терең игеруі қажет. - Эстетикалық танымды қалыптастыру . Эстетикалық таным арқылы эстетикаға баға бере алады.Эстетикалық таным - бұл өмірдегі , еңбекте және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу , өнер шығармаларына жоғаары талап қою . Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдаумен , шығармашылықпен байланысты іс - әрекет мүмкіндік береді . - Баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу . Ол әдемілікті . оның заңдарын түсініп қана қоймай , осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет . Өмірге енген эстетика адамды сүйсіндіреді . Балаларды осы арқылы ілтипатты окырман , қайырымды көрермен , сезімтал тыңдаушы болуға үйретеміз . Бұл жерде түрлі әдеби , музыкалық шығармаларды пайдаланған жөн . Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі біртұтас педагогикалық және процесте дамиды . Сондықтан оның барлық еңбегі демалыс эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса , ол өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады . - Эстетикалық тәрбиенің бір міндеті - өнер және әдебиет салаларында балалардың саныне ілін , ынтасын және бейімділігін дамыту , балалардың қабілетін барынша ашу , басылық эстетика беру . Осы бес міндет эстетикалық тәрбиені дамытуда , балалардың бойына дарытуға өз үлесін қосады . Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет , өнер . әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар әдебиет , театр , кино , теледидар , музыка , кескіндеме , мүсін т.б. көркем туындылар арқылы әсер етіп қалыптастырады . Бұл жерде көптеген мысалдар келтіруге болады Әдемілікті сезуде , эстетикалық көзқарасты танымды қалыптастыруда табиғаттың рөлі зор.Табиғат адамды қуанышқа бөлейді , сезімін дамытады , эстетикалық түсінігін байытады . Адам табиғатты бақылаушы ғана емес , ол тұтынушы , сұлулықты жасаушы шығармашылық қызметкер . Табиғатты аялау , оны жақсарту бүгінгі күннің талабы . Эстетикалық тәрбие тәрбиенің барлық салаларымен тығыз байланысты . Сондықтан эстетиканы бөліп қарамай , басқа тәрбие салаларымен біртұтастықта қараған жөн . Мектеп окушыларының эстикалық тәрбиесінің мәні оның әсемдікті түсінуінде , ләззат алуында , жақсы мен жаманды ажыратуында . Осының бәрі эстетикалық сезім арқылы қалыптасады . Мектептегі эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар : - Эстетикалық сезімді , эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу - Эстетикалық ұғымды , пайымдауды , баға беруді қалыптастыру . - Эстетикалық танымды қалыптастыру . - Баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу . - Эстетикалық тәрбиенің тағы бір міндеті - өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін , ынтасын және бейімділігін дамыту , балалардың қабілетін барынша ашу.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 55; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.005 с.) |