Ауызекі сөйлеу стилі – функционалды стильдің бір түрі. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ауызекі сөйлеу стилі – функционалды стильдің бір түрі.

 

Берілген ауызекі сөйлеу стиліне қатысты ақпартпен танысып, оның негізгі ерекшелігін топта талқыла.

· Ол күнделікті қарым-қатынас барысында, оның барлық саласында (тұрмыста, өндірісте, таныс ортада, т. б.) ауызша қолданылатын сөйлеу үлгісі, бұл – әдеби тілдің қарама-қарсысында танылатын құбылыс, өзіндік нормасы мен тілдік-стильдік белгілері бар.

· Негізгі қолданылу формасы – диалог, монолог.

· Ауызекі сөйлеу стилінің тағы бір ерекшелігі – әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа-райы тура-лы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі экспрессивтілік, эмоционалдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі сөйлеуде байқалады.

· Ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестерінің – варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, диалектілердің, т.б. жиі кездесетіндігі

· Ауызекі сөйлеу стилінде сөздік қордың барлық саласы қамтылады Ауызекі сөйлеу тілінде молынан ұшырасатын тұрақты сөздер бағалауыштық, бейнелегіштік мағынада қолданылады.

· Сөздердің қолданылуы жағымды-жағымсыз эмоцияға тікелей байланысты. Сөйлеуші әр уақытта баяндалған құбылыс пен затқа өзінің әртүрлі көзқарасын, ниет-пиғылын, ойын, көңіл-күйін, сезімдерін айтқандықтан, қарама-қарсы көңіл-күй сөздері қолданылып, олардың қолдану үлесі  салмағы молынан ұшырасып отырады.

· Ауызекі сөйлеу стилінде дауыс ырғағы, дауыс тонының айтылу мәнерінен бір ғана сөздің өзінің астарында алуан түрлі прагматикалық-стилистикалық мағына жатқанын көруге болады. (Мысалы, әдемісін-ай, өткірін-ай мінезіне сүйсіну)

· Ауызекі сөйлеу стилінде лингвистикалық факторлармен қоса, бейвербалды факторлардың (паралингвистикалық) да қатар пайдаланылуы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қимыл-қозғалыстары, дауыс ырғағы-ның (интонацияның) құбылуы т.б.), бұл – фонетикалық ерекшеліктері, сөздерге әр түрлі екпін түрлерін түсіру арқылы да ойға түрлі экспрессивтік реңк, бояу беріп айтылуы да жатады.

· Ауызекі сөйлеуде ойдың қысқа, тұжырымды болуы грамматикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты (толымсыз, жалаң сөйлемдер, эмоциялы жай-күйді жеткізуде лепті, сұраулы сөйлемдер жиі қолданылады.

· Сөз қайталау тәсілі бар

· сөйлем мүшелері инверсияланып жұмсалады,

· кейбір морфологиялық тұлғалар ықшамдалып беріледі (кеп, боп, келгесін…).

· Қарым-қатынас аясы – адамдармен еркін әңгімелесу жағдайында, таныс ортада.

· Бейресмилігі

· Сөйлеу еркіндігі

· Сөйлем қарым-қатынасының экспрессивтілігі

· Тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі

· Сөйлеудің автоматтығы

· Сөйлеудің мазмұны диалогтың форма мен қарапайымдылығы

 

2.Қарым-қатынас мақсаты: өзара тілдесу, жедел ақпарат беру.

3.Стильдік сипаты: бейресмилігі, сөйлеу еркіндігі, ойдың автоматты түрде берілуі, айтушы эмоциясының басымдығы.

4.Тілдік құралдары:

- бейтарап және эмоционалды сөздер, диалектизмдер, дөрекі сөздер, қарапайым, тұрмыстық сөздер, варваризмдер, сөйлеу тілінің фразеологизмдері;

- көріктеу тәсілдері (метонимия, синекдоха, табу, эвфемизмдер) қолданылады;

- дауыс ырғағына қарай сөйлеуші қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөздерді қолданады;

- сөздердің орын тәртібі еркін болады;

- әдеби тілдің қалыпты нормалары толық сақталынбайды;

5.Тілдік емес (бейвербалды) белгілері, паралингвистикалық амал-тәсілдерді пайдалану ерекшелігі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 46; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.)