Ветеринарлық акушерлік және гинекологиялық аурулардың 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ветеринарлық акушерлік және гинекологиялық аурулардың

Поиск

Ветеринарлық акушерлік және гинекологиялық аурулардың

алдын алу және күресу шаралары

Табиғи жолмен ұрықтандыру тәсілі: еркін жүріп ұрықтандыру (далада, арнайы зонада аулада) және ұстап тұрып қолдан ұрықтандыру. Осы әдіс дұрыс деп саналадаы. Себебі, мұнда әрбір аталық малға бекітілген ұрғашы малды тексеріп, соған лайықтысын таңдап алуға болады, малдың денсаулығы (жыныстық органдары) тексеруден өтеді, қашыратын малдың санын реттеп отырады, яғни есеп-қисап жұмысын қатаң сақтауға болады. Жылына бір бұқамен 60-100 сиыр. Бір қошқармен 60 саулық, бір қабанмен 20 мегежін, бір айғырмен 40-50 биені қашыруға болады. Күйлеген малды алып келіп станокқа (тұғырға) қойып немесе бас жібінен ұстап тұрып қашырады, содан кейін алып кетеді. Тек оның күйлеген мезгілін дұрыс таба білу керек. Ал енді малды еркін қашыру кезінде аталық мал табында, отарда, үйірде үнемі бірге жүреді. Күйлеген малды шет қалдырмай өзі іздеп тауып алады, күйі қайтқанша қашыра береді. Малдың қысыр қалмауына толық мүмкіндік бар. Бірақ қашқан малдың есебін жүргізу, мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жүргізу қиын. Бір аталық малға бекітілетін ұрғашы малдың саны әлде қайда аз, 30-40 бастан аспайды. Аталық малға жыныстық жүктеме жоғары болғандықтан ол әбден титықтап болдырады. Бүгінгі таңда экономикалық жағынан тиімді, болашағы мол деп малды жалпылама қолдан ұрықтандыруға көшкен. Бірақ оны әрбір фермер өзі шешеді. Қолдан ұрықтандыру кезінде аталық мал мен күйлеген малдың арасында жыныстық қатынас болмайды, ұрықты ұрғашы малдың жыныс жолдарына арнайы аспаптармен апарып салады. Қолдан ұрықтандыру жұмысын әр түлік малдың табиғи ұрықтану үрдісін ескере отырып, соған сәйкестендіріп жүргізеді.

Табиғи ұрықтандырылу түрлері.

1) Қынаптық ұрықтандырылу;

2)Жатырлық ұрықтандырылу.

 Қынаптық ұрықтанатындарға күйіс малы, қоян жатады. Эякуляция кезінде шәует қынапқа түседі де, содан кейін жатыр мойнына жылжып барады. Бұл топтағы малдың ерекшелігі: жыныстық қатынас өте қысқа, тез 1-2 секундте өтеді, эякулят көлемі аз. Қосымша жыныстық бездері нашар дамыған, олардың секреті аз болғандықтан спермийлердің қанықтылығы өте жоғары, эякуляция синхронды (барлық жыныстық бездердің секреті бір мезгілде) бөлінеді. Қолдан (жасанды) ұрықтандыру. Қолдан ұрықтандырудың негізгі мақсаты-асыл тұқымды, құнды аталық малдан мейлінше көп төл алу, қысқа мерзімнің ішінде бүкіл малдың сапасын, өнімділігін арттыру, жаңа қолтумалар, гибридтер шығару. Асыл тұқымды малдың шәуетін алыс елді мекендерге апаруға, басқа мемлекеттен сатып әкеліп қолдануға, сондай-ақ шәуетті көп жинап алып, ұзақ уақыт (бірнеше ондаған жылдар бойы) сақтап қойып қолдана беруге болады.

Шу каласы округіне қарасты  “Шу” жеке қожалыққа барып жұмыс жасадым. Қожалықта негізінен ірі қара мен қойлар өсірумен айналысады екен. Бас мал дәрігер маған малдың буаздығын анықтауды үйретті жұмысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді: атап айтқанда, төл алудың, өндірілітін сүттің жоспарын жасайды, мал төлдету мерзімдері алдын ала көрсетіліп, қоражай, жем-шөпті дайындап қояды, буаз малдың өзіне арналған рационын жасайды, су алатын уақытын белгілейді, қашпай қалған мал болса, оның себебін анықтап, қайта қашырып қысыр қалмауын қадағалайды. Малдың буаздығын анықтау үшін оны: анамнез мәліметтерін жинау, малдың жеке карточкасындағы, кітапшадағы мәліметтерімен танысу, малды сырттай ұстап тексеру, қынап және тік ішек арқылы зерттеу,Бұл аталған әдістердің бәрін жасап шығу шарт емес, көп жағдайда, малдың буаз немесе қысыр екендігін анықтауға бір-екі әдістің өзі-ақ жеткілікті болады.Буаздықты тік ішек арқылы анықтау. Бұл әдісті малды ұрықтандырған күннен бастап 1,5-2 айдан кейін қолданады, одан бұрын зерттегенде мал іш тастап кетуі мүмкін. Тік ішек арқылы зерттеуді негізінен таңертенгілікте жүргізген дұрыс.Зерттеу жүргізетін кісінің үстінде арнайы киім болады, атап айтқанда резиналы алжапқыш, акушерлік- гинекологиялық қолғап, аяғына шылғау мен етік киеді. Зерттеуді жатыр мойнын табудан бастайды. Ауру емес, қысыр сиырдың жатыры (мойны, тармақтары), екі ұрық безі де жамбас қуысында жатады.Жатыр мойыны 8-12 см цилиндр тәрізді өте тығыз орган, одан әрі қарай жұмсақ ұзындығы 2-3 см, жатыр денесі және екі жаққа бөлініп, астына қарай бүктеліп ұзындығы 20-25 см жатыр тармақтары жатады.

Екі бүйірі түсіп, емшегінен уыз тәрізді сұйық бөлінеді. Құйрық түбі мен жамбас сіңірлері босаған. Желінінде қарнының астыңғы жағында салқын ісіктер пайда болады.

3) туу бөлімінде жұмыс жасау және қағидаларымен танысу

Буаздық мерзімі аяқталып, жатыр ішіндегі өсіп-жетілген тірі төлді, қағанақ қабықтары мен шарана суын сыртқа сығып шығаратын физиологиялық-құбылысты туу үрдісі деп атайды. Туу үрдісінде (partus) үш фактор: бірінші фактор- төл, қағанақ қабықтарымен шарана суы, екінші фактор- жамбас қуысы мен туу жолдары (жатыр мойны, қынап және қынап кіреберісі мен жыныс ернеулері), үшінші фактор- толғақ күштері (жатырдың жиырылуы, яғни кіші толғақ және диафрагма мен қарынның жиырылуы, яғни ащы толғақ) өзара өте күрделі қатынасқа түседі.Туу үрдісі басталмай тұрғанда төл жатыр ішінде шалқалап аяқтары бүктеліп жататын. Жатырдың жиырылуы әсерімен төл біртіндеп жамбас қуысына дұрысталып басымен, не артқы аяқтарымен жоғары позицияда ұзына бойын түзеп, аяқтарын созып келеді. Шарана сулар ағып төгілгенде соның екпінімен төл сырғып келіп жамбас қуысына кептеледі. Бұл туу үрдісінің екінші сатысының басталуы. Енді кіші толғаққа ащы толғақ қосылады, яғни тек қана жатыр жиырылып қоймай, оған қосылып диафрагма, қарын көк өттері жиырылып төлді жамбас қуысынан сығып шығаруға тырысады. Жатыр бұрынғыдай әлсіз ғана емес үлкен күшпен жиырылып төлді қысады, жиырылу уақыты 3-4 минутқа дейін созылып, арасындағы үзіліс өте қысқа 3-5 сек.ғана жетеді.Үй жануарларының ішіндегі ең қиналып туатыны сиыр: оның жамбас сүйектерінің құрылысы, бұзаудың дене бітімі (мойны қысқа, аяқтары жуан, қысқа) туу актісінің өтуіне ыңғайсыз. Жатыр мойнының ашылуы 6-12 сағатқа, төлді шығару орта есеппен 3 сағатқа, шудың бөлініп түсуі 6-8 сағатқа созылады. Сонымен сиырлардың туу актісі 10-20 сағатқа созылады. Мал қиналмай туу үшін оны жеке бокста төлдеткен дұрыс, оның қасында ешқандай айқай- шу, бөтен кісі болмауы керек. Бокстің ішінде мал байланбай бос жүреді, жатқысы келсе жатады. Сиыр аяқтарын бауырына бүгіп жатып туса жамбас, сауырын бұлшық еттері босап төлдің шығуына оңай болады.

