Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасыБүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, адамзатты қан жылатқан қырғын, жан біткенді жалмауға жанталасқан зұлмат соғыстың ащы шындығы көркем әдебиетімізде кеңінен көрініс тапқан. Қасым ақынның "Ақын өлімі туралы аңыз" атты поэмасы - соғыс кезіндегі қазақ поэзиясының озық үлгісі. Дауылпаз ақын өз шығармасында досы Абдолла Жұмағалиевтың ерен ерлігін тілге тиек етеді. Өлім тұзағына түскен жауынгер досының майдан шебіндегі арпалысы, ерлік салт пен антына берік ер бейнесі поэмада толықтай ашылған. Жау тобына кекті ашумен автоматтан тоқтаусыз оқ жаудырған намысты ұлан бейнесінен барша батырларымыздың жан толғанысын, рухының өр күшін аңғарамыз. Батыр: Күллі әлемнің ашу кегі, Қара толқын орман шашын Кең даланы жүнше түтіп, орман шашын талдап жұлып, көл жағасы – жар құлатқан снаряд күші батырдың жүрегін шайлықтыра алмайды. Ол ақтық демі біткенше арыстанша алысады. Ала алмайсың! – деді ер ұлан, Бұл – кейіпкер тағдырының шиеленіске толы кезі. Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды. Отан алдындағы антына адал солдат жау қолына түскеннен ерлік өлімді артық санайды. Қайсар батыр от киінген Абдолланың отқа жанып тұрған шағын да зор ақындық қуатпен ғажайып суретке айналдырған: Шұғыла шашқан кешкі бұлттай, Бұл – екінің бірі айта алмайтын жыр, екінің бірі көрсете алмайтын сурет. Өртеніп, жалынға айналып барып, күрт құлаған Абдолла бейнесінен иілмейтін, шарт сынатын қайсар мінез танылады. Ол әсер жауын мазақтап, өлім қойнына өлеңдете кіреді. Ақын кейіпкерін өрт ұстаған Прометейге ұқсата отырып, оның өлімін романтикалық аңызға айналдырады. Оқиға да, адам сезімі де қысталаң шақтағы қозғалысқа негізделіп, оның бойындағы рухтың әр күшін өткір бейнелейді. Ақтық минуттағы соңғы сөзін батыр Отанына, еліне арнайды. Бұл – трагедиялық ақын өлімінің өзінде де үлкен өмір сүйгіштік күш барын танытады. Соғыстың қызып тұрған кезінде жазылған бұл поэма сол кездің өзінде-ақ, жұртшылық назарын бірден өзіне аударды. Ол жөнінде алғашқы пікір айтқан Ғабит Мүсірепов: «Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегін тербей шыққан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты», – деп жазды.
Қасым шығармашылығы — қазақ поэзиясының асылдарының бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастыққа сезініп, өз өлеңдерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомарттық сезімді терең көрсетті. Оның батыл ойлы, сыршыл поэзиясының бұрынғысынша әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан деп ойлаймын.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 66; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |