Ағындық өндірістің жалпы сипаттамасы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ағындық өндірістің жалпы сипаттамасы

Поиск

А) ағындық (тасқындық);

Б) партиялық (топтық);

В) бірлік.

Олардың ішіндегі ең тиімдісі – қазіргі талаптарға сай келетін ағындық әдіс. Бұл әдістің мәні технологиялық үрдістің барлық элементтерінің уақыт бойынша қатаң сәйкестігімен және еңбек заттарының жұмыс орындары бойынша өнім өндірудің белгіленген тактісі бойынша анықталады.

 

Өндірісдеп нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді дайындау үрдісін айтады. Өндірістің мазмұны еңбек қатынастарымен анықталатын негізгі үш элементтен тұрады:

Ø -ұтымды жұмыс немес еңбектің орындалуы;

Ø -адамның ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы;

Ø -еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы.

Материалдық өндірістің өнімі еңбек пен табиғат заттарының құралуынан тұратын материалдық игіліктерді дайындауға көмектеседі.

Жаңаша өндіріс ғылыми-техникалық революцияның негізінде дамиды және оның негізгі мазмұнына өндірісті автоматтандыру жатады.

Өндірістік бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет көрсету орындары, кәсіпорынды басқару, ұйымдастыру кешені, олардың саны, бір-бірімен байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы, өнімді өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның жалпы құрылымынқұрайды.

Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері, цехтар, бөлімшелер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен жұмыс орындары (өндірістік үрдіске тікелей немесе жанама қатысушы) арасындағы байланыстар жиынтығы өндірістік құрылымдықұрайды.

Ол еңбек өнімділігінің, өндіріс шығындарының деңгейін, материалдық өндірістің техника-экономикалық және географиялық жағдайы мәліметтері бойынша табиғат байлықтарын және техникалық тиімділігін анықтайды.

Кәсіпорынның ұтымды өндірістік құрылымын құру келесі тәртіппен жүргізіледі:

А) кәсіпорынның цехтар құрамын және оның берілген өнімді өндіруді қамтамасыз ететін қуатын анықтау;

Б) әрбір цехтың және қоймалардың орналасатын өндірістік алаңдарын есептеу;

В) кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы жалпы орталық жолдармен өзара байланысын жоспарлау;

Г) өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек затттарының цехтар арасындағы ең қысқа маршрутын белгілеу және т.б.

Өндірістік бөлімшелерге – цехтар, бөлімшелер, негізгі өнімді сынау, бақылау, тексеру жүргізетін зертханалар, комплекстік бұйымдарды, материалдар мен жартылай фабрикаттарды, пайдалану кезінде жөндеуге және бұйымдаррға қызмет көрсету үшін қажетті запас бөлікктері, технологиялық мақсаттар үшін керекті өндірілетін энергияның түрлері және тағы басқалары жатады.

Жұмыскерлерге қызмет көрсететін бөлімшелерге тұрмыстық-коммуналдық бөлімдер, олардың қызмет түрлері, асханалар, буфеттер, бала-бақшалар мен демалыс үйлері, профилакторийлер, дәрігерлік пункттер, спорт қоғамдары, өндірістік біліктілікті көтерумен айналысатын техникалық оқыту бөлімі мен оқу орындары жатады.

Өндірістік үрдістің жіктелуі де кәсіпорынның өндірістік құрылымын көрсетеді. Өндірісті ұтымды ұйымдастыру және ыңғайлы басқару қағидасы бойынша кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің жекелену жүйесі де оның құрылымын анықтайды. Осыған орай өндірістегі мынадай бөлімшелерді атап өтуге болады:

-кәсіпорын;

-өндірістік бірліктер;

-цехтар;

-ағындық жүйелер;

-секциялар (бөлімшелер);

-жұмыс орындары.

Кәсіпорынның негізгі құрылымдық бөлімшесіне цех жатады. Цехта маманданудың заттың белгісіне қарай толық өндірістік үрдіс орындалады да, өнім өндірудің көп белгісі немесе толық өндіру жұмыстары жүзеге асырылады. Цехтардың өндірістік-шаруашылық дербестік белгілері болуы керек.

Ағындық жүйе - өндірісті ұйымдастырудың негізгі объектісі. Ағындық жүйе бірнеше секцияларға бөлінеді. Секция еңбек заттарына әсер етудің жалпы сипаты бар бірнеше операцияларды біріктіру арқылы құрылады. Ал әрбір секция бірқатар жұмыс орындарынан құралады. Жұмыс орындарында арнайы жұмыс орындалып, өнімнің жаңа құны пайда болады.

