Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жерасты жөндеу кезіндегі қолданылатын саймандарСодержание книги
Поиск на нашем сайте 5.8. Жерасты жөндеу кезіндегі қолданылатын саймандар 5.8.1. Элеваторлар
Элеваторларды балкалық және төлкелік деп екі түрге бөлуге болады. Бірінші балкалы түріне ЭТАД және ЭХЛ маркалы элеваторлар жатады. Олар екі штропаларға ілінеді. Штропалардың іліну нүктесі элеватордың осінен едәуір қашықтықта жатады. Сонымен, құбырлар тізбегінің салмақ күші элеватордың ортаңғы бөлігіне түседі де, оның денесіндегі негізгі кернеу –майыстыру кернеуі болып табылады. Соған байланысты элеватордың массасы мен металлсыйымдылығы өте жоғары болып, түсіру-көтеру операцияларының еңбек көлемі ұлғаяды. Майыстыру кернеуінен тартылу кернеуіне ауысу бөлшектің беріктігін үлкейтетіні белгілі. Сондықтан конструкторлар тартылу кернеуі орын алатын элеваторларды жасап шығаруға ұмтылды (5.11-сурет).
5.11-сурет. ЭГ элеваторының сұлбасы
Мұндай элеваторда сырғалардың тіректері құбырлардың іліну нүктесіне жақын орналасқан, соның нәтижесінде элеватордың корпусында негізінен тартылу кернеуі орын алады. Оның массасы қосштропты элеватордың массасынан бірнеше есе кіші. Төлкелі бірштропты элеваторлар мынадай маркалармен шығарылады: ЭГ, ЭЗН, ЭТА, т.б. ЭГ типті элеваторлардың жүк көтергіштігі 16, 50 және 80 т-ға тең, ал ЭЗН элеваторларының көрсеткіштері – 15, 25, және 50 т болса, ЭТА элеваторлары – 32, 50 және 80 т-ға жетерлік жүк көтергіштігі бар. ЭГ типті элеватордың корпусының (5.11-сурет) муфтаға арналған ойығы мен тірегі бар. Тіректің белдігі элеватордың жазығында көрініп тұр. Элеватор корпусының бүйіріндегі пазға құбыр кіреді де жақтаулармен жабылады. Олар өз осінде айналады және серіппеге ілінген. Жақтаулардың өздігінен ашылып кетпеуі корпусқа кіріп тұратын шиптің көмегімен орындалады. Штангалық элеваторлардың ЭШН және 1ЭШУ-10-16-25 маркалы түрлері бар. Оның корпусы сырғаға ілінген. Корпус пен төлкенің бүйір жақтарында ойықтар бар. Элеваторды штангага бағыттаған кезде корпус пен төлкенің ойықтары тұстас келіп, штанга элеваторға кіреді. Одан соң төлкені айналдырып, корпустың ойығын бітейді. Штангалық элеваторлар өлшемдері 12-ден 25 мм-ге дейінгі штангаларға есептелген. Элеватордың штанганың өлшеміне байланысты ауыстырылатын қосымшалары бар және жүк көтергіштігі 5-тен 20 т аралығында болады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 74; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.008 с.) |