ант диабеті 2 типінің диагностикасы, науқасты жүргізу тактикасы» 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ант диабеті 2 типінің диагностикасы, науқасты жүргізу тактикасы»

Поиск

«Қант диабеті 2 типінің диагностикасы, науқасты жүргізу тактикасы»

 клиникалық жағдайы бойынша

Экзаменаторға арналған бағалау парағы

Емтихан тапсырушының аты-жөні: ____________________________

Емтихан тапсырушының коды: _____________________

Тобы: ____________________

Мамандығы: __________________________

Экзаменатордың аты-жөні: __________________________________________________

 

Қадамдарды бағалау критерийлері

Балл бойынша бағалау

Сіздің комментариіңіз

(қажеттілігіне қарай)

Дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындамады

1.

Шағымдарын, ауру, ауру анамнезін, өмір анамнезін жинады.Өзін-өзі таныстыру дағдысы (өзін таныстырды және өзінің дәрігерлік қызметін айтты). Науқаспен көз байланысын орнатты, тиімді ара-қашықтықтықты сақтады және сұрау нәтижелері бойынша қорытынды жасады: жабық және ашық сұрақтар қойды.

 

2.

Науқасқа түсінікті тілде қарап тексеру қорытындысын түсіндірді:

- -Гипергликемия симптомдары анықталды: тері және шырышты қабықтардың құрғақтығы, қолтық асты, шынтақ және мойын аймақтары терісінің гиперпигментациясы (acantosis nigricans)

- - ДСИ есептеу арқылы жоғары дене салмағы және абдоминальды тип бойынша семіздік анықталды

- - Ережелерді сақтай отырып, АҚ өлшенді (жоғары қан қысымы анықталды)

- -Курлов бойынша бауыр шекаралары анықталды және пальпациясы жүргізілді.

 

3.

Алдын-ала диагноз қойды:

 «Қант диабеті 2 типі, декомпенсация. АҚ 1 дәрежелі, қауіп тобы 4».

 

4.

Науқасқа түсінікті тілде ары қарай тексеру жоспарын түсіндірді:

- көз түбін қарау

-  зәрдегі альбуминурияны анықтау

- Қандағы креатинин деңгейі және ШФЖ есептеу (шумақтық фильтрация жылдамдығы) Электронейромиография

- ЭХОКГ

 

5.

Науқасқа түсінікті тілде зертханалық зерттеу нәтижелерін талдап, түсіндіріп берді: биохимиялық қан анализінде жалпы холестериннің, ТТЛП және ТГ деңгейінің жоғарылауы; гликемия және гликирленген гемоглобин деңгейінің жоғарылауы, жалпы зәр анализінде- глюкозурия.

 

6.

Науқасқа түсінікті тілде аспаптық зерттеу нәтижелерін талдап, түсіндіріп берді:

ЭКГ: Синусты ритм, ЖСЖ 85 минутына. ЖЭӨ горизонтальды . Сол жақ қарыншаның гипертрофиясының белгілері.

Іш қуысы мүшелерінің УЗД-і:

Майлы гепатоздың белгілері. Созылмалы панкреатит.  

 

7.

Қысқаша қант диабеті 1 және 2 типі арасында дифференциалды диагностика жүргізді және науқасқа қандай ауру кезінде осындай клиникалық көрініс беретінін, олардың ерекшеліктерін түсіндіріп айтты.   Семіздіктің, инсулинрезистенттіліктің, УЗД нәтижелері бойынша майлы гепатоздың және гепатомегалияның болуы, ҚД және артериальды гипертензия бойынша тұқым қуалаушылықтың болуы, HbA1C жоғары деңгейі, гипергликемия қант диабетінің 2 типіне тән. 

 

8.

Клиникалық диагнозды тұжырымдап, негіздеді:

Негізгі: Қант диабеті 2 типі, декомпенсация. Мақсатты  НвА1с деңгейі  ˂ 7%.

Қосалқы: Алиментарлы семіздік 1 дәрежелі. Артериальды гипертензия 1 дәрежелі, қауіп тобы 4.

Оң жақ балтырдың инфицирленген жарасы.

· Хабарды жеткізу – қарапайым, анық сөздер мен анықтамалар қолдана отырып және қалай түсінгенін тексере отырып ақпаратты науқасқа жеткізді.

· Эмоциональды қолдау – аз уақытқа кідіріс жасады (10 секунд), вербальды және вербальды емес жанашырлық білдірді, оның эмоцияларын қолдады .

 

9.

Ары қарай науқасты жүргізу тактикасын дұрыс анықтады.

1. Емдәм № 9.

2. Мөлшерленген физикалық жүктемелер және дене салмағын тұрақтандыру (дене салмағын 5%-ға азайту).

3. Метформин (сиофор, глюкофаж) 1000 мг күніне 2 рет, таңертең және ұйықтар алдында.

4. Инсулин гларгин (Лантус) 16 ЕД 22.00-де, тері астына.

5. Лираглютид (Виктоза) 0,6 мг, теріастына, кез келген уақытта, ары қарай дозасын 1,2 мг-ға дейін көтеру.

6. Престариум 5 мг, таңертең, АҚ бақылаумен.

7. Розувостатин 10 мг, ұйықтар алдында.

8. Жараны 0,05% хлоргексидинмен өңдеу, күнделікті.

9. Цефтриаксон  1 гр-нан, б/е, № 5.                      

10. Қандағы глюкоза деңгейін аш қарынға, тамаққа дейін және тамақтан соң екі сағаттан кейін, ұйықтар алдында анықтау. Мақсат - гликемия ашқарында 6 ммоль/л дейін, 2 сағаттан соң 8 ммоль/л дейін.

11. НвА1с 3 ай сайын анықтау. (7%-ға дейін төмендету)

 

10.

 Науқаспен кері байланыс орнатты (науқастан кейбір ұсыныстарды қайталауды өтінді) және науқасты қабылдауды қорытындылап жинақтады. Науқаспен қоштасты.

 

БАРЛЫҒЫ:

Дайындағандар: эндокринология кафедрасының профессоры., м.ғ.дНурбекова А.А., эндокринология кафедрасының доценті., м.ғ.к  Алипова А.Т.

 

Сценарий кафедра отырысында талқыланып, бекітілді.

 № 11 хаттама,  20.05.2018 ж.

 

Сценарий ІА КОП отырысында талқыланып, бекітілді.

 №_____хаттама,  ____________2018 г.

 

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к.____________________________ Большакова С.В.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 61; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)