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы кәсіпорында ороындалатын жеке өндірістікк үрдістердің өзара байланысты бөліктерінің ұйымдастыру-техникалық белгілеріне қарай бөліну жүйесін анықтайды.

 

3.Кәсіпорындардың өндірістік құрылымының үш түрі бар. Олар заттық, технологиялық және аралас (заттық-технологиялық) болып келеді.

Заттық құрылымдакәсіпорынның негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің әрқайсысы өнімнің бір түрін, не болмаса оның бөлігін (түйінін, агрегатын) немесе бөліктердің бір тобын өндірумен айналысады. Заттық құрылым көп жағдайда көп сериялы және жаппай өндірісті құрастыру цехтарында қолданылады. Мысалы: автомобиль зауыттары, аяқ-киім өндірісі.

Заттық құрылымның артықшылықтары өте көп. Ол цехтар арасындағы өндірістік өзара байланыстарды жеңілдетеді және шектейді, бөліктердің қозғалу жолын қысқартады, цехаралық және цехтық тасымалдау шығындарын азайтады және жұмыстың сапасын арттыруда жұмыскерлердің жауапкершілігін арттырады.

Заттық құрылым құрал-жабдықтарды технологиялық үрдістің орындалуына қарай орналастыруды, өнімділігі жоғары станоктар, құрал-саймандарды мен техникаларды қолдануды қамтамасыз етеді. Мұның бәрі өнімінң көлемін арттыруға, еңбек өнімділігін көтеруге және өнімнің толық өзіндік құнын азайтуға көмектеседі.

Технологиялық құрылымөндірістің технологиялық даралығын анықтайды. Мысалы: құю, ұстау, кесу, механикалық құрастыру цехтарын жатқызуға болады.

Өндірістік құрылымның мұндай түрі цехты басқарушылардың жұмысын жеңілдетеді, жұмыскерлерді орналастыруда және өнімнің бір номенклатурасын өндіруден екіншісіне өту кезінде өндірісті қайта құруда жеңілдік туғызады. Ал оның кемшіліктеріне бұйымның қозғалуыда қарсы маршруттарының пайда болуы, цехтардың өзара өндірстік байланыстарының қиырдауы, құрал-жабдықтарды қайта орналастыруда уақыт шығынрдарының едәуір көп жұмсалуы жатады. Мұның бәрі еңбек өнімділігінің артуына және өнімнің толық өзіндік құнын азайтуға кедергі жасайды.      

 Аралас (заттық-технологиялық)құрылым бір ғана машина жасау зауытында негізгі цехтардың әрі заттық, әрі технологиялық қағидаға негізделіп ұйымдастырлуын сипаттайды. Мысалы, машина жасау кәсіпорындарындағы жалпы өндірістің дайындау цехтары (құю,ұсталық,пресстік цехтары) технологиялық қағидамен, ал механикалық-құрастыру цехтары заттық қағида бойынша, орналастырылады. Мұндай кәсіпорын түрлері тек машина жасау ғана емес, жеңіл өнеркәсіп (аяқ-киім, тігін және жиһаз жасау) өндірісінде қолданылады. Өндірсті осылай ұйымдастырудың артықшылықтарына цехаралық тасымалдау жұмыстарының көлемінің азаюы, өнім өндірудің өндірстік цикіліның ұзақтығының қысқаруы, еңбек жағдайының жақсаруы, құрал-жабдықты жүктеудің жоғары деңгейі, еңбек өнімділігінің өсуі, бұйымрың толық өзіндік құнының азаюы жатады.

 

4.Кәсіпорында өндірісті ұйымдастырудың бірлік (жеке), сериялық және жаппай болып үш түрге бөлінеді.

Бірлік (жеке) өнім өндіретін өндірістетек өнімнің жеке түрі ғана өндіріліеді. Әрбір өнімді дайындау оның өндіріс жағдайына, өндіру ерекшелігіне қарай ұйымдастырылады.

Ал жаппай өндірісте өте көптен өндіріліп, онда өндірістік жағдай, қолданылатын материалдар, құрал-жабдықтар мен өңдеу тәртібі бірдей болып келеді.

Сериялық өндірісте өндірілетін өнімнің көлемі шектеулі болып, өндіріс берілген серияға бейімделіп ұйымдастырылады. Сериялық өндіріс серияның шамасына қарай көп, орташа және аз сериялы болып үшке бөлінеді.

