Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Иә, Аллаһ! Оның ұрпағы мен дәулетін көбейтіп, берген нәрсеңді берекелі ете көр!»Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Қарыздан құтылу үшін Сұрақ:“Мына дұғаны оқысаң кедейліктен құтыласың” деп айтылып жатады. Дұға оқумен кедейліктен қалай құтылуға болады? Жауап:Дініміз еңбек етіп күн көріс қаражатын табуды әмір еткен. Хазреті Омар: “Еңбек етіңдер, ақша табыңдар, жұмыс істеместен ризық күтпеңдер. Аллаһу та’ала аспаннан ақша жаудырмайды ” деген. Хазреті Лұқман Хаким: “Еңбек етпей мұқтаждықта болған адамның діні мен ақылы нұқсан” деп айтқан. Ризық үшін алаңдамау керек. Құран кәрімде:«Барлық тіршіліктің ризығы Аллаһқа тән» делінген. (Худ 6) Хадис шәрифтерде де былай делінеді: «Ең жақсы ризық халалға және харамға мән беріп маңдай термен табылған табыс.»(Нәсаи) «Ғибадат он бөліктен тұрады. Оның тоғыз бөлігі еңбек етіп халал жолмен табыс табу.»(Дәйләми) «Ризық үшін қамықпа, тағдырыңда болған ризық сені табады» (Исфахани) «Ата-анаға, бала-шағаға қарау үшін, ешкімге мұқтаж болмау үшін еңбек ету – жиһад.» (И. Асакир) «Мұқтаждығын адамдарға айтатындар мұқтаждықтан құтыла алмайды. Ал Аллаһқа салғандар мұқтаждықтан құтылады.» (Хаким) “Мынадай дұғаны оқысаң кедейліктен құтыласың” дегені, ол дұға қабыл болса, сол дұғаны оқыған адамға бір жұмыстың көзі ашылады немесе ойламаған жерден ризыққа қауышады деген сөз. Ауруға шалдыққан адам сол ауруы үшін дұға ететін болса, жазылуына себеп болатын дәрі-дәрмекті табады немесе тағы басқа бір себеппен сауығады. Жұмыс істеу ризықты көбейтпейді. Ризықты Аллаһу та’ала береді. Жұмыс істеу сол ризықтың себебіне жабысу болып табылады. Себепке жабысу – сүннет. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «“Өмір-жасым ұзақ, ризығым мол болсын” деген адам туыстарынан хабар алсын, оларға қамқор болсын » (И. Ахмед) «Таңғы ұйқы ризыққа кедергі болады» (Бейһақи) «Кімде кім Аллаһтан қорқуды өміріне негіз қылып алса, ризыққа сауда-саттықсыз және капиталсыз қауышады. Құран кәрімде “Кім Аллаһтан қорықса Аллаһ оған шығу жолын ихсан етеді және ойламаған жерден ризық жібереді.” деп бұйырылған.» (Талақ 2,3 — Табарани) «Үйге кірерде Ихлас сүресін оқыған адам кедейшілік көрмейді»(Т. Қуртуби) «Қиыншылыққа түскен немесе қарызданған адам мың рет “Лә хаулә уә лә қууата илла биллаһил алиилазыйм” десе Аллаһу та’ала ісін жеңілдетеді» (Шира) Қарыздан құтылу үшін:«Аллаһуммә әкфини бихалаликә ан харамикә уә ағнини би фадликә аммән сиуәкә» дұғасын оқу керек.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” Сахабалардан болған хазреті Әбу Умамәге үйреткен дерттен және қарыздан құтылу дұғасы бар екен. Ол қандай дұға? Жауап: Сахабалардан Әбу Саид Худри баяндайды: Бір күні пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” мешітке кіріп ол жерде Әбу Умамәні көрді. Одан «Ей Әбу Умамә! Мен сені неге мешітте намаз уақытынан тыс уақытта көріп тұрмын?»деп сұрады. Әбу Умамә: «Мені қаптаған дерттер мен қарыздарымның кесірінен Йа Расулаллаһ.» деп жауап берді. Пайғамбарымыз: «Саған бір дұға үйретейін, бұл дұғаны оқығаныңда Аллаһ дертіңе дауа береді, қарыздарыңнан құтылдырады. Таңертең және кешке осы дұғаны оқы.» дейді. Ол дұға мынадай: «Аллаһуммә инни әузу бикә минәлһәмми уәлһазән уә әузу бикә минәл ажзи уәл кәсәл уә әузу бикә минәл жүбни уәл бухл уә әузу бикә мин ғаләбәтиддәйни уә қаһрир-рижал.» (Йа Раббым! Қайғы-қасіреттен, дерттен, қабілетсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызымды қайтара алмаудан және адамдардың қысымынан саған сиынамын.) Хазреті Әбу Умамә: «Осы дұғаны оқыдым, дертім де жоғалды, қарызымды да төледім» деді.(Әбу Дауд)
Сұрақ: Қарыздан құтылу үшін дұға бар ма? Жауап: Қарыздан құтылу үшін оқылуы білдірілген бірнеше дұға бар солардың екеуін келтірейік. Бір хадис шәрифте былай делінген: «Ей Муаз! Саған бір дұға үйретейін бе? Ухуд тауындай қарызың болса да Аллаһ сол қарыздарыңды қайтаруды нәсіп етеді. Былай дұға ет: Аллаһуммә мәликәл-мулки ту’тил мулкә мән тәшә-у уә тәнзиул мулкә миммән тәшә-у уә ту’иззу мән тәша-у уә тузиллу мән тәшә-у биядикәл-хаир иннәкә ала кулли шәйин қадир. Тулижул-ләйлә финнәһари уә тулижуннәһара фил-ләйли уә тухрижул-һаййә минәл мәйити тухрижул-мәйитә минәл-һайи уә тәрзуқу мән тәшә-у биғайри һисаб(Бұл жерге дейін жазылған бөлігі Ал-Имран сүресінің 26-27 аяттары. Түпнұсқасына қарап оқу керек.) Рахмәнәддуниа уәл ахирәти уә рахимәхума ту’тиһимә мән тәшә-у уә тәмнәу минһумә мән тәшә-у ирхамни рахмәтән ту’нини биһа аммән сиуакә»(Табарани)
Хазреті Абдуллаһ Қурәши былай деген: Бір күні ұстазым Әбур Раби маған: “Саған бітпейтін, таусылмайтын бір қазына үйретейін бе?” деді. Мен “үйретіңіз” дедім. Ұстазым маған: “Мына дұғаны үнемі оқып жүр!” деді. Ол дұға мынадай еді: «Йа Аллаһ, йа Уаһид, йа Мужид, йа Жәуад, йа Басит, йа Кәрим, йа Уәһһаб, йа зәт-Таул, йа Ғани, йа Муғни, йа Фәттах, йа Рәззақ, йа Алим, йа Хайй, йа Рахман, йа Рахим, йа Бәдиассәмауати уәл ард, йа зәлжәләли уәл икрам… Йа Ханнан, йа Мәннан инфәһни минкә би нәфһати хайрин туғнини биһа аммән сиуак… ин тәстәфтиху фәқад жә’акумул-фәтх… Иннә фәтәхнә ләкә фәтхән мубинә… Насрун миналлаһи уә фәтхун қариб… Аллаһүммә йа Ғани, йа Хамид, йа Мубди, йа Му’ид, йа Уәдуд, йа зәларшил Мәжид, йа Фә’алән лимә йурид, икфини бихәлаликә ан харамикә уә ағнини би фадликә аммән сиуакә уәхфазни бимә хафизтә биһиззикр… уәнсурни бимә насартә биһиррусүл… иннәкә ала кулли шәй’ин қадир…» Одан кейін маған: “Кімде-кім бұл дұғаны әр намаздан кейін, әсіресе жұма намазынан кейін оқыса Аллаһу та’ала ол адамды әр түрлі жамандықтардан сақтайды. Дұшпандарына қарсы жеңісте болады, ол адамға ойламаған жерден ризық береді, өмір сүруін оңайлатады. Қарыздары таудай көп болса да Аллаһу та’аланың мейірімімен, ұлылығымен және қолдауымен қарыздарынан құтылады.” деді.
