Студенттің өзіндік жұмысы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Студенттің өзіндік жұмысы

Поиск

 

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

 

 

Мамандық: Медицина-профилактика ісі

Пән: Саясаттану және әлеуметтану

Кафедра: Әлеуметтік саяси пәндер

Тақырыбы: Әлеуметтік зерттеу бағдарламасын жасау

 

 

                                                   Орындаған: Бахтыгереева Акуштап

                                                   Тексерген: Молдин Бекзат Акконысулы

                                                   Топ:101

 

 

                                         

                                              

                                         Ақтөбе 2016ж


Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім.Эвтаназия.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер


 

Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, "өзегі" ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғамдағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы - саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану, әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. - әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекелеген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Ә.З.-ге сай белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.

Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпириялық («эмпирия» — грек сөзі, «тәжірибе» деген мағына береді. Бұдан әрі тәжірибелік деп жазылады) типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі және қолданбалы болып екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады.

Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялық зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді. Өйткені соның нәтижесінде әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады.

Оны жүзеге асыру зерттелген проблеманы практикада шешуге бағытталады. Саясаттанушылар мен саясаткерлер, заңгерлер мен басқарушылар, экономистер мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық бағдардағы мамандар эмпириялық әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде алынатын ақпараттарды белсенді тұтынушылар болып саналады. Сол ақпараттарды қолдана отырып, олар өздерінің практикалық және теориялық сипаттағы кәсіби мәселелерін шешеді.

Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтерді қамтиды. Бұл элементтерге, біріншіден, объект жатады, ол әлеуметтік шындықты (ақиқатты) бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатады.

Бүгінгі күннің назар аударарлық әлеуметтік құбылыстар тұрғысында жаңа білім алуға бағытталған кызмет түрін әлеуметтану ғылымының зерттеуі деп атайды. Әлеуметтік құбылысқа өндірістегі жағдай, қайсыбір мәселелер жөніндегі қоғамдық пікір, т.б. жатады. Мұндай құбылыстарды зерттеу нәтижесінде олардың пайда болу себептері жөнінде жаңа ақпараттар алынады. Ғылыми ізденіске кіріспестен бұрын нені зерттейміз, кімдерден ақпарат аламыз, зерттеуді қай жерде өткіземіз, т.б. сауалдарға жауап қайтаруымыз керек. Осыған орай зерттеу жұмысының бірінші кезеңінде оның бағдарламасы мен әдістері дайындалады, ғылыми ізденістің бүкіл процесін ұйымдастыру мұқият оюластырылады, сұрыптау (кімдер зерттеледі) белгіленеді. Екінші кезеңінде адамдардың сол мәселе жөніндегі пікірлерін анықтайтын ақпарат жинақталады. Үшінші кезеңде алынған ақпарат қолмен немесе машинамен өндеуден өткізіледі. Төртінші кезеңде алынған ақпаратқа ғылыми талдау жасалады. Бесінші кезеңде алынған ақпарат қорытындыланып, оның нәтижесіне орай шешім қабылданады. Зерттеу жұмысының барлық кезеңдері зерттелетін процестер мен құбылыстар жөнінде ақиқатты анықтайтын мәліметтер алу мақсатына бағындырылғандықтан, олар бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.

Әлеуметтану зерттеуі ғылыми ізденістің күрделілігіне қарай: барлаушылық, суреттемелік, талдаушылық болып үшке бөлінген.

Бұлардың арасында талдаушылық (аналитикалық) зерттеу әдісі күрделісі болып есептеледі. Ол терең ойластырылған бағдарламаны және тексерістен етіп сыналған құралдарды (анкета, т.б.) қажет етеді. Талдаушылық зерттеу әдісі кезінде зерттелетін құбылыс суреттелумен катар оны тудырған басты-басты себептер де анықталуы керек.

Суреттемелік зерттеу ізденістің өте қарапайым түрі болып есептеледі. Мұның басты мақсаты — зерттелетін құбылыс пен оның құрылымдық элементтері жөнінде мағлұмат алу.

