Мақаланы рәсімдеу ережелері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мақаланы рәсімдеу ережелері

Поиск

 

МАРАТ ОСПАНОВ атындағы БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

ЖАСТАР ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ

* * *

№2 ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ

 

 

Медицина ғылымдарының докторы, профессор,

ҚР МҒА мүше-корреспонденті

Қыдырқожа Абдолкәрімұлы Жаманқұловтың

80 жылдық мерейтойына арналған

«ЖАМАНҚҰЛОВ ОҚУЛАРЫ: ТЕРАПИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

атты ғылыми конференциясы

(30 наурыз 2020 жыл)

 

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің жастар ғылыми қоғамы және №2 ішкі аурулар кафедрасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 30 наурызындауниверситетімізде «ЖАМАНҚҰЛОВ ОҚУЛАРЫ» атты ғылыми конференциясы болатынын хабарлайды.

 

Конференцияның өткізілетін орны: Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Ғылыми Кеңесінің залы, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Маресьев к., 68.

 

Конференцияның өтетін уақыты: 09.00 – 15.00.

 

Жарияланым және конференцияға қатысу: тегін

 

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

 

Конференцияға қатысуға келесі бағыттағы жұмыстар қабылданады:

· Терапиядағы фундаменталды зерттеулер

· Терапиядағы пәнаралық зерттеулер

· Терапиядағы сандық технологиялар

· Популяциялық және профилактикалық терапияның өзекті мәселелері

· Терапиядағы визуалдық технологиялар

· Ішкі ауруларды диагностика және емдеудің өзекті мәселелері

· Реабилитация және тағы басқалар

· Түпнұсқа мақаланың көлемі: 1700 сөзден аз болмауы керек (түйін, кесте, сурет және әдебиеттер тізімін қоспағанда).

· Түпнұсқа мақалалар қолжазбасы келесі тараулардан болуы тиіс: «Кіріспе», «Әдістер», «Қорытынды» және «Қорытындыны талқылау». Түйінін бөлек тарауға бөліп жазу міндетті емес. 

· Шолу мақаланың көлемі 2500 және одан көп сөзден құралуы тиіс (түйін, кесте, сурет және әдебиеттер тізімін қоспағанда).

· Шолу мақалалар автор қалауы бойынша құрылады.   

· Мақала мәтіні Microsoft Word бағдарламасында Times New Roman шрифтімен 12 пункт өлшемімен 1,5 жоларалық интервалмен дайындалады.

· Үстіңгі және астыңғы жиектері 20 мм, сол жақ жиегі 30 мм, оң жақ жиегі 10 мм-ден кітап бағдарында (портрет) болады. Сөздерді тасымалдауға болады.

· Титулды бетінде

ü Мақала тақырыбы

ü Әр автордың тегі мен инициалдары

ü Авторларға тиесілі барлық мекемелердің толық атаулары. Егер авторлар әртүрлі мекемелерде жұмыс жасаса, әр автор мен мекемесінің байланысы жоғарғы регистрде нөмірленуімен жүзеге асырылады.

ü Редакциямен қатынасхатқа жауапты автордың Email-ы

· Түйін (аннотация): қазақстандық авторлар үшін ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде, жақын шетел авторлары үшін орыс және ағылшын тілдерінде, алыс шетелдік авторлар үшін ағылшын тілінде жазылады.

· Түйін көлемі 200 сөзден кем болмауы, бірақ 300 сөзден көп болмауы тиіс.

· Түпнұсқа зерттеулер үшін жазылған түйін келесі құрылымдық түрде болуы керек: мақсаты; әдісі; қорытындысы; түйіні. Редакция түйіндеменің «Қорытынды» бөлімінде алынған нәтиженің сандық мәндерін және статистикалық болжамдарды тексеру кезіндегі жеткен маңыздылықтың деңгейін көрсетуді ұсынады. 

· Бірінші мақаланың басты тексті жазылған тілде түйін беріледі. Кейін қалған екі тілде. Мысалы, мақала қазақ тілінде жазылған болса, онда бірінші түйіндеме мен кілт сөздер қазақ тілінде беріледі, кейін орыс және ағылшын тілдерінде.

· Түйіндеменің астында зерттеу барысында мәселені көрсететін 5-7 кілт сөздер жазылады.

· Әдебиеттер тізімі ванкувер чстиліне сәйкес, мүмкіндігінше соңында DOI индексі (digital object identifier, мақаланың бірегей сандық идентификаторы) дереккөзін көрсете отырып ресімделеді. Мысалы:  

ü Marx W. Tracking historical papers and their citations. European Science Editing 2012;38(2):35–37

· Библиографиялық сілтемелер мәтінде мақала мәтіні бойынша дәйектеу өлшемімен араб сандарымен тік жақшаларда беріледі

· Мүмкіндігінше заманауи басылымдарға (2004 жылдан бері қарай) сілтеме жасаған жөн. Түпнұсқа мақалалар үшін дереккөздер саны 30-дан, шолу мақалалар үшін 50-ден аспауы тиіс.        

· Редакция әдебиет тізімінде ұлттық және ресейлік (~50% сомада) және халықаралық рецензияланатын басылымдарда (~50%) жарияланған алыс шет ел басылымдары арасында тепе-теңдікті сақтауға кеңес береді. 

· Редакция доклад тезистеріне, диссертация авторефераттарына сілтеме жасауды құптамайды. Сілтемелерді қолжазба авторлары түпнұсқа құжаттармен салыстыруы тиіс. Автор библиографиялық дереккөздердің анықтығына толықтай жауапты.       

· «Түйін» (тұжырым) тарауынан кейін редакция авторлардың әр автордың қосқан үлесі, жұмыстың қай жоба аясында орындалғандығы, қаржылық мәліметтері, мүдделер қайшылығы жөнінде және алғыс сөздерді жазуын құптайды.

· Қабылданбаған мақалалар кері қайтарылмайды. 

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған мақалалар қабылданады. Автор/авторлар бұрын басқа басылымдарда жарық көрмеген жұмысты ұсынуы қажет.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 59; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.009 с.)