Сұрақ: Қарызды қайтаруды кешіктіру күнә бола ма? Жауап: Қарызын уақытылы қайтармаған адам, қарыз берушіден қайтару мерзімін ұзартуын сұрау керек. Жағдайы бола тұра қарызын қайтармау күнә болады. Хадис шәрифте: «Кімде-кім жағдайы бола тұра қарызын қайтаруды кешіктірсе, күн сайын(қарызын қайтарғанға дейін)ол адамның амал дәптеріне “зұлым ету” күнәсі жазылады.»(Табарани) «Қайтармау ниетімен қарыз алған адам, қиамет күніне ұры деген атпен жетеді.»(Ибни Маже) «Алған қарызын қайтарғысы келмеген адамға Аллаһу та’ала, қиямет күнінде, “Бұл адамның ақысын, сенде қалдырады деп ойладың ба?”дейді де, ол адамның жақсы амалдарын алып, қарыз берген адамға береді. Егер қарызын қайтармаған адамның жақсы амалдары жоқ болса, оған қарыз берген адамның жаман амалдарын, күнәларын жүктейді.(Табарани) «Бай адамның(қайтаруға жағдайы бар адамның) қарызын төлемей, өтірік алдап жүруі зұлым болып есептеледі.»(Бұхари)(Қарызын уақытылы қайтармауға зұлымдық, қайтармаған адамға залым деп айтылған.) «Аллаһу та’ала залым байды жақсы көрмейді, оны жек көреді.»(Бәззар) Қарызы бар адам қарызынан құтылмай тұрып садақа бермеуі керек. Себебі хадис шәрифте: «Қарызы бар адамның садақасы қабыл болмайды»делінген. (Бұхари) Берілмеген зекет де қарыз болып есептеледі. Қарызды қайтару, зекет беру парыз болып табылады. Зекеттен қарызы болған адамның берген садақасы қабыл болмайды. Әууелі осы қарыздарын өтеуі керек. Сол сияқты парыз намазынан да қарызы (қазасы) бар адамдардың нәпіл намаздары қабыл болмайды. Сүннет намазы да нәпіл намаз деген сөз. (Н. Фиқһийа) Қарызданбауға тырысу керек! Хазреті Лұқман Хаким: «Қарыз жүгінің астында езілгенше, тас тасыған жақсы» деп айтқан. Себебі қарыздану, адамды күпіршілікке дейін апарады. Сүйікті пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” «Я Раббым, күпіршілікке түсуден және қарызға кіруден саған сыйынамын.» деп қарыз болудың өте жаман екендігін білдірген. (Нәсаи)
Ұрпақ пен дәулет көптігін және берекесін тілеу
اللّهمّ أكْثِر مَالَهُ، وُ وَلَدَهُ وَ بارِك لهُ فيما أعْطَيْتَهُ Оқылуы: «Аллаһуммә! Әксир мәләһу, уә уәләдәһу, уа бәрик ләһу фимә ағтайтәһ.» Бұл – Умму Суләйм Пайғамбарымыз Мұхаммедке, салла Аллаһу алайһи уа сәлләм: «Иә, Аллаһтың Елшісі Анас Сіздің қызметшіңіз ғой. Аллаһтан ол үшін дұға етіңіз!» — дегенінде, Пайғам-барымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алайһи уа сәлләм, Анастың хақысына қылған дұғасы. Әрбір мұсылман пенде Пай-ғамбарымыздың, салла Аллаһу алайһи уа сәлләм сүннетіне сәйкес ұрпағына, жақын туыстары мен жора-жолдасына жақсылық тілеп, осы дұғаны оқып Аллаһқа мінәжат етсе – дұғасы қабыл болуы сөзсіз! (Бұхари)
