Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жергілікті мамандар жетіспді.Содержание книги
Поиск на нашем сайте 4) Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1930 жылдың аяғында қала халқы 29,8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақ – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп). 1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары болды. Республикада көптеген инженер – техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты. Индусрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Домбастың жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары – Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды. 1935 жылғы желтоқсанда республиканың түсті металлургия өнеркәсібі озаттарының тұңғыш слеті болды. Қазақстан индустриясының еңбек ерлері: Ә. Мұрынбаев, М. Сағымбеков, Б. Нұрмахамбетов, З. Табылдинова, А. Сафин. Стахановшылар қозғалысы. Оң әсері 1. Жаңа техника мен технология меңгерілді. 2. Жұмысшы табының мәдени – техникалық деңгейі жетілдірілді. 3. Еңбек өнімділігі артты. 4. Индустрияландырудың даму қарқыны тездетілді. Теріс әсері 1. Жағдайға қарай ыңғайланып, реттелетін қозғалысқа айналды. 2. Жаппай стахановшыландару жүргізіліп, өндірістің берекесі кетті. 3. Жекелеген адамдарға рекорд үшін жағдай жасалды. 4. Еліктеушілік, біріңғай ойлаушылық психологиясы қалыптасты. Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы: 1. Аграрлық республика индусриялы – аграрлық аймаққа айналды. 2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті. 3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды. 4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады. 5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды. 6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды. 7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты. 8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да, деревняда да социализм пайдасына шешілді. 9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік жойылды. 10. Жұмыссыздық жойылды. 11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті. 12. Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді. Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан шығарды. 35. Президент институты - тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі бұрын болмаған жаңа құрылым екенін дәлелдеңіз. Транзитті даму кезеңінен өту, қалыпты эволюциялық жолына түсу мемлекет алдындағы өзінше күрделі міндеттер болып табылады. Сонымен қатар нарықтық экономиканы қалыптастыру, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын нарықтық экономикаға сәйкестендіру, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік – экономикалық қиыншылықтарды шешу проблемасы – XX ғасырдың 90 жылдарындағы Қазақстан Республикасының күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып табылатын. 1995 жылғы Конституция бойынша «... ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей арқылы, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып,...» -деп қоғамның негізгі бағыты айшықталады. Сонымен қатар, Конституцияда мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы – халық деп көрсетілген. Конституцияның 2 бабында көрсетілгендей «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет». Басқарудың президенттік формасы жағдайында президент халық атынан арнайы өкілдіктерге ие болады және де билік бөлісі принципі айқын болса, ол әрі мемлекеттік атқарушы органның төрағасы болып саналады. Қоғамды саяси қайта - құру кезеңінде Қазақстандағы парламенттік жүйенің тиімсіз болуының объективті себептері де бар. Әдетте, парламенттік жүйе, дамыған көппартиялық жағдайда тиімділік танытады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстанда көппартиялық саяси жүйе құру үрдісі әлі де күрделі және қайшылықты жағдайды бастан кешірді. Бұл құбылыс осы уақытқа дейін бастапқы сипатында, қоғамның көп бөлігін қамти алған жоқ. Әлеуметтік топтардың өзіндік мүдделері қалыптаспаған. Міне, осындай жағдайда парламент қызметі тиімділік таныта алмады, табанды да жүйелі экономикалық реформаларға ықпалы кем еді. Мұндай проблемалар парламенттік жүйесі осал елдердің бәрінде кездесті, сондықтан, олар белгілі бір уақыт аралығына өз президенттеріне төтенше өкілдіктер беріп, қоғамды басқарудың, әсіресе, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандырудың оңтайлы жолдарын тауып, басқарудың президенттік формасына көшу, атқарушы билікті күшейту – модернизация кезеңіндегі тарихи және саяси заңды кезең болып табылады. Саяси демократия мен нарықтық экономиканың құқықтық негіздерін жасау – бірінші кезектегі аса маңызды міндет болған шақта, дәл осы президенттік жүйе ғана мейлінше тиімді екенін уақыт көрсетті. Парламент болмаған кезде, мемлекет басшысы жаңа нормативтік негіз жасай отырып, экономиканы жандандыруға бағытталған 511 жарлық шығарды, оның 132-сінің заң күші бар. Осылайша, мемлекет құрылысы мен қоғамдық өмірдің аса маңызды мәселелері жедел әрі икемді шешілді. Нақты Отандық ерекшеліктерге байланыстыра отырып, еліміздегі билік формасы туралы О. Сүлейменов, сонау 1993 жылдың өзінде-ақ: «Қазақстандағы күшті Президенттік Республика Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше тұлғасымен, кәсіби жағынан жетіле қоймаған Жоғарғы Кеңеспен және саясат сахнасына көтеріліп келе жатқан саяси партиялардың әлжуаздығымен сипатталады», - деген болатын. Өтпелі кезеңде ұлт көсемінің алдында тұрған мндеттерді зерттеушілер былай бағамдайды: қоғамды тұтастыру және бұқараны біріктіру; тиімді саяси шешімдерді іздеп табу; азаматтарды бюрократияның заңсыздығы мен бассыздығынан қорғау; тәртіп сақтау және қылмыстықпен күресу; азаматтардың биліктен алшақтауына жол бермеу; жаңашылдық үлгісін көрсету, келешекке деген үміт отын жағу және әлеуметтің қуат-күшін арттыруға жігерлендіру; өтпелі кезеңдегі реформалардың қажеттігіне жұртшылықты сендіру және соған жұмылдыру. Қайталап айтатын болсақ, мемлекет басшысы ретінде жеке тұлғаның ықпалы – Президенттің қолындағы баға жетпес құралы болып табылады. Бұл құралды мемлекеттік саяси басшыларға (үкімет басшысы мен мүшелері, парламент, аймақ басшылары т.б.) қатысты да, партия және қоғам қайраткерлеріне қатысты да тиімді қолдануға мүмкіндік береді.Сайланып қойылған саяси көсем, көбінесе нақты саяси міндеттер мен қолындағы қорлардың мүкіндігіне қарай ықпал ету құралдары мен жолдарын өзі таңдайды. Модернизацияның бастапқы теориясын жасаушылар оны вестернизациямен, яғни түбегейлі өзгерістерді басқа түрмен айырбастау, айталық, батыстың саяси институттарды қабылдау қажеттігіне ұқсата түсінген. Бірақ, бұл түсінік ұзаққа барған жоқ. Батыстың тәжірибесін сол қалпында көшіріп алып, тұтастай енгізе салудың дұрыс еместігі мәлім бола бастады. Осыған орай, шығыс елдерінде модернизатор ретінде танылып, мемлекеттің институттық негіздерін түбірінен өзгертуге кіріскен режимдер баянды бола алмай, бірінен-соң бірі ыдырай берді. Өйткені, стратегиялық тұрғыда модернизация жолын дұрыс таңдағанымен, олар батыс үлгісіндегі мемлекет құрсақ, сол батыстағыдай даму дәрежесіне жетеміз деген теориялық қағиданы ұстанған еді. Шын мәнінде, нәтиже басқаша болғанын өмір көрсетті. Мемлекеттік институттарды модернизациялаумен қатар, қоғамдық сананы да түбірінен өзгерту керектігі, әрине жаңартылған саяси жүйені халық түсініп, қабылдайтындай жағдайға жету қажеттігі барған сайын айқындала берді.Жан-жақты негізделген және жүйелі реформаторлық тұғырнама болмайынша, қоғамның ұйымшылдығын нығайтып, оны дағдарыстан алып шығу мүмкін емес. Мұндай тұғырнама тарихи кезеңдерде алда тұған міндеттерге сай келуге тиіс, тарихи кезеңнің мәні мен мағынасын аша отырып, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістің салдары қандай боларын алдын-ала болжау арқылы, жүргізілетін реформалардың басымдылығы мен сипатын айқындап бере алатындай болуға тиіс. Тек, осындай-осындай жүйелі, байсалды қадамдар ғана әлеуметтің басындағы өзгерістердің баянды болуына жеткізеді. Әрине, саяси көсемдіктің ерекшелігі мен сипаты көсемнің жеке тұлғасына және нақты уақыт талабына тікелей байланысты. Сонымен бірге, көсемдікті жүзеге асыру жолдары мен амалдары, саяси көсемдік құралдарының қандай екендігі де өте маңызды. Міне, осылайша көсемдіктің құралдары дегенде, көсем сол құралдардың көмегімен елдегі әртүрлі топтардың, партиялар мен қозғалыстардың мүддесін салмақтай, ескере отырып жүгізетін құрылымдарды айтамыз. Бұл жағдайлар қайта қалыптаcу жолына кейінірек түскен мемлекеттерде де президент институтының енгізілуіне себеп болды. Мұның өзі саяси жүйелердің дамуында әмбебап заңдылық бар екенін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев әділ атап көрсеткендей: президенттік басқарудың тиімділігі, әсіресе «... реформалар мен басқа бір қоғамдық жүйеге көшу кезеңінде байқалады, мұндай кезеңдерде жағдай тұрақты бола қоймаған, әсіресе жер аумағы аса кең және көпұлтты мемлекеттерде айқын сезіледі». Саяси көсем ретінде Президенттің қолында оның мемлекет басшысы тұрғысындағы міндеттерін жүзеге асыратын ықпалды құралдары болатыны мәлім. Бұл құралдар, жоғарыда айтқанымыздай – заңды жария билік құзіреті, материалдық, қаржылық және басқа да қорларды жұмсау мүмкіндігі, мемлекеттік аппарат, көтермелеу және мәжбүрлеу құралдары, әрине, заң болып табылады. Бұған қоса, мемлекет басшысының жеке тұлға ретінде де ықпал ету мүмкіндігі бар. Бұл орайда көсемнің абыройы де негізгі ұғымдардың бірі болуға тиіс. Бұл орайда саяси көсемнің өз қадірін өзі қалай бағалап, түсінуі; саяси мінез-құлқына әсер ететін тілек-талаптары мен құштарлығы, аса маңызды саяси сенім-ұстанымының жүйесі, саяси шешімдер қабылдау стилі, басқа адамдармен қарым-қатынас дағдысы, қауіп-қатерге шыдамдылығы – жеке тұлғаның ықпалдылығын анықтайтын ерекше сипаттар болып табылады. Көбінесе, елде болып жатқан қандай да бір саяси процестер, құбылыстар мен оқиғаларды қалың бұқара саяси көсемнің есімімен байланыстыратыны сондықтан.Қазақстанда президент қызметін белгілеу алғашынан-ақ еліміз дамуының ерекшеліктерімен, нақты саяси жағдаймен, саяси мүдделердің арасалмағымен тығыз байланысты болды. Мұның өзі заңды да еді. Елдің даму сипаты президент институтының қандай болмағына тікелей әсер ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Тіпті, басқа елдердегі президент институтының конституциялық үлгісін бұлжытпай көшіріп алған жағдайдың өзінде, оның өзіндік ерекшеліктері болмай қоймайды.Саяси жүйенің қалыптасуы мен дамуында президент институтының маңызы қандай екендігін объективті түрде талдау үшін елдің тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктері сияқты барлық шарттарды түгел ескеріп отыру қажеттігі туындайды. Басқарудың белгілі бір жүйесін, президенттіктің белгілі бір жүйесін таңдау, әсіресе, егер бұл таңдау жаңа саяси жүйенің қалыптасу кезеңінде жүзеге асырылса, билікті тұрақтандыру және оның тиімділігін арттыру міндетімен де тікелей байланысты болады.Президенттің ерекше жағдайын айқындайтын басқа да маңызды факторлардың қатарына, елдің осы өзгерістерге дейінгі даму жағдайы, бұрынғы мемлекеттік биліктің ұйымдық құрылымы, саяси күштердің арасалмағы, елдің саяси мәдениетінің деңгейі қандай болғанын жатқызамыз. Бұған қоса, кейде басымдық алып кетуі мүмкін субъективті факторларды да ескеру қажет. Қазақстанда президент институты республикамыз бастап кешіп отырған терең дағдарыс жағдайында қалыптасты. Және де бұл дағдарыс қоғам тіршілігінің барлық салаларын, мемлекеттік басқару жүйесін де қамтиды. Дәстүрлі экономикалық байланыстардың үзілуі, кеңестік экономикалық жүйенің түбірімен ыдырауы халықтың әл-ауқатын төмендетіп, әлеуметтік шиеленістерді күшейте бастаған. Ұлтаралық, конфессия аралық қатынастар мемлекет тарапынан сақтықты күшейтетін жағдайға келді.Қазақстанның басына келген нақты жаңа жағдайларда басқарудың бұрынғы жүйесі әлсіздік танытты. Коммунистік партия жоғалғаннан кейін пайда болған шарасыздық пәрменді мемлекеттік билік жүйесінің ықпалын қажет етті.Осылайша, өкілетті органдардың әлжуаздығы, мемлекетті басқарудың нақты мәселелерін шешуге осалдық танытып отырғаны, атқарушы түзілімдердің дәрменсіздігі мен қабілетсіздігі бірден айқындала бастады. Жоғарғы Кеңестің қызметі дабыра жиналысқа айналды. Дәл осы өкілетті биліктің осалдығына байланысты мемлекеттік органдарды қайта құру қажеттігі ақиқатқа айналды. Міне, осындай-осындай нақты тарихи жағдайда Қазақстанда президенттік биліктің қажет екендігі, бір жағынан, әлеуетті, тұрақты мемлекеттік биліктің артықшылығы мен демократиялық жолмен халық сайлаған президенттің өміршеңдік талабынан туындады.Қашан да жаңа мемлекеттілікті қалыптастыру, мемлекеттік биліктің жаңа механизмін жасап, оны мейлінше жетілдіру жолында объективті де, субъективті де қиыншылықтары көп жолдан өтуге тура келді. Және де бұл проблемалардың бір парасы саяси салада, екіншісі – құқықтық, үшіншісі ұйымдық салаға тиесілі еді. Президент институтын орнықтыруда, оның конституциялық статусын анықтауда көлденеңдейтін басты мәселе – басқарудың лайықты формасын таңдау болып табылатынын өмір көрсетті. Осы форма айқындалса, президенттіктің нақты үлгісі қандай болмағы өзінен-өзі көрінеді. «Сондықтан, жаңа мемлекеттік жүйенің шаңырағын көтергенде, президенттік немесе парламенттік басқару формаларының біреуін таңдау керек болды». «...нақты ғылымда шешуді қажет ететін міндеттер болады, сонымен қатар нақты шешуі мүмкін болмайтын жағдайлар кездеседі. Сондықтан да мұндай көп параметрлі міндеттерді шешу үшін алдымен жақындау керек». Талдау көрсеткендей, президенттік институт өзінің бастауын америкалық саяси жүйеден тартады. Ал «Президент» термині ерте дүниеден бар, ол латынның «praesidens» сөзінен шыққан, тура аудармасында «алдыда отырғандар» дегенді білдіреді. Ерте дүниеде кіріспе сөз сөйлегендерді президент деп атаған, былайша айтқанда, түрлі жиналыстардың, төрағаларына сондай атау берген». Тарихи тұрғыдан қарағанда президенттік институты таяуда ғана пайда болған, өз дамуында салыстырмалы түрде тарихи қысқа мерзімді қамтиды. «1995 жыл … Еліміз қатал дағдарыс аранында тұр.... біздің жас мемлекеттілігіміз, біздің мақсаттарымыз бен идеаларымыз, біздің реформалық стратегиямыз шыдамдылық тезіне салынды». Көпке белгілі, мемлекет басшысы президент болып табылады. Президенттіктің демократиялық мәнін көрсететін маңызды факторлардың бірі оның сайланып қойылатыны. Осыған байланысты отандық зерттеуші Ж.А. Мурзалин ең басты ерекше белгі «биліктің қызмет ету қабілеті... Президенттің заңдылығы барлық жерде жалпыхалықтық дауыс беумен айқындалады» - деп атап көрсетеді. «КСРО да Президент лауазымын бекіту туралы мәселе алғаш рет «сталиндік» КСРО Конституциясын талқылау барысында, 1936 жылы қолға алынған екен. Алайда бұл ұсынысқа Сталин үзілді-кесілді қарсы шыққан. Өйткені президентке қарағанда анағұрлым көп билікті қолына жинақтаған «халықтар көсемі» үшін мұндай лауазымның ешқандай саяси мәні жоқ болып есептелді. 1964 жылы КСРО Конституциясын даярлау барысында Н.С. Хрущевтің өзі Президент лауазымын бекітудіұсынды. Бірақ Н.С. Хрущевтің биліктен кетуімен конституциялық комиссия КСРО Конституциясының жобасын мүлде тоқтатты. Конституциялық комиссия КСРО-ның «брежневтік» Конституциясын талқылау барысында Президент лауазымын енгізу мәселесін тағы да талқылады. Алайда Президенттік функцияны Жоғарғы Кеңестің Президиумы тоқтатты, ал мемлекет басшысының ролін іс жүзінде СОКП ОК Бас хатшысы атқарды. Президент лаузымын енгізу туралы мәселе XIX Бүкілодақтық партия конференциясында, 1988 жылы да көтерілді, бірақ бұл жолы да ондай лауазым енгізілмеді».Кеңес Одағы тараған кезде Қазақстандағы саяси және экономикалық өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін президенттік басқаруды енгізу қажеттігі туындады. 