Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған

Поиск

 

 

 


Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасына сәйкес

«Мектеп / студенттік парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасын іске асыру үшін атқарылатын

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Құрастырушы:

Г.Сулейменова   - Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының әдіскері

Г.Құрманбай – С.Нұрмағанбетов атындағы №72 жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Н.Салман - №131 жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Х.Жаркинбаева - Н.Оңдасынов атындағы №38 жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

А.Арынбаева - К.Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

@Шымкент қаласының әдістемелік орталығы

 

Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес

«Мектеп / студенттік парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасын іске асыру үшін атқарылатын іс шаралар жоспары

 

Парламент мақсаты:

            Балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау.

 

Парламент міндеттері:

1) білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру;

2) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады;

3) білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету;

4) білім беру ұйымдарына білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету;

5) білім беру ұйымының рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынас жасауға, білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талап етуін арттыруға, мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізу;

6) білім алушыларды білім беру ұйымының қызметі туралы хабардар ету;

7) қазақстандық қоғамды дамытудың нақты күші және стратегиялық ресурсы ретінде балалар мен жастар туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысу;

8) балалар мен жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын іске асыруға көмек көрсету болып табылады.

9. Білім беру ұйымдарында Парламент қызметі өңір мен білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып айқындалатын басқа да міндеттерді шешуге бағытталған.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 44; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)