Қиыншылықтан құтылу үшін не істеу керек Сұрақ:Қиыншылықтан құтылу үшін не істеу керек? Жауап: Қиыншылықтан құтылу үшін себептерге жабысу керек. «Еңбек етпей дұға еткен адам, қарусыз соғысқа аттанған адаммен тең» деген хадис шәриф те себептерге жабысуды әмір етуде. Құран кәрімде «Әрбір қиыншылықтың бір жеңілдігі (оңайлығы) де бар»делінеді. Қиыншылықтан құтылудың да шарасы бар. Еш бос уақыт өткізбеу керек, өзіне пайдалы бір кәсіп табу керек. «Сабыр — құтылудың кілті» деген сөзге амал етіп, еңбек етіп сабыр етіп, қиындықтан шығудың жолын іздеу керек. Психологтар қиыншылықтан құтылудың ең басты шарасы “бос отырмау” деп білдіреді. Өзіңіз жақсы көріп істейтін, өзіңізге ұнайтын істер тапсаңыз жеңілдейсіз. Сонымен қатар кейбір дұғаларды оқу да өте пайдалы. Хадис шәрифте былай делінеді: «Күнде таңертең және кешке жеті рет “Хасбиаллаһу лә илаһә иллаһу аләйһи тәуәккәлту уә хуә раббул аршил азыйм” дұғасын оқыған адам дүние және ақырет қиыншылығынан құтылады.» (Ибни Сүнни) «”Лә хаулә уә лә қууәта иллә биллаһ” кәлимасын оқу 99 дертке дауа. Бұлардың ең жеңілі қиыншылық.» (Хаким) «Бір қиыншылыққа тап болғанда “Бисмилләһиррахманиррахим уәлә хаулә уәлә қууәта илләбиллаһил алиилазыйм” деген адамды Аллаһу та’ала қиыншылық және бәлелерден қорғайды.» (Дәйләми, Ибни Сүнни) «Ризыққа қауышқан адам көп “әлхамдулилләһ” десін. Ризығы азайған адам көп истиғфар (әстағфируллаһ) айтсын. Ренжіп көңілі түскен адам “Лә хаулә уә лә қууәта иллә биллаһ” десін.» (Бәйһақи, Хатиб) «Қиыншылыққа түскен немесе қарызданған адам мың рет “Лә хаулә уә лә қууәта иллә билләһил алиил азыйм” десе Аллаһу та’ала ісін жеңілдетеді.» (Шира) «Ясин сүресін оқыған адамның қиыншылығы кетеді.» (Дәйләми) «”Лә илаһә иллаллаһ қаблә кулли шәй-ин, лә илаһә иллаллаһ ба’дә кулли шәй-ин, лә илаһә иллаллаһ ябқа Раббунә уә яфни куллу шәй-ин” деген адам қиыншылығынан құтылады.» (Табарани) «Жұма намазынан кейін Ихлас, Фәләқ және Нас сүрелерін жеті реттен оқыған адам бір апта қаза, бәле және қиыншылықтан құтылады.» (И. Сүнни) «”Лә илаһә иллә әнтә субханәкә инни кунту минәззалимин” деген адам ұшыраған бәлесінен құтылады.»(И. Сүнни) «Қиыншылықтан құтылу үшін мына дұғаны оқыңдар: “Лә илаһә иллаллаһулазыйм-улхалим лә илаһә иллаллаһу раббул-аршилазыйм лә илаһә иллаллаһу раббуссамауати уә раббул-әрди раббул аршил-кәрим.”» (Мүслим) «Қиыншылыққа түскен адам 7 рет “Аллаһ, Аллаһу Рабби, лә ушрику биһи шәй-ә” десін!»(Нәсаи) «Қиыншылықта “Аллаһ, Аллаһ Раббунә лә шәрикә-ләһ” деңдер!» (Бәйһақи) Қиыншылықтан құтылу үшін Аллаһу та’алаға көңілден, жүректен жалбарынып 14 сәжде аятын (жатқа, түрегеп тұрып) оқып, әрбірінен кейін дереу сәжде ету керек. (Нур-ул изах) “Бисмилләһиррахманиррахим уә лә хаулә уә лә қууатә иллә биллаһил-алиил-азыйм” деп оқу жүйке ауруына және бүкіл қиыншылықтар үшін жақсы болады. Имам Жафар хазреттің қиыншылыққа түскенде оқып қиыншылығынан құтылған дұғасы мынадай: «Йа уддәти ъиндә шиддәти уә йа ғауси ъиндә қурбәти! Ухрусни би айникәлләти лә тәнаму уәқфини бирукникә әлләзи лә йураму» Мағынасы: Ауыр күнде