Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жастар дін өкілдерімен кездесті«Дін ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» дейді қазақ. Өкінішке орай, қазіргі таңда жақсылыққа бет бұрдым деп, жат ағымдарға арбалып, адасып жүрген жандар көбейіп кетті. Секталардың шырмауына негізінен оң-солын әлі ажырата қоймаған жастар түсіп жатыр. Мұның себебін, біріншіден, сырттан келген секталар мен діни ұйымдар бұғанасы қатып үлгермеген жас буын өкілдерімен белсенді түрде жұмыс жасайтынынан іздеген жөн. Екіншіден, сектанттарға мектептегі оқушылар, университеттегі студенттер, оқу орнын енді ғана тамамдаған жас мамандарды торға түсіру анағұрлым оңай. Себебі біздің жас буынның бойында күш-қуат бар, санасы уланбаған, кез келген ақпаратты тез қабылдап және тез шешім шығара алады. Үшіншіден, сол жастарымыздың өмірлік тәжірибесі аз болып келеді. Дін мәселесі – өте нәзік тақырып. Әсіресе, оңы мен солын әлі жете танып-білмеген өрімдей жастардың діни көзқарасын қалыптастыру, оларға салиқалы әрі салмақты түсінік беру тек сала мамандарының ғана қолынан келері сөзсіз. Өйткені, алмақтың да салмағы бар демекші, үстіртін немесе теріс мәлімет алған жастың жат ағымның жетегіне еріп кете беруі ғажап емес. Осы орайда, Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің ұжымымен теолог өкілдерімен бірлесе ұйымдастыратын ақпараттық-түсінік бағытындағы түрлі іс-шаралар кешенінің маңызы зор. Мектептегі жоғарғы сынып оқушылары түгелімен қатыстырылды. Аталмыш іс-шараның мақсаты – жастарды түрлі теріс ағымдардан сақтандыра отырып, отансүйгіштікке, имандылыққа, мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, исламның шынайы игілікті рухани байлықтарын насихаттау болды.Қазақстанда ислам дінінің ханафиттік мазхабы таралғанын ескере отырып, еліміздің өсіп-өркендеуі, рухани тыныштығы үшін осы бағытпен жүру маңыздылығына назар аударды. Соқыр сенім жетегіндегі фанатқа айналмас үшін, ең алдымен діни сауатты мешіттен, соның ішінде есік торуылдаған ұстазсымақтардан емес, имам-молдалардан үйренген жөн. Қазір көшеде кез келген кісіге кітапша мен журнал ұсынып жүргендердің де дәстүрлі дінге еш қатысы жоқ. Сектанттар өздерінің жымысқы әрекетін ғаламтор арқылы жүргізуден де әсте шаршамайды. Жастар олардан мейлінше тартынып, бойларын аулақ ұстағандары абзал. Тәрбие жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары оқушылар бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында атқарылған іс-шараларға тоқтала келе, ынтымақтастыққа мүдделілік танытқаны үшін дін өкілдеріне ризашылығын білдірді. Тағылымды кездесу барысында оқушылар «Тәубеңе кел» атты деректі фильмді тамашалап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптар алды. Дінтану пәнінің мұғалімі:Раис айнұра Беркінбайқызы
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 44; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |