Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік.«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік. Кәмпит: (ортаға билеп шығады) -Сәлеметсіңдер ме,балалар! Жаңа-жыл келді о, міне, Далама, қалама, жеріме. Шатыққа бөлеп әр үйді, Шыға ғой менің төріме.
Балалар, мен Аяз-атаның сендерге әкеле жатқан сыйлықтар салынған қабынан түсіп қалдым. Ал аяз –ата сендерге әлі келген жоқ па? Кәмпит:Балалар, жылда жаңа жыл мерекесінде қонаққа кімдер келеді? Балалар: Аяз-ата, Ақшақар. Кәмпит: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше алдымен жаңа-жыл мерекесіне келетін Ақшақарды бәріміз шақырайық. Балалар: Ақшақар (3 рет қайталап айтады). Кәмпит: Амансың ба, Ақшақар! Ақшақар: Шыршаларың керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ шамдары сөніп тұр ғой. Кәне, бәріміз шыршаға үрлейік. Қатттырақ. Жүргізуші: Аяз-Атасыз біз ешетеңе істей алмаймыз, кәне, телефон соғып аяз атаны шақырайық, атамыз кәрі, мүмкін, ұмытып кеткен шығар. – · Алло, ата «Балдырған» мен «Бүлдіршін» тобының балалары шыршаның қасында сізді тосып жүр, неге кешігіп жатырсыз? Ұмытып кеттіңіз бе? Аяз-Ата: Ойбай, кәрілік қой, ұмытып кетіппін, қазір жетемін. Жүргізуші: -Балалар, Аяз-Ата келгенше, біз бір өлең айтайық. «Шырша» әні. Жүргізуші: -Балалар, Аяз –Ата өзі қандай? Балалар: Аппақ сақалы, мұрты бар, қызыл шапаны бар, ақ таяқпен жүреді. Жүргізуші: Өте дұрыс, балалар, олай болса барлығымыз қатты дауыстап Аяз-Атаны шақырайық. Бір, екі, үш: Аяз-Ата (3 рет қайталайды). Жүргізуші: Аяз-Ата, армысыз, жылдағыдай бармысыз! Аяз-Ата: шырша неге жанбай тұр. Кәне, шамдарын жағайық. Қоян кіріп келеді. Жылайды. Ақшақар: Қоян, сен неге көңілсізсің? Не болып қалды, біз саған көмектесеміз. Қоян:Орман ішінде өзіме үй салып, тұрып жатқанмын. Қу түлкі қонаққа келіп, мені үйімнен қуып шықты. Мен далада қалдым. Жүргізуші:Не деген сұм түлкі, қоян, жылама, біз түлкіні қуып шығып, үйіңді алып береміз. Қоян: Мен түлкіден қорқамын. Оның тістері қандай, көздері қандай! Мінезі жаман! Жүргізуші:Сен қорықпа, біз сенің бауырларыңды көмекке шақырайық. Олар сылдырмақпен билейді, оны түлкі естіп, қорқып, қашып кетеді. · Кәне, қуыршақтар, шығыңдар! Сылдырмақтарды ойнатыңдар! Биді бастаңдар, түлкі қорқып қашсын. «Сылдырмақтар» биі. Түлкі: Мен ешкімнен қорықпаймын. Жүргізуші: Аяз-Ата, мына, түлкіге не істеуге болады? Аяз-Ата: Қазір мен ормандағы барлық аңдарды көмекке шақырамын, түлкі олардан қорқып қашып кетер. Жүргізуші: Ал, аңдар, келіңдер, көмектесіңдер. «Аңдар» биі. Түлкі: Мен үйден шықпаймын, Мен ешкімнен қорықпаймын. Жүргізуші: Онда қарақшыларды шақырып, түлкіні байлап тастайық. «Қарақшылар» биі. Түлкі: Мен үйден шықпаймын, Мен ешкімнен қорықпаймын.
Аяз-Ата:Қазір мен саған көрсетейін! Кәне, борандар соғыңдар! Шыршалар төмен бүгілсін, Ормандағы бар нәрсе, Ақ қарменен жабылсын! Қазір мен қар жауғызып, түлкіні үсітемін.
«Ұлпақарлар» биі.
Аяз-Ата түлкі үйіне үрлейді, қармен бірге.
Түлкі: Ойбай, Аяз-Ата, тұмсығымды үсіттің ғой, аясаншы мені. Енді не болдым? Аяз-Ата: Ал сен қоянды аядың ба, қу түлкі? Балалар, түлкіні кешірейік пе? Балалар:Ия, бір жолға кешірейік. Аяз-Ата: Олай болса, қоян, бар сен өз үйіңе барып, тұра бер. Қоян: рахмет. Аяз-Ата: Балалар, мен сендердің дауыстарыңды сағындым, кәне, маған бір жақсы ән айтып беріңдерші. «Бала тілегі» әні. Аяз-Ата: Ой, қандай керемет ән! Бір түрлі қобалжып кеттім. Жүргізуші: Аяз-Ата, біздің бүлдіршіндеріміз әнмен қоса тақпақты да жақсы айтады. Кәне, тыңдаңызшы. Ал, сіз кәрісіз, шыршаның түбіне отырып тыңдаңыз. Аяз-Ата:Ой, қандай өнері балалар, келіңдер, сендерге кәмпит берейін. Жүргізуші: Аяз-Ата, біздің Сырым баламыз да сізді асыға күтіп жүр. Аяз-Ата: қандай өнерлі балалар, мен бүгін біраз жасарып қалдым. Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Ақшақар: Аяз-Ата, балаларға сыйлықтар әкелдің бе? Аяз-Ата: Әрине, мен бір қап сыйлық әкелдім. Балалар маған тағы бір ән шырқап берсін, содан кейін мен сыйлықтарын таратамын. «Балдырған» әні. Аяз-ата сыйлықтар таратады. Аяз-Ата, Ақшақар: Ал, балалар, біз қайтайық. Біз басқа балалар да күтіп отыр. Жаңа жыл құтты болсын, Жаңа жыл мол табыс әкелсін. Денсаулықтарын мықты болсын, Сау болыңдар, балалар!
Жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар! «Кел, Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды, тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау-саламат болыңыздар!
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |