Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. 2-жартыжылдықСодержание книги
Поиск на нашем сайте 32. Тіл дамыту: ипрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, байланыстырып мөйлеуді дамыту, фонематикалық түсініктер алғышарттарын қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларын дамыту. 33. Импрессивті сөйлеуді дамыту: 1) дидактикалық жаттығулар және ойын үрдісінде лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздік қорды кеңейту, нақтылау; 2) жақтық және өздік етістіктері айқын әрекеттерді ажырата алуға оқыту; 3) жекеше түрдегі өткен шақтағы етістіктерді ажырата алу икемін қалыптастыру; 4) зат есімнің кейбір септік түрлерін түсіне алуды дамыту; 5) етістіктердің мағынасын өзгертетін қосымшаларды түсігн алды дамыту; 6) етістіктердің мағынасын өзгеруіне әсер ететін тәуелдік сын есімдерді, кішірейткіш-еркелету мәніндегі сөздерді ажырата алу икеміне үйрету. 34. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру: 1) дидактикалық жаттығулар және ойын арқылы лексикалық тақырыпты меңгеру үдерісінде белсенді сөздікті молайту; 2) екінші буынға екпінді қоя отыра екі буынды сөздерді айтуға үйрету; 3) үш буынды сөздерді айтуға үйрету; 4) жай сөйлеммен ертегі мазмұны және сурет сюжеті бойынша сұрақтарға жауа бере алуды дамыту; 5) жекеше түрдің 2 жағындағы бұйрық түріндегі етістіктерді осы шақ етістігіне өзгерте алуды қалыптастыру; 6) екі сөзді және екі құрамды сөйлемдерде меңгерілген етістік формаларын қолдану; 7) сөйлеуде "ішінде", "үстінде", "артында" үстеулерін қолдануға үйрету. 35. Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру, бірақ балалардың сөйлеуінде морфологиялық элементтердің болуына көңіл аудару: 1) жайылма сөйлемді құра алуға оқыту: ілік септігінің жалғауы және заттық суреттер мен сұрақтарға сүйене отыра басқа септіктердің жалғауларының көмегімен; 2) қысқа тақпақтарды жаттау. 36. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру: 1) жеке дыбыстардың айтылуы және жануарлардың дауысқа еліктеуін ажырату; 2) дыбысты-буындық құрылымы бойынша ұқсас сөздерді естуге дифференциациялауға оқыту ("үйшік-күшік", "ойнайды-орайды"); 3) түрлі дыбыстық топтасудағы екі-үш буынды сөздерді айтуға үйрету. 37. Коммуникативтік дағдыларды дамыту: 1) сюжеттік бейнелеу кейіпкерлерінде эмоционалдық жағдайды анықтай алуға үйрету: сюжеттік бейнелеу кейіпкерлерінің эмоционалдық жағдайын қабылдай және көрсете алу икемділігі; 2) ойын ситуацияларын қолдана отыра, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жағдайында коммуникативтік дағдыларды белсендіру; 3) отбасы мүшелерінің іс-әрекетін және өзінің жеке іс-әрекетін сипаттап бере алу икемділігіне оқыту; 4) ойын ситуациларын құра отырып, құрдастарымен қарым-қатынасқа балаларды итермелеу; 5) мимика және пантомимика көмегімен қатынас-орнатушы сұрақтарды қолдану және түсіну, достық сезімін білдіру, сыпайы түрде өтіну, алғыс білдіру дағдыларын бекіту. 38. Күтілетін нәтижелер: 1) өзі туралы, отбасы туралы, сүйікті ойыншықтары туралы мағлұматты сұрақтарға жауап береді; 2) кейбір жай көмекші сөздердің, етістіктердің ашық және бұйрық райдағы грамматикалық категорияларын түсінеді; 3) етітіктің мғынасын өзгертетін қосымшаларды ажыратады; 4) қарапайым сұрақтарды қояды; 5) қарапайым ақпаратпен бөліседі; 6) толықтыруларды пайдаланып жайылма сөйлемді қолданады; 7) түрлі дыбыстық топтасудағы екі-үш буынды сөздерді айтады; 8) саусақ гимнастикасының мәтіндерін, өтірік өлеңдер, қысқа тақпақтарды жаттайды.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 56; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.) |