Өсіп жетілген төлдің үстін түгелдей қалың жүн жауып тұрады. Бұзаудың салмағы 25-40 кг., 6 күрек тісі болады, қозы-лақтың салмағы 3-5 кг, торай 1- 1,5 кг. тартады, күшіктердің тісі болмайды. Көзі жұмылуы, құлақтары жабысып қалған болады, көжектердің салмағы 100 гр. шамасында, жүн болмайды, қызыл шақалақ болып туады. Мал төлдетуді ұйымдастыру. Мал төлдету жауапты науқан, оған мұқият дайындалу керек, атап айтқанда, қора-жай, жемшөп, отын-су, бағып-күтуші кісілер , жәрдемші жұмысшылар , қажетті дәрі-дәрмектер, аспаптар бәрі де сақадай сай тұрғаны дұрыс. Сонда ғана жаңа туған төлді шығынсыз өсіріп анасының денсаулығы мен беретін өнімін сақтап қалуға болады. Сиыр бұзаулайтын қора жалпы аналық бастың 10 пайызына жететіндей есеппен салынады. Іші жылы, құрғақ, жарық, едені тақтайдан жасалынады. Қораның қасында өтпе жел тимейтіндей малды серуенге шығаратын кең ашық алаң болады және жас бұзауларға арналған жеке қора болады, оның іші секциялардан немесе жеке үйшіктер тұрады. Үйшіктерді далаға ашық алаңға орналыстарса да болады. Қораның ішінде сиыр бұзаулайтын арнайы бокстер болады, оның көлемі 3x3, 5м, қабырға биіктігі 1,8 м, бокстың ішінде мал бос жүреді. Одан басқа бұл қораның ішінде туа алмаған малға көмек көрсететін бөлме, ішінде қажетті дәрі-дәрмектер, аспаптар сақталатын дәріхана, кезекші күтушілер, демалатын бөлме болады. Қораға бөтен кісілер кірмейді. Сиырды бұл қораға тууға 10-15 күн қалғанда үсті-басын жуып тұяқтарын тазалап алып келеді, туғаннан кейін тағы 15 ұстайды. Сиырларды туғанға дейін де, туғаннан кейін 3 күннен бастап күнделікті серуенге шығарып отырады.Сиырлардың дене температурасын өлшеп, желініне массаж жасап отырады. Туайын деп жатқан малға жалпы жақындамаған дұрыс, қағанақ қабықтары жарылып,, шарана суы ағып шыққанша ешқандай көмек көрсетудің қажеті жоқ.

 1.Жатыр мойны ашылып, туу жолдарының түзелуі,

2. Жатырдағы төлді сығыпшығару,

3. Шудың бөлініп түсуі.

