Тақырыбы: Аққаланың мұрны 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырыбы: Аққаланың мұрны

 

 Келісілді                                                                                                      Бекітемін                                                                                                 

 КМҚК «Ақбота»балабақшасының                         ________А.А.Баймухаметова

 әдіскері                                                                КМҚК «Ақбота»балабақшасының                                                                                                                                         

                                                                              директоры

 

                     

 

 

                                                                                                           

                           

 

 

                         КМҚК «Ақбота»балабақшасының  

                                 № 2 «Шөжелер» кіші тобы

                                   Ертеңгілік сценариясы     

   Тақырыбы: Жаңа жылдық ертеңгілік. «Аққаланың мұрыны»

                                              Дайындаған: Ән күй жетекшісі:Доскалиева.М.И. 

                                                                        Тәрбиеші:Мұсафарханова А.Қ

                          Қарағанды қаласы 2015-2016 жж

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, Жаңа жылда татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.

(Әсем әуенмен балалар залға кіреді.)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар ата-аналар!Мерекеге қош

келдіңіздер!Ұлдарыңыз ер жүрек,қыздарыңыз  инабатты болсын!жаңа-жыл,жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін. Келе жатқан - 2016 мешін жылы баршаларыңызға құт береке әкелсін.
                            Жасыл желек жамылған,

                        Асыл моншақ тағылған.

                         Міне сұлу шыршамыз,

                         Көптен күткен сағынған.

                         Кел балалар келіңдер,

                         Тамашаны көріңдер!

- Балалар, біздің шыршаның түсі қандай?

- Балалар:Жасыл.

- Шыршамыздың басында не бар?

- Балалар:Жұлдызша.

- Шырша немен безендірілген?

- Балалар:Әсем ойыншықтармен безендірілген.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар.

(Сол кезде шыршаның түбінде ақшақар қапшықты қарапжатады, сол кезде ақшақардың телефоны шырылдайды.)

Ақшақар:Ақшақар тыңдап тұр.

Аяз ата:Қалың қалай немерем?

Ақшақар:Сәлеметсіз бе,ата бүгін мереке ғой, ұмытып  кеткен жоқсыз ба?

Аяз ата:Қалай ғана ұмытайын.Жаңа жылдық мереке бір жылда, бір ақ рет келмей ме? Мен тек шамалы кідіремін,ал сен қай балабақшадасың?Ақшақар:Ата мен«Ақбота»балабақшасында сіз кешікпеңіз мен балалардың ойыншықтарын реттеп жатырмын .

Аяз ата: Жарайды немерем!

(Ақшақар қапшықтағы ойыншықтарды алады да,шыршаның артынан желдің даусымен бір айналып шығады)

Мына жерді қар басып тастапты ғой,енді қапшықтағы ойыншықтарды қалай жеткіземін?

Жүргізуші:Балалар анда ақшақар келіпті гой, көмектесеміз бе?

Балалар:Иә

(Бір- екі бала шананы шыршаның артына,сүйретіп шығарады)

Ақшақар: Салеметсіздер ме,менің достарым,мен сендерге ризамын өйткені сендер шанамдағы сыйлықтарымды үйілген қардан  құтқардыңдар, рахмет сендерге. Балалар мына жерде қараңдар,үйілген қар жатыр.

 (Ақшақар ақ матаны ашып қалады да,балалардан сұрайды)

Балалар мына жерде кім ұйықтап жатқан?

Балалар: Аққала

(Ақ матаны астынан аққала шыға келеді)

Аққала: Мен көңілді аққаламын, қар да, суық та, бәір маған қорқыныш емес,

Мен жаңа қардың асты болған да,ешқандай да,тар болған жоқ,керсінше қар асты кең.

Ақшақар: Аққала біз екеуміз балалардың жаңа жыл мерекесінде қонақтамыз.

Аққала:Қонақта? мен өте қуаныштымын (қалтасынан айнаны алып шығады да,айнаға қарайды)

Айнаға мен қарап тұрмын, маған бірдеңе жетіспейтін сияқты.

Ақшақар:Аққала сенің мұрның қайда?

Аққала: (іздейді) бетімде жоқ,не қарда жоқ,не шыршаның артында да жоқ,

көңіл –күйім бұзылып кетті,мен қазір жылаймын (жылайды)

Ақшақар:Сен тек жыламашы өтінемін,одан да,балалардың биі мен әнін  тамашалайық.

Ән:«Жаңа жыл – жаңа жыр» (балалардың бәрі шеңберге тұрып билеп ән айтады.)

Аққала:Қандай жақсы балаларсыңдар,бір-ақ менің көңілімді көтерген жоқсыңдар.

Ақшақар:Енді қайттық, мүмкін аққалаға, аяз ата көмектесе алатын шығар.

Мен қазір звандаймын.(ақшақар аяз атаға звандайды)

Аяз ата: - Аяз ата тыңдап тұр.

Ақшақар:Ата бізде бір қиыншылық болып тұр.Балабақшаға тез жетіңіз.

Аяз ата:Мен адасып кеттім,сендерді табалмай жатырмын.Ата деп айғаласаңдар мүмкін естіп қалармын.

Ақшақар:Балалар аяз атамыз адасып кетіпті кәнекей бәріміз бір дауыстан аяз ата деп шақырайық.

(Балалар бар дауыстарымен аяз ата, аяз ата  деп айғайлайды.)

Аяз ата: Ау,ау,естідім сендерге жеттім ау.

(Аяз ата кіріп,үсті басын қағып кіреді)

Аяз ата:Күннің аязынай,тіпті бораннан адасып кете жаздадым.

Салеметсіңдер ме,балаларым мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын! Бәрің қандай әдемісіңдер.

Жүргізуші:Салеметсіз бе,аяз ата біз де,сізді көргенімізге қуаныштымыз.Төрлетіңіз отырыңыз жолдан шаршаған боларсыз.Біздің бүлдіршіндер сізге арналған өлеңін тыңдаңыз.

Ән: «Аяз ата»

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар, өлеңдерің  тамаша екен.Балалар сендердің шыршаларың неге жанбай тұр.Мерекені ары қарай жалғастыру үшін кәнекей бәріміз бір ауыздан «Бір,екі үш шыршамыз жарқыра» - деп айтайық. (Балалар бәрі айтады)

(Сол кезде шыршамыз жарқырайды.)( Аққаланың жылаған даусы шығады)

Аяз ата:Сен неге жылап отырсың,кәнекей айта ғой,болмаса көрсете ғой.

Аққала: Менің мұрным қайда,қыста мұрынсыз қалай жүремін?

Ақшақар: Ата өтінем оған көмектесіңізші,оған мұрын сыйлаңызшы.

Аяз ата: Қарашы мына зал қандай керемет,мен саған сайқымазақтың мұрнын сыйлаймын. (Ата қапшықтан,сайқымазақтың  мұрнын алып шығады.Аққала оны тағып алады)

Аққала:Шынында да,мына жер көңілді екен.

Жүргізуші: Балалар ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Иә

Жүргізуші: Аққаланың көңілі көтерілген сияқты,аяз атаның қолғабымен бір ойын ойнайық.

Ойын: Аяз атаның қолғабымен.

Жүргізуші:Кәнекей ендеше балалар,аяз атамызға арнап тақпақтарымызды айтып берейік.

 

             Айым

             Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
             Құттықтаймыз әрине.
             Әкемізді, анамызды
             Қонақтардың бәрін де!

 

            Ақниет

               Жаңа-жылмен сіздерді

             Құттықтаймын мен бүгін.

             Бақыт қонсын басыңа,

             Сүрейік өмір жаңаша.

 

             Жаннур

               Алақай алақай,

             Құтты болсын жаңа жыл!

 

             Мансур

                 Төрле – төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!

 

 

С.Аружан

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Жасұлан

             Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей

Қызыл-ала шапаны

Сағындым Аяз атаны

 

Аққала:Өзіме тағы қарап тұрмын,мына мұрындарың  маған  келмейді.

Ақшақар:Саған неменесі ұнамайды?

Аққала: Сайқымызақтың мұрыны картоп сияқты,кішкені ұнайды,бірақ өз мұрыным ұзынырақ болатын.Өз мұрыным керек,өз мұрыным керек деп (Аяғымен жерді тепкілеп,мұрынын алып аяз атаға береді)

Аяз ата: Менің қапшығымда қалған жалмауыз кемпірдің мұрыны қалды.Мінекей  тағып көр.

(Аққала жалмауыз кемпірдің мұрынын тағып көреді)

Аққала: Ой ол маған бір түрлі ыңғайсыз,не тамақта жи алмайсың,не ұйықтай алмайсың.

Ақшақар:Кәнекей балалар аққалаға қар лақтырайық.

(Аққалаға балалар қар лақтырады)
Жүргізуші: Балалар аққалаға қар лақтыруларыңды қойыңдар.Одан да,қарды себетке салыңдар.(Балалар  қарларды жинап себетке салады)

Балалар ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар:Иә

Жүргізуші:Онда мына машинамен қар жинау ойынын ойнайық.

Ойын :Қар жинау

Аққала:Маған жалмауыз кемпірдің мұрыны керек емес.Маған өз мұрыным керек.

Аяз ата:Аққала мен сенің көңіліңді көтерейін бе?Кел оданда екеуміз билейік.

(Аққала мен аяз ата би билейді)

Аяз ата:Ой-ой, мен ыстықтап кеттім,қазір еріп кетемін.

Ақшақар:Менің ақ ұлпа достарым, аяз ата мен аққала ыстықтан көмектесіңдер.Айтпесе еріп кетер.Оларды салқындатыңдар

Би:«Ақ ұлпа»

Аяз ата:Ақ ұлпа қыздарым рахмет сендер, ыстықтан көмектестіңдер.Аққала сен қалай болдың?

Аққала:Аяз ата мүмкін менің өз мұрынымды тауып берерсіз.

Ақшақар:Ата шынында да,аққалаға көмектесейік.Мүмкін аққаланың мұрынын біреу алып кеткен шығар.Кім болды екен?