Зерттеудің кеңінен тараған түріне барлаушылық зерттеу жатады. Ол күрделі бағдарлама дайындауды талап етеді, алайда шамалы көлемдегі зерттеу құралдарын қолданып, шағын топтарда сауалнама жүргізу мүмкіндігін сақтайды. Зерттеудің бұл түрі жедел ақпарат алуға бағытталған. Оның артықшылығы да осында. Мұндай зерттеуде қайсыбір терең процестер және олардың пайда болу себептері қарастырылмайды, керісінше, көзге көрініп тұрған ақпараттар жинақталатын болады.

Зерттеу жұмысын бастау үшін оның бірінші кезеңінде дайындық жұмыстары қолға алынады, әлеуметтік зерттеу бағдарламасын әзірлеу басталады. Ғылыми ізденістің жолдарын көрсететін және әдістеме шарттарын қамтитын құжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды. Бағдарлама методологиялық, әдістеме, зерттеуді ұйымдастыру тарауларынан тұрады:

— методологиялық тарауда проблема және оның тұжырымы, зерттеу мақсаттары анықталып, міндеттері белгіленеді, объектісі мен пәні айқындалады, зерттеуде қолданылған негізгі ұғымдары анықталады, көземел (гипотеза) құрылады;

— әдістеме тарауында зерттеуге түсетін адамдарды сұрыптау негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды өндеу және талдау әдістері белгіленуі тиіс;

— зерттеуді ұйымдастыру тарауында зерттеушілердің жалпы саны және олардың арасындағы еңбек бөлінісі, зерттеудің мерзімі, реті, т.б. көрсетіледі. Бағдарламаның атқаратын міндетін оның үш тарауы қамтыған мәселелер анықтайтын болады.

Бағдарламаны әзірлеу жұмысы зерттеу проблемасын анықтаудан басталады. Шешім дайындау мақсатында жедел талдауды талап ететін жағдайды әлеуметтік проблема деп атайды.

Жалған проблема жасаудан аулақ болу керек. Нақты жағдайды көрсете алмайтын немесе бұрын шешімін тапқан мәселелерді жалған проблема деп атайды. Мұндай қателіктерге жол бермеу үшін зерттеушінің ғылыми ой-өрісі кең, өмірден түйгендері терең әрі мазмұнды болуы керек.

Әлеуметтануда әлеуметтік проблемалар бес белгіге:

1) зерттеудің мақсатына орай;

2) проблеманы алға қарай алып жүрушілерге сәйкес;

3) проблеманың таралу көлеміне орай;

4) қарама-қайшылықтың әрекет ету уақытына қарай;

5) оның тереңдік деңгейіне байланысты топтасады.

1. Зерттеудің мақсатына сәйкес проблемалар геологиялық (таным - логикалық) және пәндік сипаттағы деп ажыратылады:

а) геологиялық проблемалар әлеуметтік құбылыстар мен процестердің жай-күйі туралы, олардың өзгеріске ұшырау тенденциялары жөнінде ақпараттың жеткіліксіздігінен туындаған мәселелер. Бұл жердегі проблемалар білімнің жеткіліксіздігінен туындайды;

б) халықтың белгілі бір топтарының, әлеуметтік институттардың мүдделерінің өзара қақтығысуы салдарынан пайда болуын, оларды түрлі әрекеттерге итеретін және олардың өмірін тұрақсыздандыратын қарама-қайшылықтарды пәндік проблемалар деп атайды.

2. Өзін «алып жүрушісіне» орай проблемалар әлеуметтік - демографиялық, ұлттық, кәсіптік, саяси және басқа да топтардың, әлеуметтік институттардың, өнеркәсіп орындарының, мемлекеттік мекемелердің, т.б. мүдделеріне катысты қарама-қайшылықтарды айқындайды.

3. Таралу көлеміне қарай әлеуметтік проблемалар: аудандық, қалалық, ауылдық, ұжымдық, жергілікті, аймақтық, қоғамдық, т.с.с. болады.

4. Қарама-қайшылықтың әрекет ету уақытына сәйкес проблемалар қысқа, орта және ұзақ мерзімді болуы ықтимал. Мысалы, студенттердің немесе оқушының оқу кестесіне қанағаттанбауы қысқа уақытта шешілетін проблема. Жас маманның еңбек ұжымына бейімделу проблемасы орта уақытта шешілетін мәселе десек, баспанамен қамтамасыз ету, қылмысты, нашақорлықты, т.б. проблемаларды тудыратын қарама-қайшылықтарды жою ұзақ уақытты қамтитыны анық.

5. Тереңдік деңгейіне орай қарама-қайшылықтар үшке бөлінген: оған, біріншіден, бір мезеттік проблемаларды жатқызуға болады. Мұндай проблемалар әлеуметтік процестер мен құбылыстардың тек бір ғана жағын қамтиды. Мәселен, депутаттар сайлауында бір адамның балама кандидаттарының болуы немесе болмауы, т.б. Екіншісіне жүйелік проблемалар жатады. Олар тұтас құбылыстар мен процестердің бүкіл элементтер жүйесінің дисбалансын көрсетеді. Үшіншісі - функционалдық сипаттағы қарама-қайшылықтар тудырған проблемалар. Бұл құбылыстар мен процестердің себеп-салдар байланысының бұзылуынан болатын мәселелер. Айталық, коғамдағы бөлістік қатынастардың ыдырап, күйреуіне орай меншік формаларының көбеюіне байланысты адамдардың ескі идеологиялық түсінігінің бұзылуы.

Әлеуметтік тапсырыс болғанда зерттеуші проблемалық жағдайды өзі тұжырымдаған проблемаға айналдырады. Бұл төмендей міндеттерді шешетін арнайы талдауды іске асыру болып табылады:

1) проблеманың ең мәнді деген элементтері мен факторлары бөлініп алынады. Проблема экономист немесе технолог қана шешетін құзырға жатпай, тек әлеуметтанушының еншісіне тиесілі болуы шарт;

2) проблемалық жағдайдың басты және жанама компоненттері бөлініп алынады, бұл - зерттеудің негізгі бағытын анықтау үшін керек;

3) осыған ұқсас, бірақ шешімін тапқан проблемаларға талдау жасау, әдебиеттермен, әріптестер тәжірибесімен танысу. Бұл негізгі проблеманы нақтылай түсуге көмектеседі.

Әдетте кейбір әлеуметтік проблемалар ұжымдардың өз ішінде (топтық, жергілікті), локальды (мәселе) ретінде туындайды, оның екінші біреулері үлкен әлеуметтік топтардың, ірі аймақтардың көптеген мүддесіне орай қалыптасады, ал үшіншілері жалпы қоғамның мүддесі мен қажетінен пайда болады.

Проблеманы сол анықтау үшін ол туралы нені біліп, нені білмейтінімізді саралап алғанымыз жөн. Сондай-ақ проблемада бізді нендей жағдайдың ойландырып отырғанын білу, соған орай мәселені белгілеу басты шарттардың бірі. Зерттеу жұмысына орай жасалатын келесі талап сол — оның мақсаттарын анықтау қажет.

Зерттеудің жалпы бағытын, әрекет етудің жобасын және ғылыми нәтижеге қол жеткізуге талаптануды мақсат деп атайды. Мақсат — әлеуметтік зерттеуді қолданбалы және теориялық салаларға бөліп қарастыруды көздейді. Теориялық зерттеу зерттелетін объектінің құрылымы мен даму үрдісі жөнінде жаңа білім алуға бағытталған. Қолданбалы зерттеу болса, нақты жағдайдан, тығырықтан шығар жолын табу үшін керекті ақпарат алуға бағытталған ізденістің түрі болып саналады.

Ал нені өзгерту керектігін білу үшін нақты зерттеу жұмысы жүргізіледі. Бұдан кейін не істеу керектігін анықтаған жөн, дәлірек айтқанда, алға нақты міндеттер қоюға тиістіміз. Осыдан соң зерттеу міндеттері белгіленеді. Олар негізгі, жеке (негізгінің деталь дарға бөлінуі) және негізгі емес немесе қосымша міндеттер болып ажырайды. Міндеттер бірнеше сұрақтарды жинақтап тұжырымдайды. Бұл сұрақтарға қайтарылатын жауаптар зерттеудің алға тартқан мақсатына жету үшін өте қажет. Негізгі міндеттер тікелей зерттеу пәнінен келіп шығады. Егерде мақсат қолданбалы болса, онда міндет те қолданбалы сипатта болады. Зерттеудің негізгі міндеттері қойылған мақсатқа үйлеседі, ал қосымша міндеттер болашақ зерттеуге дайындық үшін, бұл проблемаға қатысы жоқ жанама гипотезаны (көземелді) тексеруге, кейбір әдістемелік мәселелерді, т.б. шешу үшін қойылады. Дегенмен, қойылған міндеттердің кызметі ең басты сауалға жауап қайтаруға бағындырылуы тиіс. Сондықтан да негізгі міндеттерді шешуге қатысы жоқтың бәрі аяусыз түрде, алғашқы сәттен бастап-ақ ысырылып, алынып тасталынады. Негізгі міндеттерді шешуге қатысты ақпараттардың мейлінше дәлелділігін, сенімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.

Бұдан сол зерттеудің объектісі мен пәнін анықтау жүзеге асырылады. Әлеуметтік проблема өзінен-өзі туындап, өз бетінше өмір сүрмейді, оны қалыптастыратын белгілі бір адам топтары мен қауымдастықтар болады. Басқаша тұжырым жасап, сез қозғасақ, әлеуметтік қарама-қайшылықтардан тұратын, проблемалы жағдайды жасайтындар зерттеу объектісіне жатады. Ғылыми ізденіс процесінің нендей де болмасын бір нәрсеге бағытталуын әлеуметтанудың зерттеу объектісі деп атайды.

Объектіге қойылатын талаптар да баршылық. Ол кәсіптік - салалық немесе аймақтық орналасуы және мерзімдік шегі сияқты көрсеткіштер арқылы белгіленген.

Объектінің қасиеттері мен қырларын өз бойына сіңірген зерттеу пәнін де анықтау қажет. Өйткені ол зерттелетін әлеуметтік құбылысты толық түрде көрсетеді. Зерттеу проблемасы тұжырымдалып, ізденістің мақсаттары мен міндеттері анықталады, оның объектісі мен пәні белгіленгеннен кейін бағдарламада қолданылатын негізгі ұғымдарға теориялық түсініктеме беріледі. Зерттеушілердің ұғымдар жөніндегі әр түрлі түсініктері болады, бұл зерттеу нәтижесіне кері ықпал жасайды. Сондықтан ұғымдар төңірегіндегі олардың ортақ пікірлері болуы шарт.

Нені зерттеу керектігін анықтаған соң, зерттеу жұмысын қалай жүргізу керек деген орынды сұрақ туындайды. Ол үшін зерттелетін проблеманы элементтерге бөліп, бұдан соң сол элементтердің құрамды бөлімдерін анықтаған жөн. Сөйтіп, оны схемаға түсіру керек. Схема зерттеу пәніне қатысты элементтерді көрсетеді және олардың бір-біріне қатынасы мен байланысын толығырақ бейнелейтін болады. Схема дайын болғаннан кейін көземел құралады.

Қайсыбір фактілерді, құбылыстар мен процестерді түсіндіру үшін жасалып, олардың дұрыстығын зерттеу нәтижесінде дәлелдеуді немесе жоққа шығаруды көземел (гипотеза) деп атайды. Дәлірек айтқанда, көземел схеманың жекелеген элементтерінің қалпын немесе олардың арасындағы байланыстарын көрсетуі керек.

Көземел зерттеу жұмысының қорытындысын алдын ала анықтауы тиіс. Көземелсіз - ақ бәрі түсінікті болатын болса, зерттеу жүргізудің қажеті болмас еді. Көземелге қойылатын талаптар бар: анық, тексерістен өтетін, қарама-қайшылықсыз болуы шарт. Көземелді бастапқы және екіншілік деп те бөледі. Өйткені бастапқы көземел ақпарат жиналғанға дейін тұжырымдалады. Егер де ол зерттеу барысында жоққа шығарылатын болса, онда оның орнына екінші көземел ұсынылады.

Көземелде қолданылған ұғымдарға эмпириялық түсініктеме берілуі қажет. Ұғымдарға эмпириялық түсініктеме берудің өзі де жеке-дара процесс болып саналады, өйткені оның көмегімен әзірленген көземелден анкета немесе сұхбатнамада қойылған сұрақтарға көшу жүзеге асады және ол сауалдарға респонденттер (жауапты, жауапкер) жауап қайтарады.

Жоғарыда қарастырылғандардың бәрі бағдарламаға қатысты мәселелер болғандықтан, бағдарлама не үшін қажет деген орынды сұрақ қойылады. Егер зерттеу жұмысын бірден сұрақтарды дайындаудан бастасақ, онда, біріншіден, өте кеп артық сұрақтар және керек еместерді де туындар еді; екіншіден, алынған материалдарды қалай өндеуді білмегендіктен жиналған материалдардан бас көтере алмай қалар едік. Бағдарламаның маңыздылығы, міне, осыларға байланысты. Ол жұмысқа бағыт-бағдар береді, зерттеу пәні туралы белгілі ақпаратты қорытындылауға немесе ол жөнінде әлі де белгісіздер анықтауға мүмкіндік жасайды. Демек, бағдарлама терең ойластырылған, нақты, логикалық жүйені сақтаған, икемді болуы тиіс. Бұл жағдай бағдарламаның барлық элементтеріне керек кезінде өзгерістер жасап отыруға мүмкіндік береді (көземел схема құрудан немесе жүйелі - функционалдық талдаудан бұрын құрылмауы керек).

Бағдарлама мен анкетаның дайын болуы әлеуметтану зерттеуін жүргізуге толық жеткілікті дей алмаймыз, ендігі әңгіме кімдермен сауалнама жүргізілетінін анықтауға келіп тіреледі. Ол үшін сұрыптау мәселесі шешіледі. Өйткені зерттеудің объектісі көп жағдайда адамдардың үлкен жиынтығын құрайды. Ал олар әлеуметтік-демографиялық белгілеріне қарай жіктеледі және үлкен аймаққа орналасады. Сондықтан олардың бәрімен сауалнама жүргізуді ұйымдастыру бірқатар қиындықтарға ұрындырады. Сонымен қатар қойылған сауалға 5000 адамнан немесе 250 адамнан алынған жауап бірдей ақпарат беруі мүмкін. Мәселе бұл жерде 5000 адамнан 250 адамды қалай сұрыптап алу жайында болып отыр.

Сұрыптау жұмысын жүргізу жиынтыққа байланысты болады. Жиынтықтың екі түрі бар: бас жиынтық және іріктелген жиынтық. Бас жиынтық деп проблемаға қатысты бақылауға алынған бүкіл бөліктің тұтастай жиынтығын айтады. Бас жиынтық аймақтық, мерзімдік, өндірістік салаларды немесе кәсіптік, қызметтік шеңберді қамтумен шектелген.

іріктелген жиынтық бас жиынтықтың бір бөлігі бола отырып, әзірленген әдістемеге немесе іріктеліп, таңдап алу бағдарламасына сәйкес зерттелетін объектінің есебіне жатқызылады.

Әлеуметтануда бас жиынтықтан сауалнамаға қатынасатын адамдарды тандап алудың әр түрлі әдістерін сұрыптау қалыптасқан. Ол әдістер бір ғана мақсатты көздейді: іріктелген жиынтық бас жиынтықты ұдайы дамытып, жетілдірумен, дәлірек айтсақ, репрезентативтілікпен (өкілдік) сипатталуы тиіс. Айталық, педагогикалық колледждің 20 топтан тұратын курсында сауалнама жүргізу қажет болды делік. Сол 20 топтан біз бәріне ортақ белгісі бар 3—4 топты ғана бөліп алып сауалнама жүргіземіз. Себебі бұларды зерттегеннен алынған ақпарат қалған топтарға да қатысты, жарамды болып шығады.

Кейде зерттеудің жаппай жүргізілуі де ықтимал, бұл зерттеу объектісіне кіргендердің бәрімен сауалнама жүргізіледі деген сөз. Бұл әсіресе бас жиынтықтың көлемі шағын болғанда толыққанды тұрғыда жүзеге асады. Мәселен, педколледж дің курсында небары 3 топ бар екен делік, бұдан олардан жауап алудың оншалықты қиыншылық туғызбайтынын көре аламыз. Сондықтан да 20 топтан сауалнамаға жауап алуға тура келеді. Қалай дегенмен де, сауалнамаға қатысушылардың саны 100 адамнан кем болмауын естен шығармаған жөн. Бұлай болмаған жағдайда анкетаға анық жауап алу, жауаптарды топтастырып бөлу және алынған ақпаратты талдау мүмкіндігі жойылады. Сондай-ақ бас жиынтық тым әркелкі болған жағдайда жаппай зерттеу жүргізудің қажеті жоқ. Оған нақты мысал етіп студенттердің әлгі аталмыш топтарын алалық. Түрлі мамандықтың иесі болғандықтан 20 топтан 3—4 топты іріктеп ала аламыз.

Енді сұрыптаудың типтеріне тоқталатын болсақ, оның да саны аз болмайды. Сұрыптаудың негізгі типтеріне:

1) қарапайым - кездейсоқ;

2) жүйелілік;

3) ұялы;

4) стратификациялық (жіктелген);

5) көп сатылы;

6) ықтимал;

7) мақсатты түрлері жатады.

Қарапайым - кездейсоқ сұрыптау бас жиынтық жөнінде толық ақпарат алғанда қолданылады. Қарапайым - кездейсоқ сұрыптауды жүзеге асыру үшін әр түрлі әдістер пайдаланылады, соның ішінде «кездейсоқ сандар» кестесі, туған күніне қарап таңдау, шыққан тегіне орай, белгілі бір әріпке сәйкес іріктеп алу сияқты әдістер бар.

Бас жиынтықтан әрбір 10-шы немесе 20-шы адамды іріктеп алу жүйелік сұрыптаудың мәнін ашып көрсетеді.

Ұялы сұрыптауда кейбір статистикалық топтар (ұялар), дәлірек айтсақ, бригадалар, отбасылар, сыныптар, студенттік топтар, т.б. бөлініп алынады да, олар толық немесе іріктелген зерттеулерге түседі.

Стратификациялық сұрыптауда бас жиынтық алдын ала бірнеше жіктерге бөлінетін болды. Мұның басқа сұрыптаудан ерекшелігі де міне, осында. Мысалы, облыс көлемінде колледждер проблемасын зерттеу қажет болды делік, онда бүкіл колледждер — қалалық және селолық, базалық кәсіпорыны бар және базалық кәсіпорыны жоқ, т.б. болып, бірнеше жіктерге бөлінеді.

Көп сатылы сұрыптауды іске асыру — бірнеше кезенді қамтитындығымен сипатталады, сондай-ақ әр кезеңде іріктеудің бірлігі алмасып тұрады. Мысалы, бірінші кезеңде колледждерді іріктеу олардың орналасқан мекен - жайына (қала, село, т.б.) қарап жүргізіледі, екінші кезеңде сол қаланың аудандары нақты бөлінеді. Үшінші сатыда қала аудандарында зерттеу жүретін колледждер іріктеледі, бұдан кейін олардағы топтар, ең ақырында студенттер іріктелетін болады.