Шудың түспей қалуы (Retentio placenta. S.Retentiasecundinarum). Туу үрдісі шудың бөлініп түсуімен аяқталады. Сиырлардың шуы 5-6 сағаттың ішінде бөлініп түседі, биенің шуы 0,5 сағатта, қой мен ешкінің, шошқа, қоян, ит, мысықтың шуы 2-3 сағаттың ішінде бөлініп түседі. Шудың түспей қалуы көбінесе көктемде сиырларда кездеседі. Шудың түспей қалуының негізгі себебі бар, ол жатырдың атониясы, немесе хорион мен жатыр кілегей қабығының (плаценталары) жабысып қалуы. Жатыр атониясы малдың рационында минералды заттардың, витаминдердің жетіспеуінен, далаға шықпай бір орында байланып тұрып қалып, шамадан тыс семіріп кетіп, немесе арықтап кетуінен болады. Сиырдың тұрған жері тегіс болмай, артқы аяқтана салмақ түсіп қисайып тұрса да осындай орын алады. Ал енді плаценталарының жабысып қалуы көбінесе, инфекциялық аурулардың нәтижесі деп білеміз, атап айтқанда, бруцеллез, вибриоз, трихомонозбен ауырған сиырлардың бәрінің де шуы уақытында өздігінен бөлініп түспейді. Малды қолдан ұрықтандырған кезде, әсіресе, мано-, ректоцервикальді әдіспен ұрықтандырғанда жатыр мойны ішіндегі шырыштың тосқауылдық қасиеті бұзылып шәуетпен бірге зиянды микрофлора өтіп кетіп, кейіннен плацентаның қабынуына әкеліп соқтырады.

Клиникалық белгілеріне қарай шудың түспеуін толық және жартылай түспеді деп бөлеміз. Қағанақ қабықтары түгелдей (амнион, аллантоис, хорион) жатыр ішінде қалып қойса, оны шудың толық түспеуі, ал аллантоис, амнион, тіпті хорионның да біраз плаценталары ажырап сыртқа шықса, ол шудың жартылай түспеуі болып саналады. Сырттай қарағанда, сиырдың артқы жағында жыныс саңылауынан тілерсегіне дейін салбырап тұрған қағанақ қабықтарын көреміз. Түспей қалған шу 2-3 күннен кейін-ақ іріп-шіріп, сиырдың қасына барғанда сасық иіс білінеді, жатырдың кілегей қабығы тітіркеніп қабына бастайды (эндометрит), малдың дене қызуы көтеріліп, ас қорыту органдарының қызметі бұзылады, іші өтеді. Бұл интоксикацияның белгісі еді, оған қосымша малдың сүті кеміп, желінсауға айналады. Малдың қарны жабысып, жүні үрпиіп, белін бүкшитіп тұрады, жатыр мойны ашық болғандықтан күшенгенде жыныс органдарынан сасық іріңді жалқыаяқ ағып шығады. Тиісті шара қолданбаса, патологиялық үрдіс сепсиске айналып, мал өліп кетуі мүмкін. Биенің шуы түспей қалуы өте қауіпті, қара мал сияқты көпке шыдамайды, өліп кетеді.

Жатырдың қабынуын (Endomitritis) емдеудің жалпы қағидалары. Туғаннан кейінгі жіті эндометриттерді емдегенде көп жыл бойы антибиотиктер қолданылды, соның нәтижесінде ауру тудырғыш микробтар сол қолданып жүрген антибиотиктерге үйреніп алып, тіпті, антибиотик араласқан жерде жақсы өсетін болды, яғни ауруға антибиотиктердің емдік қасиеті төмендеп, жоққа жақындайды.

Емдеу шаралары мынадай негізгі бағытта жүргізілуі керек:

-жатыр ішін дер кезінде экссудаттан толығымен тазарту;

-ауру тудырғыш микробтарды жою;

-жатырдың тонусын қалпына келтіру;

-жатыр кілегей қабатындағы жарақаттардың жазылуын қамтамасыз ету;

-организмнің жалпы резистенттігін көтеру.