қолдаушым, қиындықта көмегіме келетін, әр сәтте көріп білген Раббым мені құтқар, шексіз құдіретіңмен маған көмек бер! Хазреті Хасан Басри жұттан, кедейліктен, бала көтере алмаудан шағымданып келгендердің бәріне истиғфар (әстағфируллаһ) айтуын бұйырды. Себебін сұрағанда мына аяти кәриманы оқитын:«Өте кешірімді болған Аллаһу та’алаға истиғфар (әстағфируллаһ) айтыңдар, көктен мол жаңбыр жаудырсын, сендерге мал-мүлік және балалар беріп жәрдем етсін, сендер үшін бақшалар, өзендер берсін.»(Нұх 10-12) Бір хадис шәрифте былай делінеді: «Истиғфар айтып жүрген адамды Аллаһу та’ала барлық қиыншылықтан, қайғыдан, дерттен, күн көріс тапшылығынан құтқарады, бақ-берекеге қауыштырады ойламаған жерінен ризықтар жібереді.» (Нәсаи, Әбу Дауд, Ибни Мажә) Қалтада алтын алып жүру де қиыншылыққа қарсы пайдалы. Садақа беру және 70 рет«Әстағфируллаһ мин кулли мә кәрихаллаһ» деп айту қиыншылықтарды кетіреді. Бұл истиғфардың мағынасы: Йа Рабби разы болмаған нәрселеріңнен не істеген болсам бәрін кешіре гөр, жасамағандарымды жасаудан сақта! Қиыншылықтан құтылу үшін мыналарға да мән беру керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Садақамен қиыншылықтарыңның алдын алыңдар.» (Дәйләми) «Тарақ қолдану мұңды кетіреді» (Дәйләми) «Әдемі иіс су және таза киім қамды азайтады.» (Бостан) «Дәреттен қалған суды ішу дертті кетіреді.» (Дәйләми) «Ақиқ тастан жүзік тағу қиыншылықты кетіреді»(Уқайли) «Өзгенің қиыншылығын, мұңын кетірген адамның қиыншылығы кетеді.» (И. Ахмет) «Қиыншылық кезінде дұғам қабыл болсын деген адам амандық, молшылық кезінде көп дұға етсін!»(Тирмизи) «Ең үстем ғибадат қиыншылыққа сабыр ету»(Тирмизи) Құран кәрімде былай делінеді: «Сабыр және намазбен Аллаһқа сиынып көмек сұраңдар.»(Бақара 45) «Ей иман келтіргендер, сабыр және намазбен Аллаһтан көмек сұраңдар. Өйткені Аллаһ әлбетте сабыр еткендермен бірге.» (Бақара 153) «(Дұрыс оқылған) намаз мункәр және фахшадан (әдепсіздіктен, ақылға және дінге жат болған, наша, арақ, зина, ливата секілді әр түрлі жамандықтардан, күнәлардан) сақтайды.» (Анкәбут 45) Барлық қиыншылықтың шарасы бес уақыт намазды дұрыс оқу болып табылады. Намаз дұрыс оқылса, бүкіл қиыншылықтар жойылады. Қадір түні дұғасы Алла тағала адам баласын тек қана Өзіне құлшылық етсін деп жаратқаны хақ. Сондықтан мұсылмандар күнделікті өмірлерін құлшылықпен өткізуге тырысады. Олай болса, мың түннен қайырлы бұл түнде түрлі құлшылықтар жасап, нәпіл және қаза намаздарын оқып, Құран оқып, тәубе етіп, кешірім тілеп, өзіміз және басқалар үшін дұға жасауға болады. Алла елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Бұхари, Қадір, 1); Айша анамыз Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын» деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.с.): «Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!)» деп дұға етуге кеңес берді.
Түнде айтылатын дұғалар عن أبي هريرة رضي ألله عنهُ أنّ رسول الله، صلى الله عليه و سلّم، قال: «يتنزّل ربُّنا تبارَكّ و تعالى كلّ لَيلَةٍ إلى السَّماءِ الدّنْيا، حين يبقَى ثّلث اللّيلِ الآخِرُ، فيقول: «مَنْ يَدعُوني فأَستَجيب لَهُ مَنْ يَسأَلُني فأعْطِيَهُ مَنْ يَستَغْفِرُني فأَغْفِرَ لَهُ» «Әр түні, түннің үштен бір бөлігінің соңғы бөлігі қалғанда Аллаһ Тағала аспан дүниесіне түсіп: «Кім Менен қажетін сұрайды, оның қажетін берейін. Кім Менен күнәсі жарылқануын тілейді, оны жарылқайын» — дейді». (Бұхари) عن معاذ بن جبل: قال رسول اللهِ، صلى الله عليه و سلم،: «مَن مِن عبدٍ باتَ على طُهور ثُمَّ تعارّ مِنَ اللّيلِ فَسَأَلَ الله شيْئاً مِنْ أمر الدّنيا، أو مِن أمر الآخرَة، إلاّ أعْطاهُ « «Қайсы бір пенде дәретпен ұйықтап, кейін түнде ұйқысы қашып Аллаһ Тағаладан дүние немесе Ақырет ісінен қажетін сұраса, қажеті өтеледі». (Ибн Мәжә) «Кімде-кім түнде тұрып: «Аллаһтан басқа Тәңір жоқ! Ол жалғыз, Оның серігі жоқ. Иелік және барлық мақтау тек Оған тән және Оның күші барлық нәрсеге Жетуші! Аллаһ Тағала кемшіліктен пәк. Аллаһқа мақтау болсын! Аллаһтан басқа Тәңір жоқ! Аллаһ Тағала ұлы! Ең жоғары мәртебеге ие болған Ұлы Аллаһтан басқа күш, қуат және құдірет жоқ!» — деп кейін: «Раббым, күнәларымды жарылқа!» деп дұға етсе, оның күнәлары кешіріледі» Әл-Уәлид: «Дұға етсе, дұғасы қабыл болады. Ал егер тұрып, дәрет алып намаз оқыса, намазы қабыл болады» деген. (Бұхари). لاَ إِلَـهَ إلاَّ الله وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَـهُ لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ علىَ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ سبحان الله والحمداللهِ ولا إلَـهَ إلاَّ اللهُ واللهُ أَكْبَرُ وَ لا حَولَ و لا قوَّةَ إلاّ بالله الْعلِيِّ العظيمِ Оқылуы: «Лә иләһа иллаллаһу уахдәһулә шарикәләһ. Ләһул-мулкууәләһул-хамду, уәһуәғалә-кулли-шәйиң-қадир. Субханаллаһи, уәл-хамдулилләһи-уә-лә-иләһә-иллалаһу-уаллаһу-акбар-уә-ләхау-лә-уә-ләқуә-тәиллә-билләһил-алил-ғазыйм». Таһажжуд сөзі – түнде намаз оқу, яғни, ғибадат жасау мақсатымен түннің бір уағында намазға тұру дегенді білдіреді. Қазақтардың таһажжуд намазы, яғни, түнде тұрып оқылатын намаз деген сөзі осыдан туындаған. Таһажжуд намазы қиямул-ләйлдеп те айтылады. Таһажжуд намазын түнде ұйықтап тұрып оқу шарт емес. Шариғат бойынша құптан намазынан соң бамдат намазының уақыты кірерден бұрын кез келген уақытта оқыса да болады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.013 с.) |