Ықтимал сұрыптауды қолданған кезде мынандай әдістер пайдаланылады:

1) стихиялық сұрыптау әдісі, бұл әдіс бойынша зерттелетін объектімен алғаш рет кездескен кезде сұрақ қойып, жауап алынады;

2) механикалық сұрыптау әдісі, бұл — жалпы адамдардың тізімінен белгілі бір интервалды сақтай отырып респонденттердің қажетті санын бөліп алу;

3) сериялық сұрыптау, мұнда басты жиынтық белгілі бір белгілері бойынша біртектес бөліктерге бөлініп, бұдан соң әрбір бөліктен респонденттердің нақты саны бөлініп алынады;

4) ұялы сұрыптау әдісі жеке адамдарды іріктеу үшін емес, топтарды немесе ұжымдарды бөліп алу мақсатында қолданылады.

Мақсатты сұрыптау мынандай әдістердің көмегімен жүзеге асады:

1) стихиялық сұрыптау әдісі (мысалы, газет оқырмандарынан почта арқылы сұрақ-жауап алу;

2) бұқаралық сұрыптау әдісі, бұл бақылауға алынған бір мәселені барлап - білу үшін қолданылады, осыған орай халықтың 60—70 пайызынан сұрақ-жауап алынады;

3) үлестік сұрыптау, бұл бүкіл зерттеу объектісінің қатаң сақталған процесін анықтайды: 5 пайыз, 10 пайыз. Сұрыптаудың екі-үш түрін бір мезгілде қолданғанда сұрыптаудың аралас та болуы мүмкін.

Ізденіс өрісіне орай бұл процестің қанша адамды қамтитынын білу аса маңызды мәселе болғандықтан, сұрыптаудың мөлшері де соған орай анықталады. Іріктелген жиынтық кұрамында болатын бақылау бірлігінің жалпы санын сұрыптаудың көлемі деп атайды. Сұрыптаудың мөлшері ен алдымен:

1) бас жиынтықтың біркелкілік деңгейіне (ол неғұрлым біркелкі болса, сұрыптаудың көлемі соғұрлым шағын болады);

2) қажетті деңгейдегі нәтиженің дәлме-дәл келуіне;

3) сұрыптау белгілерінің санына тәуелді болады.

 

Біздің топтың әлеуметтік зерттеуі «Эвтаназия» тақырыбына арналған.

 

Эвтаназия термині алғаш рет XVII ғасырда Ф.Беконмен “ жеңіл өлімді” анықтау үшін қолданып, XIX ғасырдан бастап “біреуді аяныштан өлтіру” деген мағынаны береді. Мұнда қиналуларды жеңілдету мақсатымен әдейі өлтіру туралы айтылады. “Эвтаназия” сөзімен “ауырсыну мен қиналуларды жоюды мақсат ететін” өлім мәніне әкелетін кез-келген әрекетті немесе керісінше әрекетсіздікті көрсетеді. Эвтаназия -тікелей мағынада алғанда “адамдық емес”, “адамға сай емес”деп саналатын өмірдің қиыншылықтарынан қашу, шыдау мүмкін емес қиналуларды тоқтату үшін “аяныштан” ең аз ауырсыну мен қиналудан саналы мақсатты түрде өз еркімен жасалатын өлтіру. Басқа бір анықтама бойынша Эвтаназия деп — қандайда бір тұлғаның өз тілегі бойынша өмірін тоқтатуына бағытталған және бұдан еш пайда көрмейтін адамның қолымен орындалған әрекетті айтамыз.

Эвтаназия туралы тек белгілі бір адамның өлімін жылдамдату пиғылы бар болғанда ғана айтылады. Ал ауыр сырқаттың соңғы кезіндегі науқастың қиналуларын жеңілдетуге тырысып оған өлімнің физиологиялық үрдісін тек тікелей емес түрде ғана жылдамдата алатын дәрі-дәрмекті тағайындағанда эвтаназия туралы айтылмайды. Бұл жағдайда науқасқа өлуге көмектесу мақсатын қоймайды, бірақ кері әсер ретінде ғана өлімді жақындата алатын препараттар көмегімен оның ауырсынуын азайтуға тырысады. Бұл жерде өлім әдейі, тікелей түрде тудырылмайды, бірақ ауырсыздандыру терапиясының мүмкін салдары болып табылады. Эвтаназия туралы өлімге әкелетін препарат қолданылғанда, сондай-ақ науқасты өмір сүру үшін керек заттардың немесе оған жағымды әсер ететіндердің барлығынан (есін жиып, өмірінің дербес қолданылуына мүмкіндік беретін реанимация немесе өмірді қалыпты жағдайда жалғастыруға мүмкіндік бере алатын емдеу) айырған жағдайда айтылады. Эвтаназия категориясы Активті (белсенді): Пациент өлімінде дәрігердің белсенді қатысуы. Бұл дегеніміз — дәрігердің науқасты оның ақпараттанған келісімімен өлтіруі. Пассивті: Дәрігердің көмегімен жасалатын суицид, яғни дәрігердің дайындаған өлімге әкелетін дәрісін науқас өзіне-өзі енгізеді. Дәрігер ролі пациентпен ыңғайласқан оның өмірін ұзарта алатын таңдамалардан бас тартуға немесе нәтижесінде науқас өмірінің қысқаруына әкелетін шараларды жүзеге асыруға жеңілдететін дәрі-дәрімектердің дозасын үлкейтуге келіп тірелетін жағдайлар, негізінен опиоидты анальгетиктер қолданылады. Мысалы, ауырсынуды басатын немесе ұйықтату. Науқастың өмірін тоқтатуға, ерікті келісімін таза заңды түсінуде үлкен қиындықтар бар. Тіпті “жеңіл өлімге” жазбаша келісімнің еш күші жоқ, өйткені ол адамнан санасыз және саналы жағдайында мысалы, қарт адамдар жиі өздерін туған жанұясына да қоғамға да жүктеме болуын сезініп, осындай психологиялық қысым әсерінен тек “туыстарын өзінен босату” үшін ғана өлімге келіседі. Препараттың “өлімдік дозасы” туралы пациентті “саналы түрде ақпараттанудың”өзі психологиялық қысым, өлімге итермелеудің бір тәсілі болуы мүмкін. Сондай-ақ егер кезіндегі эвтаназияға үйреніп кетсе, “гумандық” өлтіру және “табысты” эвтаназия түсініктерін жеңілдетуге бұны евгеникалық мақсатта қолданылуы мүмкін. Барлығыда ең әуелі науқастың қызығушылықтарын есепке ала отырып шешілуі тиіс. Эвтаназия тек кейбір Еуропа елдерінде ғана заң жүзінде рұқсат етілген. Ал Қазақастан Респбуликасында мұндай жағдай тыйым салынған.

 

Эвтаназияның өзіне тән формалары бар:

 

1 Белсенді

 

2 Енжар

 

Белсенді эвтаназия- пациентке дәрілік препараттарды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Ол препараттар өмірден тез кетуді жүзеге асырады. Сонымен қатар белсенді эвтаназияға дәрігердің көмегімен өзін-өзі өлтіру жатады. Пациентке оның қалауымен өмірді тез қиятын препараттарды беру іске асырылады.

 

Енжар эвтаназия- жасанды препараттарды өшіру арқылы жүзеге асырылады.

 

Ең алғашқы рет Эвтаназияны Нидерландыда қабылданды 1984 жылы. Сонымен қатар Бельгияда 2002 жылы қабылданды. 2003 жылы Эвтаназия 200 адамның өмірін қиды. Ал 2004 жылы 360 пациентің өмірін қиды.

 

- 2005 жылы Сәуірде Бельгиялық дәріханаларда Эвтаназияға арналған иньекциялар сатылды. Оның құны 60 евро. Сол иньекцияның ішінде яғни құрамында у бар. Сол дәріханада Эвтаназияға арналған иньекциялар мен препараттар сатылды.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 59; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.01 с.)