Мүмкін балалар аю алып кеткен шығар?

Балалар: Жоқ

Ақшақар:Мүмкін түлкі алған шығар?

Балалар: Жоқ

Ақшақар:Ендеше қасқыр алып кетті ме?

Балалар: Жоқ

Ақшақар:Балалар сәбізді қандай аң жақсы көруі мүмкін?

Балалар:Қоян

Жүргізуші: Қояндарды ендеше ортаға  шақырайық.

Би: «Қояндар»

(Билеп болғасы қояндардың біреуі аққалаға сәбіз әкеліп береді)

Аққала:Рахмет саған қоянжан,мінекей менің мұрным.

Аяз ата: Сәбізден мұрның бар,ризамысың кәнекей балалар шапалақтайық.

(Аққала мұрынын тағып,риза болады)

Жүргізуші:Біз аққаланың мұрынын іздегенше,тақпақ айтатын балаларымыз да,күтіп отыр.

Аяз ата: Тыңдайық бүлдіршіндердің тақпақтарын.

 

Тақпақтар:

Асқар

Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақ күпіге оранып

 

Ерсайын

Аяз ата аман ба?
Аман болғай қашанда
Қарша қызды сүйеміз
Ізетпен бас иеміз

 

              Алдияр

Көрдің бе Аяз атаны?
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұрты да
Аппақ екен шапаны

 

Ажар

Тамаша сый алып
Келді Аяз атамыз
Шаттанып қуанып
Шырқап ән саламыз

 

Айару

             Шырша қандай керемет
             Ойыншықтар ілінген
             Жымың қағып шамдары
             Бүкіл қызық тірілген

 

Жүргізуші:Біздің ортамызда  ата – аналарымыз отыр.Ата – аналармен бір ойын ойнасақ деймін.

Ойын: Ата – аналармен.

Жүргізуш: Енді балалар, көңілді биімізді билеп берейік.

Би: Көңілді би

Жүргізуші: Балалар аяз атамыз, биледі ме?

Балалар: Биледі

Жүргізуші: Сендердің өлеңдеріңді,тақпақтарыңды тыңдады ма?

Балалар: Тыңда ды.

Жүргізуші: Аяз атамыз не ұмытып кетті?

Балалар:Сыйлық.

Аяз ата:Иә,балалар шынында да,ұмытып барады екенмін,немерем сыйлықтарды әкеле ғой.

(Аяз ата  мен ақшақар сыйлықтарды балаларға үлестіреді)

Жүргізуші:Балалар аяз атамыз бен ақшақарға не деп айтуымыз керек?

Балалар:Рахмет!

Аяз ата: Балалар сендерге де рахмет, сендерге риза болдым,киген киімдеріңде әдемі.Солай емес пе,қызым? Ата – аналарыңды,тәрбиешілеріңді тыңдаңдар.Сендер ақылды тәртіпті болыңдар.Тәртіпті болсаңдар келесі жылы да,келіп сыйлықтар береміз.Біз еніді қайтайық,біздің басқа да,балабақшаға баруымыз керек.Ауырмаңдар,сау болыңдар!

(Ақшақар да,аққала да  балалармен  қоштасып  шығып  кетеді)

Жүргізуші:

Жаңа жыл келді міне жерімізге,
Әкеліп құт -береке елімізге,
Қиындық жолатпасын бәрімізге!

Құрметті қонақтар, балалар жаңа-жыл құтты болсын. Баршаларыңыздың отбасыларыңызға береке, қуаныш әкелсін,келер жылымыз мерекелі жыл болсын. Осымен жаңа жыл ертеңгілігіміз аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!

 

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды

 Қонақтардың бәрін де!

                                              Айым

Жаңа-жылмен сіздерді Құттықтаймын мен бүгін.

Бақыт қонсын басына,

Сүрейік өмір жаңаша.

                                              Ақниет

 Алақай алақай,

 Құтты болсын жаңа жыл.

                                            Жаннур

Төрле – төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

                                    Мансур

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

                       С.Аружан

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей

Қызыл-ала шапаны

Сағындым Аяз атаны

                                       Жасұлан

 

Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақ күпіге оранып               Асқар

 

Аяз ата аман ба?
Аман болғай қашанда
Қарша қызды сүйеміз
Ізетпен бас иеміз           Ерсайын

Көрдің бе Аяз атаны?
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұрты да
Аппақ екен шапаны                    

                                        Алдияр     

 

 

Тамаша сый алып
Келді Аяз атамыз
Шаттанып қуанып
Шырқап ән саламыз

                    Ажар

 

 

Шырша қандай керемет

Ойыншықтар ілінген
Жымың қағып шамдары

Бүкіл қызық тірілген 

                              Айару

Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.

               

 

 

   Хабарландыру!

Құрметті: Ата – аналар сіздерді

 қарашаның 27 – жұма күні,сағат 17 – 00 де, болатын ата – аналар жиналысына шақырамыз.Бәріңіздің қатысуларыңызды өтінеміз.

                                                      Топ тәрбиешілері

 

               

 

 

               

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.007 с.)