Алдымен ауру малдың сарпайын, қынап кіреберісі мен қынап ішін әлсіз дезинфекциялық ерітінділермен жуып шаяды. Жатыр ішіндегі экссудаттарды вакуум-насоспен, К.А.Елпаковтың аспабымен немесе Жанэ шприцімен сорып алады, оған мүмкіндік болмаса, кәдімгі Эсмарх кружкасымен жуады. Жууға 3-5 пайыздық хлорлы натрийдің ерітіндісі (гипертоникалык), 2 %-дық тұзды-сода, 2-3 пайыздық ихтиол, 1-2 пайыздық сутегі асқынтотығы, фурациллин 1:5000, немесе маргенец қышқылды калийдің 1:2000-5000 ерітіндісі, этакридин лактат1:1000 қолданылады. Ерітіндіні қысыммен, күшпен жіберуге болмайды және бір ретке жіберілетін (құйылатын) ерітіндінің мөлшері 3 литрден аспаған жөн, құйылған ерітіндіні толығымен сорып шығарып тастағаннан соң ғана келесі порцияны құяды. Ерітіндінің температурасы дене температурасындай болғаны жөн. Жатырдың ішін көп жуа беруге болмайды, себебі одан жатыр атониясы пайда болады әрі жатырдың кілегей қабығы жидіп, көшіп түсуі мүмкін. Әдетте, бүкіл емдеу барысында (алғашқы кезде) 1-2 рет жуса жетіп жатыр. Жатырдың тонусы жақсы болып, ішінде экссудат көп болмаса, жуудың да қажеті жоқ, тік ішек арқылы жатырға массаж жасайды. Патологиялық үрдіс іріңді, фибринозды, некрозды, гангренозды түрінде өтіп қатты ауыратын болса, периметрит немесе параметритке асқынған болса, жатырға массаж жасауға болмайды. Ауру тудырғыш микробтарды жою үшін жатыр ішіне әртүрлі антимикробты препараттарды салады. Олар ерітінді, суспензия, эмульсия, май тәрізді, ұнтақ, балауса таяқшалар, капсула немесе қатты таблеткалар түрінде болуы мүмкін. Атап айтатын болсақ, көп қолданылып жүрген: экзутер, фуразолидон таяқшалары, капсуладағы гептиметрин, трициллин ұнтағы, стрептоцид немесе левомицитин эмульсиясы, Вишневский бальзамы, Коньков майы, ихтиолдың 20 %-дық ерітіндісі, ваготилдің 3 %-дық ерітіндісі, йод-йодур ерітіндісі, йодосол, йодгликоль, тағы сол сияқты препараттар. Сұйық ерітінді, эмульсия, майлы дәрілерді қолданар алдында оларды дене температурасына дейін қыздырып, 150-200 мл шамасында жібереді. Бүкіл емдеу барысында жатыр ішіне дәрі жіберуді арасына 24-48 сағат өткізіп 5-6 рет қайталайды Жатыр ішіне сұйық дәрілерді Жанэ шприці арқылы жібереді, қатты таблеткалар мен балауса таяқшаларды, капсулаларды қолмен тікелей жатыр мойнынан өткізіп салады. Этитропты емдеу (антимикробты препараттарды қолдану) әдістерімен қатар жатыр тонусын көтеретін де дәрілерді қолдану керек. Ол үшін бұлшық етке окситоцин, питуитрин сияқты гормональді препараттарды салады. Дозасы 8-10 мл (40-50 ЕД) күніне 1-2 рет 4-5 күн қатарынан жібереді. Жіті эндометрит кезінде окситоцин, питуитринге деген организмнің сезімталдығы өте төмен. Сондықтан окситоциннің әсерін күшейту үшін алдымен 8-10 сағат бұрын 3-4 мл синестрол немесе 10 мл фолликулин салу керек, содан кейін ғана окситоцин жақсы әсер етеді. Эстрогенді препараттарды (синестрол, фолликулин) 2-3 күнде бір қайталаса болады. Бұл препараттар тек қана жатыр тонусын күшейтіп қоймайды, сонымен қатар жатыр мойнын ашып, оның бездерінің қызметін күшейтеді, кілегей қабатының эпителийінің тез жазылуына әсер етеді.

