С) тапсырмасына жауаптар эталоны 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

С) тапсырмасына жауаптар эталоны

Поиск

1.Анафилактикалық шоктың II дәрежесінде новокаинды көктамырға енгізу;

2.II дәрежеде – бұзылыстар айқынырақ көрініс береді: Систолалық АҚҚ 90–60 мм.с.б.б., диастолалық АҚҚ – 40 мм.с.б.б. Естен тану жедел дамымайды немесе мүлде болмауы да мүмкін. Кейде анафилаксияның басқа да симптомдарымен көрінетін продромальды кезеңмен көрініс беруі мүмкін. Жұтқыншақ ісінуінен дамитын асфиксия және бронхоспазм, құсу, еріктен тыс зәр шығару және дефекация болуы мүмкін. қарау кезінде тері жамылғысының бозғылттығы, ентікпе, аускультацияда – өкпеде сырылдар және стридорозды тыныс анықталады. Жүрек тондары тынықталған, тахикардия, тахиаритмия анықталады.  

3.Реанимация және қарқынды терапия бөліміне госпитализациялау;

4.Екшеу – диагностиканы барлық жедел дамитын, артериалды гипотензиямен, тыныс және сана бұзылыстарымен жүретін: жедел жүрек – қантамыр жетіспеушілігі, септикалық, кардиогенді шокпен, миокард инфаркті, өкпе артериясының тромбоэмболиясымен, естен танумен, эпилепсиямен, ыстық және күн өтумен, гипогликемиямен, гиповолемиямен, гипотензивті немесе басқа да дәрілермен уланғанда, аспирациямен және т.б. аурулармен жүргізу керек.

5.Анафилактикалық шок аллергенмен қайта жанасқан кезде сенсебилизацияланған организмнің жедел, жүйелі түрде дамитын I типті аллергиялық реакциясы (реагинді, аллергиялық реакцияның IgE - типі). Аллергендердің IgE - мен (кей жағдайларда IgG4) әрекеттесіп, базофильдер мен мес клеткаларының бетіне шөгуі осы клеткалардан аллергиялық реакция тудыратын (гистамин, серотонин) медиаторлардың бөлінуіне әкеледі. Гистаминнің физиологиялық және патологиялық эффекттері Н1- жіне Н2-типті мембрана рецепторлары арқылы жүреді: тамыр өткізгіштігінің артуы (венула аймағындағы эндотелийдің клеткааралық әсерінің әлсіреуінен), салалы бұлшық еттің жиырылуы, өкпелік вазоконстрикция, клеткаішілік цГМФ концентрациясының артуы, жоғарғы тыныс алу жолдарынан кілегей бөлінуінің артуы, эозинофильдер және нейтрофильдер хемотаксисінің артуы, Т-лимфоциттер активациясы, простагландиндер F2α, Е2, тромбоксан В2, лейкотриендер және т.б. бәлінуінің артуы. Серотонин артериолдардың және бронхтардың вазоконстрикциясын тудырады, ащы ішектің перстальтикасын реттеп отырады. Осы медиаторлардың аллергиялық әсері бара – бара ішкі мүшелердің салалы бұлшық етінің айқын спазмына, стазына, гемолизге, қанайналым жетіспеушілігіне, тамыр қабырғасының өткізгіштігінің күрт жоғарылап, тіндер мен мүшелердің ісінуіне әкеледі. Аллергиялық реакцияның бұл түрі комплемент қатысуынсыз жүреді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.008 с.)