Жеке өндіріс әмбебап құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, барлық өндіріс шығындары тек қана өнімнің бір түрін ғана шығаруға жұмсалады да, жұмысшылар сол өнімді өндіруге мамандырылады. Сондықтан жұмысшылардың біліктілігін жан-жақты пайдалануға мүмкіндік бола бермейді. Сонымен бірге өндірістің циклы ұзақ болады, өзіндік құны төмен болады.

Сериялы өндірісті жеке және жаппай өндірістің арасындағы аралық өндіріске жатқызуға болады. Техника-эконоимикалық көрсеткіштері де жоғарыда айтылған екі өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштерінің арасында болады. Серияның саны неғұрлым көп болса, соғұрлым жаппай өндірістке жақын, ал егер саны неғұрлым аз болса жеке өндіріске жуық болады. Келісім бағамен сатылатын ерекше сәнді бұйымдар аз сериямен шығарылады. Мұндай жағдайда кәсіпорын тұтынушылармен жеке байланыста болып, экономикалық қарым-қатынасты жақсартады. Сатуға арналған өнімнің ассортименті жөніндегікеліседі, шаруашылық келісімшарттар мен контракттарға отырады, ғылыми-зерттеу, жоба-конструкторлық және басқа да жұмыстарды жеделдетіп ұйымдастырумен айналысады.

Өндірістің шоғырлануы немесе кәсіпорындардың іріленуі,яғни өндірістің ірі кәсіпорындарға айналуы ғылыми-техникалық прогрестің жедел жамуымен, машина қуаттарының өнімділігінің өсуінің, басқару техникасының жетілдіруімен, сонымен қатар өндірілетін өнім көлемінің өсуімен тығыз байланыста болады.

Өндірістің шоғырлану деңгейін негізгі екі көрсеткішпен анықтауға болады:

А) кәсіпорынның шамасымен;

Б) ірі кәсіпорындардың жалпы өнеркәсіптегі алатын үлес салмағымен.

Ірі кәсіпорындардың саладағы немесе бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағын анықтау үшін статистика бойынша белгілі бір интервалдарды белгілей отырып, топтау әдісін пайдаланады.

Шоғырлану деңгейін бағалағанда өнеккәсіпте өндіріс ішіндегі және сыртқы факторлардың әсері есепке алынады. Өндіріс ішіндегі факторлары ресурстарды максималды пайдаланып, өнімнің ұтымды көлемін шығарумен тығыз байланысты. Сыртқы факторларға көлікпен тасымалдау, шикізат базасының көлемі, ресурстары, табиғи жағдайы және т.б.

Тік шоғырлану - бұл кәсіпорында шикізат өндірумен өнімді өткізуге дейінгі өндіріс сатылары кешенінің шоғырлануы. Тік шоғырлану - өндірістің шоғырлануының дайындау сатыларының бірі.

Көлденең шоғырлану– өзара технологиялық байланыспаған өндірістерді білдіретін әр түрлі салалардың фирмалары мен кәсіпорындарының бір басқару мен бақылауға шоғырлануы.

Капиталдың шоғырлануы- капиталдық жинақталу есебінен өсу үрдісі, яғни қосымша құнның бір бөлігінің капиталға айналуы.

Өндірістің шоғырлануы - өндірістің ірі және өте ірі фирмалар мен компаниялар аумағында көптеп шоғырландыру үрдісі.

Басқарудың шоғырлануы – белгілі бір объектіге қатысты жүзеге асырылатын басқару функцияларының жинақталуы. Бұл өндірісті басқару жүйесінің құрылымының ұйымдастыру сипаттамаларының бірі.Деңгейі тігінен басқару функцияларының бөлінуіне байланысты басқарудың орталықтануынан өзгеше басқарудың шоғырлануы басқару функцияларының басқарушы буындары арасында көлденең бөлінуімен анықталады.

Мамандандыру– кәсіпорынның негізгі қызметінің белгілі бір өнімінің, тауардың және қызметтің түріне байланысты мамандануын айтады.

Маманданудың үш нысаны бар:

А) заттық;

Б) бөліктік;

В) технолоигялық (сапалық)№

Кооперациялаудеп белгілі бір өнім түрін бірігіп дайындайтын фирмалар арасындағы ұйымдық, өндірістік және басқа да байланыстар жиынтығын айтады.

Фирманың өндірістік ресурстарын және мамандарын тиімді пайдалануда, қоғамдық еңбек шығындарын өндіріс және айналым аясында қысқарта отырып жүргізуде кооперациялаудың маңызы зор.

Кешенділеу (комбинирлеу) – бір фирма шеңберінде әр түрлі өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарын үйлестіру. Бұл шикізатты өніду сатысындағы өзгерістерді қамтиды.

Комбинаттар келесі белгілермен сипатталады:

-әр түрлі сала кәсіпорындарының бірігуі;

-өндірістің техника-экономикалық бірлігі және пропорционалдығы;

-энергетикалық жүйенің бірлігі;

-бір аймақта орналасуы;

-негізгі өндірістерге қосымша цехтар мен қызметтердің орталықтандырылған қызмет көрсетуі;

-басқару бірлігі.

Қазіргі кезде кешенделудің бағыттарына мыналар жатады:

А) өнімді өндіру сатыларының үйлесімділігі;

Б) шикізатты, мұнайды, көмірді кешенді қайта өңдеу;

В) қалдықтарды тиімді пайдалану№

 

5.Өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі факторларына келесілері жатады:

1. өнім көлемі- кәсіпорын неғұрлым ірі болғансайын, оның өндірістік цехтарының саны көп боады. Ағындық жүйе күшті және мамандандырылған цехтардың саны шағын кәсіпорындарға қарағанда көп болады.

2. пайдаланылатын материалдардың сипаттамасы- өндірістік үрдістің орындалу барысында өнім сапасын арттыру мақсатымен материалдардың көп түрі қолданылатын болса, онда өндірістік құрылым да күрделі болады№

3. өндірісті шоғырландыру, мамандандыру және кооперациялау деңгейі мен нысандары- өндірісті ұйымдастырудың шоғырландыру, мамандандыру және кооперациялау түрлерінің деңгейін арттыру кәсіпорынның өндірістік құрылымын жеңілдетеді, өндірістік үрдісті өндірістік-техникалық жабдықталуын арттырады.

4. қолданылатын техника, технология және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру нысандары- кешенді фактор дербес секциялардың бөліну қажеттілігін туғызады.

Өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі бағыттары келесі:

А) кәсіпорыннан негізгі өндірістің жеке бөлімдерін бөліп шығару;

Б) өндірістік кәсіпорынды заттық белгісіне қарай мамандыру өндірістік құрылымның біркелкі болуын қамтамасыз етеді;

В) өндірістік кешендер құру кәсіпорын шеңберінде өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі түріне жатады;

Г) қосымша және қосалқы өндірісті жеке кәсіпорын ретінде еншісін беріп бөліп шығару немесе өндірістік кәсіпорын шеңберінде орталықтандыру;

Д) аз өнім өндіретін кәсіпорындарда цехсыз жұмыс істеуді ұйымдастыру.

 

1.Өндірістік үрдістерді жан-жақты механикаландыру және автоматтандыру, еңбек пен өндірісті ғылыми ұйымдастыру негізінде өндіріске кешенді ағындық әдістерді енгізу кез келген кәсіпорынның табысын арттыруға ықпалын тигізеді.

Ағындық өндірісте көп жағдайда өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастырудың негізгі қағидаларын жүзеге асыру негізгі мақсат болып табылады. Мұнда әрбір мамандырылған жұмыс орнында белгілі бір операцияны орындау технологиялық үрдістің тәртібіне сәйкес бекітіледі, еңбек барлық орындарында қосарлы (параллельді) түрде орындалады.

Нарықтық экономика кезінде ағындық өндіріс түпкілікті түрде ерекшеленуімен қатар ол жұмысшылардың жұмыс уақытын толық пайдалану құралы ретінде қолданылады.. Өндірістің ағындық әдістері еңбек жағдайын жақсарту мен жеңілдетуге, әрбір жұмыс орнында жұмыскерлердің біліктілігін көтеруге, еңбек өнімділігін арттыруға, жалпы кәсіпорынның табысын молайтуға себебін тигізеді.

Өндірістің ағындық әдістерін кең түрде қолдану өнім өндіруді, оны құрайтын түйіндері мен бөліктерінің көлемін арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл бұйымдарға стандартты элементтер мен унифицирленген түйіндерді максималды түрде қолдануға, өндірісті мамандандыруды тереңдетуге көмектеседі.

 

2. Ағындық өндірістің негізін ағындық сызық құрайды. Онда өнімді (бұйымды) өңдеу немесе құрастыру бойынша өндірістік үрдіс жүзеге асады.

Ағындық сызық бірнеше белгі бойынша топталады. Өңделетін немесе құрастырылатын бұйымның санына қарай бір заттық немесе көп заттық ағындық сызықтарболып бөлінеді.Бір заттық ағындық сызықтарғаұзақ уақыт бір типті-размерлі бұйымды өңдеу немесе құрастыру жүктеледі және ол жаппай өндіріске тән болады, ал көп затты да – екі немесе одан да көп орындалады.Мұндай ағындық сызықтар (желілер) бұйымның бір түрі бойынша жұмыс орындарын толық жүктеу жеткіліксіз болған жағдайда қолданылады (сериялық өндірістің шарттарына сәйкес келеді).

Көп затты ағындық сызықтар(желілер) топтық және айнымалы-ағындық болып бөлінеді.Ағындық топтарда бірдей құрал-жабдықтарда жалпы технологиялық маршруты бар әр түрлі еңбек заттары өңделеді. Айнымалы-ағындық сызықтар ұқсас технологиялық маршруттары бар еңбек заттарын өңдеу үшін ұйымдастырылады. Мұндай сызықтардың экономикалық тиімділігі әр түрлі болып келетін еңбек заттарының әрқайсысын өңдеуге ағындарды қайта өңдеуге қажетті уақытқа тығыз байланысты болады.

Өндірістік үрдістің үздіксіз жүруіне байланысты бірзатты және көпзаттысызықтар үздіксіз-ағындық және үздікті ағындық сызықтар болып бөлінеді. Үздіксіз-ағындық сызықтардабарлық операциялар синхрондалды (үйлестіріледі), яғни орындалу уақыты бір-біріне тең немесе еселі (қалдықсыз бөліну арқылы) бөлінеді. Үздікті-ағындық сызықтарада технолигялық үрдістердің операциялары толық синхрондалмаған (үйлестірілмеген), яғни барлық операцияларда бірдей еңбек өнімділігі қалыптасады, демек еңбек заттары бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу кезінде келесі өңдеу жұмыстарын күтіп жатып қалуы мүмкін.

Ағындық өндірісті ұйымдастырудың ең жетілдірілген түріне үздіксіз-ағындық өндіріс жатады.

Ағындық сызықтық жұмыс істеу тәртібіне – ағындық тактісі, яғни екі бұйымды құрастыру немесе екі бөлікті дайындау арасындағы уақытты айтады.Тактіні қолдау әдісіне байланысты ағындық сызықтар еркін және регламенттелген(уақыт тәртібін ұстау) тактілі ағындар болып екіге бөлінеді. Еркін тактілі ағындардатактіні ағындық сызықтағы жұмысшылардың өздері қадағалап отырады. Регламенттелген тактілі ағындық сызықтардаағын тактісі конвейерлердің көмегімен, дыбыстық және тағы басқа реттегіш құралдардың көмегімен жұмыс тәртібі ағын тактісімен үйлестіріліп отырады.

Ағындық өндірістің негізгі ерекшелігіне технологиялық операцияны автоматтандырудың жоғары деңгейіне ғана емес, сонымен қатар операцияаралық көлікке де байланысты болады. Бұл жерде қолданылатын тасымалдау құралдары тек қана бір жұмыс орнынан екінші орнына еңбек заттарын тасмыалдап қана қоймай, ағындық сызықтың қабылданаған жұмыс тактісін қолдау функциясын орындайды. Тасымалдау құралдарының түрін таңдау үшін бір қатар факторалрды ескеріп, экономикалық есептеулер жүргізілуі қажет. Олар келесілер:

-ағыныдқ сызықты ұйымдастыру түрлеру;

-еңбек заттарының конструкциялық үрдістерінің өзгешеліктері және т.б.

Ағындық өндірісте қолданылатын барлық тасымалдау құралдарыбілікті(проводные) және біліксізболып екіге бөлінеді.

Ағындық өндірісте қолданылатын білікті масымалдау құралдарынатранспортерлер мен конвейерлер жатады. Ал біліксіз тасымалдау құралдарына– скаттар (сырғымалар), көтеру-тасымалдау құралдары (көтергіш крандар және т.б.) жатады. Транспортер деп еңбек заттарын бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына тасымалдауды жеңілдететін және тездететін біліктік тасымалдау құралы. Конвейер деп еңбек заттарын бір операциядан екіншісіне тек жылжытумен ғана емес, сонымен қатар ағын тактісін регламенттейтін, бір операцияда бірнеше жұмыс орны болған жағдайда қосарлы (параллельді) жұмыс орындарына жұмысты бөліп тарататын тасымалдау құралын айтады.

Ағындық сызықтың негізгі көрсеткіштерін есептеу жолдары келесі:



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 61; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.014 с.)