Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. "Әлеумет" білім беру саласыСодержание книги
Поиск на нашем сайте 13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы 231. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу ұйымдастырылған оқу әрекетінде жүзеге асырылады. 232. Мақсаты - күрделі кемістігі барбалаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын қанағаттандыру бойынша өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету. 233. Міндеттері: 1) жақын ортадағы заттар туралы түсініктерін қалыптастыру; 2) қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық жағдаяттар туралы түсініктерін қалыптастыру; 3) қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. 14-параграф. 1-жартыжылдық 234. Әлеуметтік дамыту мен еңбекке баулу: 1) тұрмыста, сонымен қатар дидактикалық ойын барысындағы сабақтарда өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын, суреттерді зейін қойып қарап, нұсқауды орындауын қалыптастыру; 2) баланың әртүрлі тұрмыстық жағдайда үстел басында өзінің орнын табуға, тамақтанған кейін үстелін жылжытып қоюға үйрету; 3) ойыншықтарды, құрылыс материалдарын, кітаптарын өз орнына қоюға үйрету; 4) қарапайым нұсқауды орындауға үйрету: алаңдағы құлаған жапырақты нақты орынға жинау, гүл суғару, қар тазалау, топқа ойыншықты жинау, орындықтарды үстелге жақындатып қою; 5) ересек адамның еңбегіне қатысуға үйрету. 235. Күтілетін нәтижелер: 1) баланың әртүрлі тұрмыстық жағдайда үстел басында өзінің орнын табуға, тамақтанған кейін үстелін жылжытып қояды; 2) ойыншықтарды, құрылыс материалдарын, кітаптарын өз орнына қою; 3) қарапайым нұсқауды орындайды: алаңдағы құлаған жапырақты нақты орынға жинау, гүл суғару, қар тазалау, топқа ойыншықты жинау, орындықтарды үстелге жақындатып қояды; 4) ересек адамның еңбегіне қатысады. 15-параграф. 2-жартыжылдық 236. Әлеуметтік дамыту мен еңбекке баулу: 1) тәрбиешінің әрекетіне еліктеп, үстел даярлауға үйрету; 2) топтық бөлмені тазалауына ат салысуға үйрету; 3) бөлме өсімдігі, балыққа күтім жасауға , шан сүртуге үйрету; 4) тәрбиешіге топтағы ойыншықты жинауға, сөреге салу, ойын бұрышын ретке келтіруге көмектесу; 5) тұрмыста мінез-құлық дағдыларын - ұжымда өзін ұстауын қалыптастыру: басқа балалармен мейірімділік қатынаста болу; оларға кедергі келтірмей, көмек қажет болған жағдайда тұрмыстық әеркеттерді орындау (киіну, шешіну, ойыншықты жинау); 6) нақты әрекетті орындау барысында сөздер мен сөздік немесе ым-ишараттық, дактильді формада жеткізуге үйрету: тамақтану, шұлықты кию, шалбарды шешу, шығу есігінен далаға шығу, кәмпит қабығын ашу, таныс заттармен сәлемдесу, қоштасу, сұраққа жауап беру; 7) нақты әрекетті орындауға және оны сәйкес ым, ауызша белгілеуге үйрету: түсіну және айта білу. 237. Күтілетін нәтижелер: 1) ересек адамның әрекетіне еліктеп, үстел даярлайды; 2) топтық бөлмені тазалауына қатысады; 3) бөлме өсімдігі, балыққа күтім жасайды , шан сүртеді; 4) ересек адамға ойыншықты жинауға, сөреге салуға, ойын бұрышын реттеуге көмектеседі; 5) тұрмыстық әрекеттерді орындауға (киіну, шешіну, ойыншықты жинау) көмектеседі; 6) нақты әрекетті орындау барысында сөздер мен сөздік немесе ым-ишараттық, дактильді формада жеткізеді: тамақтану, шұлықты кию, шалбарды шешу, шығу есігінен далаға шығады, кәмпит қабығын ашады, таныс заттармен сәлемдесуеді, қоштасады, сұраққа жауап береді; 7) нақты әрекетті орындайды және оны сәйкес ым, ауызша белгілейді: түсінеді және айтады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.) |