Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
зеннің жоғары, орта, төменгі аңғарлардағы пішініСодержание книги
Поиск на нашем сайте Өзен аңғары – негізінен өзендердің эрозиялық әрекеттерінің нәтижесінде пайда болатын жер бедерінің созылмалы пішіні; жер бетінің ғасырлар бойы аққан судың эрозиялық әрекетінен жуылып-шайылуы арқылы қалыптасқан, ұзына бойы иректеле созылған, бастауынан сағасына дейін түбі еңіс болып келетін, қазіргі кезде ағын арнасы бар бедердің терең теріс пішіні. Оның қалыптасуы климаттық, эрозиялық, мұздық, тектоникалық процестер мен карстық (оқпалық) құрылыстарға тікелей байланысты. Өзен аңғарының элементтеріне оның табаны, тальвегі (фарватері), арнасы, жайылмасы, террасалары және аңғардың беткейлері мен жарқабағы (кемері) жатады. Олардың көбі (әсіресе ірі аңғарлар) тектоникалық элементтермен байланысты (құрылымдық немесе тектоникалық аңғарлар). Өзен аңғарларының көлденең қимасының пішіні олардың даму кезеңіне, геологиялық құрылысына байланысты. Олар: қысаң, шат, шатқал, астау, У-тәрізді, трапеция тәрізді, анық білінбейтін және т.б. болып бөлінеді. Аңғарлардың бастапқы түрі — қолаттар, сайлар, өзектер, жыралар. Өзен аңғарлары арна, жайылма, жайылма үсті террасалар және түпкі жағалар, саға маңында кейде атыраулар немесе ысырынды конустар секілді морфологиялық элементтерден тұрады. Тектоникалық құрылымдар мен тау жоталарының созылымына қатысты бойлық өзен аңғарлары ажыратылады. Геологиялық құрылымының типіне байланысты бойлық аңғарлардың арасында синклиндік, антиклиндік, моноклиндік, лықсымалық және грабендік аңғарлар болып бөлінеді. Көлденең аңғарлар қаттылығы әр түрлі тау жыныстарын кесіп өтіп, кескінінде және планында морфологиялық бейнесін өзгертеді, яғни аңғардың жіңішке бөлікшелері кеңейген бөлікшелерімен алмасып отырады. Өзен аңғарларының конфигурациясы мен динамикасына жаңа тектоникалық қозғалыстар әсер етеді (әсіресе таулы аймақтарда). Көлденең қимасының сипатына қарай аңғарлар төмендегідей типтерге бөлінеді: 1. саңылау – терең, әрі тар аңғар; таулы аудандарда кездеседі; 2. каньон – құлама беткейлі терең аңғар, әдетте табаны тар, таудан шыға берісте немесе таулы өңірде кездеседі; 3. шатқал – терең жартасты тау аңғары, әдетте беткейлері шығыңқы келіп, төменгі тұсындағы құламасы ұлғая түседі; 4. трапецияға ұқсас – көбіне жазық келетін шығыңқы немесе түзу көлбеу пішінді кең аңғар; 5. астау тәрізді – беткейлері ойыс, баурайы біртіндеп көлбеу пішінге айналады. Жазықтағы өзендердің аңғарын шабындық ретінде және әртүрлі аңғар шабын дақылдарын өсіруге пайдаланады. Ағынды сулар әрекетімен жасалған рельеф формалары флювиальды деп аталады. Ылғалды климатты жағдайда, жауын – шашыны мол, еріген қар суы көп, жыл ішінде ағынды суы толас таппайтын аймақтарда кеңінен таралады. Ағынды жер беті сулардың әрекеті екі жақты: жер бетін қазады, бұзады (эрозия) нәтижесінде теріс рельеф формаларын (эрозиялық) түзеді; жыныстарды тасымалдап шөктіреді (аккумуляция), әртүрлі шөгінді (аккумулятивті) рельеф формаларын қалыптастырады. Тұрақты ағынды су әкеліп, шөктірген шөгінді жыныстар – аллювий, ал маусымдық ағынды сулар әкеліп, шөктірген шөгінділер – пролювий деп аталады. Ағынды судың массасында кәдімгідей қуат болады, жер бетін эрозиялық әрекетпен қазып, көп мөлшерде шөгінді жыныстар тасымалдайды. Түптік эрозия әрекетінен арна тереңдейді, ал бүйірлік эрозиядан, арна кеңейеді. Ағынды арналар, бір-бірімен байланысып, дара өзен жүйесін құрайды (мысалы, Ертіс өзен жүйесі, Волга өзен жүйесі, Сарысу өзен жүйесі). Бірнеше өзен жүйесі қосылып, годрографиялық торлар құрайды. Гидрографиялық торлар, кеңістікте флювиальды рельеф формаларымен сай келеді, жоғарғы ағысында ұсақ – жылға, жылғалар, сайлар дамыса, төменгі ағысында аңғарлар болып дамиды. Жылға, жылғалар, сайлар, флювиальды рельеф формаларының генетикалық типтерін құрайды. Оны алғаш ХІХ ғасырда өмір сүрген В.В.Докучаев айқындаған еді. Әр түрлі ауқымды флювиальды рельеф формалары, өзен торының әр бөлігінде дамыған, бірінен-бірі морфологиясы жағынан айырмашылық жасайды. Олар әдетте, бірімен-бірі қиылыспайды, ұзына бойы созылып жатады. Эрозиялық рельеф формалары әрқашанда ашық, ірілері ұсақтарының қосылуынан жалғасып дамып жатады.
Сурет 8. Өзеннің гипсометриялық қимасы
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.53 (0.007 с.) |