Бастауыш білім беру деҢгейіндегі   


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бастауыш білім беру деҢгейіндегі  

Поиск

БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ  

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген. 

Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Мектепте өзін-өзі тануды оқыту төмендегідейі міндеттерді жүзеге асырады:

- адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

- оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

- қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.

«Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білім беру бойынша өз алдына мынадай жалпы мақсаттар қояды:

- өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;

- түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

- өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

- адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;

- өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

- жасампаздықпен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

- өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;

- қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

«Өзін-өзі тану»  пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), ҚР Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

«Өзін-өзі тану» оқу пәнін оқытуға аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат бөлiнген. «Өзін-өзі тану» пәнін бастауыш сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлық курстарынан өткен бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді.

1-4 сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту Министрліктің Адамның үйлесімді дамуы институтымен бірге (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған жалпы орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 18 ақпанындағы № 71 бұйрығы).

Орта білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығына, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтарына сәйкес бекітілген «Өзін-өзі тану» оқу  пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендер пайдаланылатын болады.

 

Тәжірибелік сабақ  №4 «Өзін-өзі тану» оқу құралына талдау жасау.

Тәжірибелік сабақ №5 Оқулықтағы материал негізінде оқушының біліктілігін дамытудағы мұғалімнің еңбегі.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 58; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)