Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Кәсіпорын айналым қаражаттарының айналымыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Тау-кен кәсіпорнының өндіріс процесі мен оның өндірілген өнімі айналыс процесінде үздіксіз болуы тиіс. Айналым қаражаттың бір бөлігі – өндіріс, ал екінші бөлігі – айналыс саласында болады. Капиталдың өндіріс саласынан айналыс саласына көшуін - капиталдың айналымы дейді. Капиталдың айналымы – капиталдың ауыспалы айналымы, ол дүркін-дүркін жаңарып отырған процесс ретінде қаралады, оның дейекті түрде авансылануын (өндіріс құрал-жабдығын сатып алуға, жалақы төлеуге аванс берілуін), өндірілген пайдалы кенбайлықтың сатылуын, бастапқы нысанға қайтып оралуын қамтиды. Сөйтіп, бұл процесте ақша капиталы өндіргіш капиталына, өндіргіш капитал - тауар капиталына және тауар капиталы - ақша капиталына айналады. Сөйтіп, капитал (айналым қаражаттар) үш сатыдан өтеді. Бірінші сатыда – ақшалай қаражаттар оларсыз өндірістік процестің орындалуы мүмкін болмайтын әр түрлі материалдық құндылықтардың өндірістік қорларына ауысады. Яғни, ақшалай нысаннан – өндіріс құрал-жабдығы мен жұмыс күші нысанына ауысады. Осы кезде кәсіпорын қосалқы матариалдарды, бекітпелік материалдарды, жарылғыш заттарды, жару құралдарын, жабдықтарға қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандарды сатып алады. Екінші сатыда – өндірістік қорлары дайын өнім шығаруға жұмсалады, өндіріс процесі жүзеге асырылып, пайдалы қазбалар өндіріледі. Үшінші сатыда – кәсіпорын өзінің өндірген өнімін сатып, өткізіп, өнімге жұмсалған қаражатын қайтарып, пайда алуға күш салады. Осы процесс аяқталған бойда, капитал қайта ақша нысанына ие болады. Бірінші және үшінші сатылары - айналыс саласына, ал екінші сатысы – өндіріс саласына жатады. Сонымен, ақша тауарға айналып, тауар қайтадан ақшаға ауысады, үздіксіз өндірістік процесс қайталанады (3.1-сурет).
3.1-сурет. Айналым қаражаттардың айналым сұлбасы: 1– өндірістік қорлар; 2 – өндірістегі қаражаттар; 3 – айналыстағы қаражаттар; 4 – айналыс саласы; 5 – өндіріс саласы
Капиталдың қозғалысы үздіксіз болуы үшін оның белгілі бір бөліктері бір мезгілде ақшалай, өндірістік, тауар нысанының бірінде болып және үш сатыдан өтуі тиіс. Сөйтіп, капиталдың ауыспалы айналымы үздіксіз, ұдайы қайталанып отыратын процесс болып табылады. Үздіксіз жаңартылып отыратын процесс ретінде қаралатын өнеркәсіптік капиталдың ауыспалы айналымы, оның айналымын құрайды. Капитал айналым уақыты бүкіл авансыланған капитал өндіріс пен айналыс сатысынан өтетін және бастапқы нысанына қайтып оралатын кезең ретінде қаралады. Капитал айналымының жылдамдығы, оның бір жыл ішінде жасалатын айналымдылық санымен сипатталады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.) |