Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жылу сіңіре жүретін реакция – эндотермиялық деп аталады.Содержание книги
Поиск на нашем сайте « Экзо» гректің сыртқа деген сөзі. Жылудың реакция жүріп жатқан ортадан, сыртқы қоршаған ортаға бөлініп шығатынын білдіреді. Реакция аяғына дейін жету үшін үнемі қыздыруды қажет ететін реакциялар бар. Мысалы, сынап (II) оксидін немесе әктастың айырылуы. Ондай реакция эндотермиялық реакциялардың қатарына жатады. Жылу сіңіре жүретін реакция – эндотермиялық деп аталады. «Эндо» гректің «ішке» деген сөзі. Жылудың сырттағы қоршаған ортадан реакция жүріп жатқан ортаға берілетінін білдіреді. Химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері рекцияның жылу эффекті деп аталады. Жылу мөлшері джоуль (Дж) немесе килоджоуль (Дж) арқылы белгіленіп, калориметрмен өлшенетін физика курсынан білесіңдер. Реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылуды Q (ку) әрпімен белгілеп, рекция теңдеуін былай өрнектейді: С + О2 = СО2 + Q ( +Q жылу бөліну) N2 + O2 = 2NO – Q (-Q жылу сіңіру) Рекцияның жылу эффекті көрсетілген химялық рекциялар – термохимиялық теңдеулер деп аталады.Мысалы: С + О2 = СО2 + 402,24 кДж, 2Н2О →2Н2↑ + О2 ↑ - 571,6 кДж. Химиялық реакциялар кезінде жылу түрінде бөлініп шығатын немесе сіңірілетін энергия мөлшерін, олардың теңдеулері бойынша есептеп шығаруды жоғары сыныптарда толығырақ үйренетін боласыңдар. Химиялық реакциялардың жылу эффектісінің шамасы неге тәуелді екенін қарастырайық. Ең алдымен, реакция кезінде жылудың бөлінуі немесее сіңірілуі реакцияға қатысушы реагенттердің табиғатына тәуелді болады. Мысалы, күкірт пен оттек әрекеттесетін жылу бөлінеді, ал азот оттекпен реакцияға түскенде жылу сіңіріледі. Жылу эффекті температураға да тәуелді. Әдетте, жылу эффекті +25ºC-та жүретін реакцияларға негізделеді. Осы температурадағы жылу эффекті стандартты болып саналады. Жылу эффекті – әрекеттесетін заттардың мөлшері мен массасына тәуелді. Көмірді немесе ағашты пешке неғұрлым көп салып жақса, жылу көр бөлінгендіктен бөлме іші қатты ысиды. Химиялық реакцияның жылу эффектісі стандарттық жағдайда химиялық реакция кезінде 1 моль өнім алғанда бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшерімен анықталады.Мәселен, 1 моль көмірқышқыл газы түзілу кезінде 402,24 кДж жылу бөлінсе, дәл сол сияқты оны айыру үшін де сондай мөлшерде жылу сіңіріледі. Жылу эффекті регенттер мен өнімдердің агрегеттық күйіне де байланысты. Оны судың газ және сұйық күйдегі жылу эффектілерінен көруге болады: 2Н2+ О2→2Н2О(г) + 467,6 кДж 2Н2+ О2→2Н2О(с) + 571,6 кДж 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері меншікті жану жылуы деп аталады. Ғылымда белгілі бір стандартты жағдай қабылданған Т + 25С (298К) қысым 1 атом (101,325 кПа) тең жағдай. Химиялық реакцияның жылу эффектісі стандарттық жағдайда химиялық реакция кезінде 1 моль өнім алғанда бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшерімен анықталады. Жанудың басталуы : 1)затты отынды тұтану температурасына дейін қыздыру 2 )оттектің үздіксіз келіп тұруы . Өрттен сақтану шаралары : 1) қызуды отынның тұтану температурасынан төмендету 2 ) оттектің келуін тоқтату. Әрекеттесуші заттардың біреуінің массасы арқылы жылу эффектісін есептеу жолдары Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша: Ca +H2O=Ca(OH)2+67кДж V бөлім. Бекіту • 1. Жылу эффекті дегеніміз не? VI бөлім. Қорытындылау, бағалау VII бөлім. Үй тапсырмасы: § 27 73- 74 бет №5,7 есеп
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 68; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.005 с.) |