Кейде жатыр тонусын күшейту үшін окситоциннің орнына 2-3 мл 0,1 %- дық карбохолинді, 0,5 %-дық прозеринді, эстрофан, энзопросты қолдануға да болады. Бұл емдеу шараларына қосымша міндетті түрде организмнің жалпы резистенттігін көтеретін, регенеративті үрдістерді күшейтетін мына төмендегідей емдерді қолдану керек:

1.Дәрумендер. Тері астына 10 мл (тривитамин) арасына 10 күн салып 2-3

рет жібереді.

2.Ихтиол. Көбінесе, 7 пайыздық ерітіндісі қолданылады. Ерітінді 20 пайыздық глюкозаға 0,5 пайыздық новокаинге, немесе 0,9 пайыздық хлорлы натрийге қосып дайындауға болады. Ихтиол ерітіндісін сауыр бұлшық етіне жібереді, дозасы 20-30 мл арасына 48 сағат өткізіп 2 рет қайталайды.

3.Уыз. Биогенді қоздырғыш дәрі есебінде. Оның құрамында дәрумендер, гормондар, белоктар, макро-микроэлементтер бар. Тері астына 20 мл мөлшерінде жіберіледі.

4.АСД-2. Физиологиялық ерітіндіге қосып 5 пайыздық ерітінді жасайды (1 мл АСД-2 +19 мл 0,9 %-дық NaCL). Препаратты тері астына 20 мл мөлшерінде арасына 7-10 күн салып 2-3 рет салады. 

эндометритке шалдыққан сиырға ем жүргіздім.

Rp.: Oxytocini 5 ED -1000,0

D.S. Бұлшық етке.

 #

Rp.: Natry Hydroxcydi 4,0

 Aquae destillatadae 400,0

Misce fiat solutio

D.S.жатыр ішіне.

 #

Сүт безінде әртүрлі патологиялық процестер өтіп жатады. Олардың емдеу шаралары әртүрлі болғандықтан патологиялық үрдістің сипатын ажырата білуіміз керек. Ол үшін сүт безіне және бүкіл организмге арнайы жүйемен зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оларды клиникалық және зертханалық әдістерге бөлуге болады. Клиникалық зерттеулерге анамнез мәліметтері, организмді жалпы зерттеу және желінді арнайы зерттеу жатады. Анамнез: қашан бұзаулады, туу үрдісі мен туғаннан кейінгі кезең асқынусыз өтті ме, бағып-күтімі мен азықтануы қалай еді, туғанға дейінгі, туғаннан кейінгі кездегі сүт безінің клиникалық жағдайы қалай еді, бұрынғы жылдары желін ауруы болып па еді, сауу режимі сақтала ма, малдәрігерлік-санитарлық шаралар орындалады ма, шаруашылықта жалпы желін аурулары көп пе, сиырдың сүттілігі қандай, сиырдың ауырғанына неше күн болды, ауруы қалай білінді, кім емдеді деген сұрақтарға жауап алатын болсақ, аурудың туу себебін, патологиялық үрдістің сипатын ажыратуға біршама мүмкіндік туады. Желінді зерттеу. Қарап көру, ұстап көру және сауып көру сияқты тәсілдерден тұрады. Желінді сиырдың артқы жағынан және жанынан келісі қарайды. Желіннің оң жақ бөлігі мен сол жағын салыстырады: көлемі,терісінің түсі мен бүтіндігі, тығыздығы, температурасы, малдың реакциясы, сүттің түсі, иісі ескеріледі, бөгде заттардың болуы(құм, ірің, іртік, ұйынды,

фибрин) сасық иіс, т.б. белгілер аурудың сипатын анықтауға мүмкіндік

береді. Соңынан желін үсті лимфа түйінін зерттейді. Зертханалық зерттеу. Аурудың диагнозын дұрыс қою үшін клиникалық зерттеулерге қосымша сүтті немесе желіннің басқа секретін зертханалық зерттеулерден өткізеді. Зертханалық зерттеулер, әсіресе субклиникалық (жасырын) желінсауды анықтауға және желінсауды емдеу нәтижесіне бақылау жасау үшін қажет. 1.Димастинмен тексеру. Димастиннің 5-10 пайыздық судағы ерітіндісін дайындап алады. Сиырдың әр емшегінен жеке-жеке арнайы ыдысқа 1 мл секрет сауып алып, оған сондай көлемде димастин ерітіндісін қосып араластырғанда, сиыр ауру болса, сүттің түсі алқызыл түске боялып, ұйынды пайда болады. Сүт таза болса, түсі сарғылт тартады, ұйынды болмайды.

2. Бромтимолмен тексеру. Бромтимолдың 0,5 пайызды спиртті ерітіндісін дайындап алады, ( 50 мл дистилденген су + 50 мл этил спирті + 0,5 гр бромол). Арнайы ыдысқа әр емшегінен жеке-жеке 1 мл сүт сауып алып, оған 3-4 тамшы реактив қосып араластырғанда, сиыр ауру болса, сүттің түсі қою жасыл-көкке боялады. Сүт таза болса, тек әлсіз ғана сарғылт-көкке боялады.

3. Сүтті тұндыру. Кәдімгі бактериологиялық пробиркаға 10-15 мл сүт сауып алып, емшегінен алынғанын белгілеп, тоңазытқышқа (+4 +6°) келесі күнге дейін салып қояды. Сиыр ауру болса, пробирканың түбіне тұнба түседі, бетіндегі қаймағы өте аз (0,1-0,2 см) болады. Сүт таза болса, пробирканың түбіне тұнба болмайды, қаймағының қалыңдығы 0,5-1,0 см болады.

4. Уайтсайд әдісімен тексеру. Пробиркаға 5 мл сүт сауып алып, оған 2 мл натрий сілтісінің (ОН) 4 пайызды ерітіндісін құйып, араластырғанда сиыр ауру болса, алғашқы 20-30 секундтың ішінде сүт ұйып қойыртпаққаайналады. Ол сүттің құрамында лейкоцидтердің көбейіп кеткендігін көрсетеді.

5. Бактериологиялық әдіспен тексеру. Стерильді пробиркаға әр емшегінен жеке-жеке сүт сауып алып, бұрыннан белгілі бактериологиялық әдіспен тексереді. Онда сүттің 1 мл –індегі микробтардың жалпы санын және олардың тегін (стафилококк, стрептококк, грибтер, немесе ішек таяқшалары) әртүрлі антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды. 14-бас малдың сүтін мастике тексеру нәтижесінде, 2 бас сиыр эндометрит болып шықты, зерттей отырып оның іріңді маститке ұшырағанын анықтадық.

Іріңді желінсау (Mastitis parulenta). Іріңдеткіш стрептококктар мен, стафилококктардың қатысуымен катаральді және фибринозды желінсауларіріңді желінсауға ауысады. Желіннің ауырған бөлігі үлкейген, терісі қатты керіліп, ұстағанда ауырады, қызуы көтерілген. Сауып көргенде сүттіңорнына азғана іріңді экссудат бөлініп шығады. Малдың жалпы жағдайы нашар, күйзелісте, тамыр соғуы, тыныс алуы жиілеп, жемшөпке қарамай тұрып қалады, дене қызуы 40º көтеріледі. Бірнеше күннен кейін жіті процесс созылмалы түрге ауысады да, желіннің паренхимасы біртіндеп өліп, орнына дәнекер ткань пайда болады. Сондықтан желіннің ауырған бөлігі кішірейіп, қатая түседі, кейбір жерлерінде ірің толған былқылдаған қуыстар бар екендігі білінеді. Малдың клиникалық жағдайы дұрыстала бастайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 97; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.01 с.)