1990 жылы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес Қазақ ССР Президенті лауазымын бекітті және Парламент сессиясында жасырын дауыспен Н.Ә. Назарбаев Президент болып сайланды. Аса ауыр жағдайларда жинақталған мемлекеттілік құру, саяси және экономикалық реформалар жүргізу тәжірибесі, әлем және оның дамуы туралы білік – білімімізді, қазақстандықтардың төзімділігін талап еткені сөзсіз. Осы кезеңде мемлекеттігіміз бен дұрыс стратегиясын таңдап алудың өміршең мәні болды.Осы орайда Президенттің Қазақстан халқына ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы бұдан кейінгі жыл сайынғы жолдауы «ұзақ мерзімді стратегиялық іске асырылуына берілетін бағаны қамтиды, сондай-ақ алдағы жылға арналған нақты міндеттерді айқындайтын болады» - деп Ел президентінің Қазақстан халқына 2007 жылғы жолдауында атап өтілді. Тоталитаризмнен демократияға жылдамырақ, әрі тиімді өтуге септігін тигізетін саяси шешімдер қабылдау қажеттігі туды. Осындай кезде посткеңестік жағдайда және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарындағы қиын – қыстау сәтте тоталитаризмнен демократияға өту үдерісін жүзеге асыру үшін президент институтының енгізілуі аса маңызда болды». Кеңестік жүйеден капиталистік жүйеге өтуді қамтамасыз ету Қазақстанда ұлттық мемлекеттілікті қайта түлету жолындағы аса көп қиындықтармен, ерекшеліктерімен және проблемалармен жүзеге асты. Мәселенің мәні бұл жерде саясатта және экономикада, әлеуметтік өмірде және бұқара санасында бейбіт жағдайда төңкеріс жасауды жетілдіру туралы болып отыр. Осының бәріне бөлінген уақыт тым қысқа еді. Осы бес-алты жылда аз нәрсе атқарылған жоқ, дегенмен, атқарылуға тиісті көп нәрсе назардан тыс қалды. Біз өз табыстарымыз бен кемшіліктерімізді, өз мүмкіндіктеріміз бен күшіміздің неге қабілетті екенін жақсы білеміз. Нарық бұрынғыны ғана емес, халықтың негізгі бұқарасы арасында ғасырлар бойы әбден қалыптасқан тіршіліктің тұрақты, дәстүрлі формасын да бұзып, жаңа қатынастар оратып, өмірімізге дендеп енді. 36. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қайраткерлері еңбектерінің тарихи құндылығы. ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Н. Бөкейхановтың 150 жылдық және елімізде Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толу мерейтойының атап өтілуінің барысы мен маңызы. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс – қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Кеңес үкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.1919 жылдың сәуірінде А.Байтұрсынов Қазақ Өлкелік революциялық комитетінің мүшесі болып бекітілді. 1920 жылы қазанда Қазақ АССР-і болып өзгертіліп, әкімшілік атқару комитеті қайта құрылды. Біздің тәуелсіздік алу идеямыз 1917 жылы желтоқсан айында құрылған Алашорда үкіметінің құрылуынан басталады. Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы тарихи-саяси айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол Қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл козғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы – қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылык пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұл тартпас мысалы — тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды Қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты — ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. XX ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі — тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек. Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы жене осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» — деп көрсеткен болатын. Алаш қозғалысымен бірге, мәселен, оның көрнекті қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұханбетовтар сонымен қоса Уәлитхан Танашевтың, (Жанша Жаянша) Сейдалиннің, Айдархан Тұрлыбаевтың, Ыбырайым Жайнақовтың, Асылбек Сейітовтің, Тел Жаманмұрыновтың, Аспандияр Кенжиннің, Базарбай Мәметовтің, Иман Әлімбековтің, Әлжан Байғориннің,Садық Аманжоловтың, Мұқыш Боштаевтың, Дәулетше Күсепқалиевтің, Ережеп Итбаевтың, Хамит Тоқтамышевтың, Сейілбек Жанайдаровтың, Нұрғали Ипмағамбетовтың, Әзімхан Кенесариннің, Сейдәзім Қадырбаевтардың да ұлт пен тарих алдындағы еңбектеріне лайықты баға беру, құрмет көрсету — біздің тарихи жадымыздың беріктігі мен азаматтық адалдығымыздың айғағы болмақ. Есімдері аталмаған қаншама азаматтар XX ғасыр басындағы отаршылдық қамытындағы халқы үшін бастарын бәйгеге тікті. Олар сол ерен істері не марапат алмақ түгілі, жеке бастарына қауіп төндіріп алды. Кеңес үкіметінің зымиян саясаты бастапқыда ыдырату мақсатында Алаш қайраткерлерін бауырына тартқан болып, диктатурасы күшейгендеоларды қуғын-сүргінге ұшыратты. Алаштың атымен ұлы іс бастаған оның қай тұлғасы да құрмет пен марапатқа әбден лайық. Біздің құрметіміз бен марапатымыздың белгісі — олардың ұлт алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру. Бұл, түптеп келгенде, өзіміздің ұлттың санамызды қалыптастыру, ел алдындағы перзенттік парызымызды орындау, ұрпағымызға ұлағат дарыту болмақ. Еліміздің тәуелсіздігі тарихымызды түгендеуге, рухани болмысымызды бүтіндеуге кең мүмкіндік ашып отырған қазіргі кезеңде ұлт ретінде қалыптасу жолында бедерлене байқалған тарихи белестердің сыр-сипатын зерделеу барынша терең ғылыми ізденістерді кажет етуде. Әлбетте, бұл Алаш козғалысын зерттеуге де тікелей қатысты. Айтулы қозғалысқа тек саяси-қоғамдық тұрғыдан ғана баға беру тарлық етеді. Қозғалыстың өз дәуіріндегі тарихи мәні айқындалып келеді дей отырып, оның рухани жаңғырығының дәйектей түсер тұстары мол. Мәселен, оны аса ірі рухани-мәдени кұбылыс ретінде кешенді түрде қарастырып, осы құбылыстың әлеуметке, жеке тұлғаға ықпалын анықтаудың концептуальды жолдарын қарастырғанымыз абзал. Ең алдымен, Алаш қозғалысының қазақ баласына, адамға, тұлғаға, содан шығып, әлеуметке деген көзқарасын дәйектеуіміз керек. Алаш қайраткерлерінің, қаламгерлерінің еңбектерімен танысқанда, олардың ой-пікірлеріндегі гуманистік аңсарды аңғармау мүмкін емес. Әрбірден соң, қозғалыстың өзі — адамға, ұлтқа деген жанашырлықтан туған гуманистік әрекет. Ұлттың еркіндігі мен азаттығы, оны құрайтын жеке адамдардың бақыты мен теңдігі ұранын көтерген қозғалыс — білімі кемел, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, адам мен қоғамның мәселелерін жетік білетін ұлтшыл ғана емес, гуманист азаматтардың белсенділігінен туғанына күмән келтірмесек, онда бұл тарихи-саяси құбылыстың діңгегі — елжандылық пен адамсүйгіштік екендігіне шүбә келтірмегеніміз жөн. Алаш қаламгерлері шығармашылығында қазақ әдебиетінде толымды түрде ана тақырыбы, әйел теңдігі мәселесі — басты тақырыптардың біріне айналды. Ізгілік пен адамгершілікке құрылған осы туындыларда гуманистік идеал, гуманистік ой алдыңғы қатарға шығып, ұлттың адамсүйгіштік қасиеттері бейнеленді.Алаш қозғалысының тарихы — отандық ғылым үшін қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау – есі бар ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз. Бұл бағытта осы уақытқа дейін бірқатар үлкенді-кішілі ізденістер жасалды. Әсіресе К.Нүрпейісовтің, Ғ.Ахмедовтің, Р.Нұрғалидың, М.Қойгелдиевтің, Т.Омарбековтің, Ү.Субханбердинаның, Т.Жұртбайдың, М.Әбдешевтің, М.Құл-Мұхамедтің, Ө.Әбдиманұлының, Ғ.Әнестің, Д.Қамзабекұлының, М.Төж-Мұраттың, А.Ісмақованың, Ә.Қараның, Д.Аманжолованың, А.Махаеваның, Д.Сүлейменованың, К.Ілиясованың, Қ.Сақтың т.б. еңбектері — алаштануға қосылған қомақты үлес. Алаш тарихы, әлбетте, сан тарапты зерттеулерді қажет етеді десек те, біздің ойымызша, қазіргі кезеңде Алаш қозғалысының мәнін, идеяларын халық санасына сіңіру — қазақ қоғамы үшін аса көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені Алаш козғалысының идеялары — ұлтымыз үшін ең қасиетті, ең қымбатты құндылық — тәуелсіздігімізді нығайтумен сабақтасып жатыр.Осы ұлттық мұраттан шыға отырып, Алаш қозғалысының басты болмысын көрсетуге жәрдемі тиер деген мақсатпен анықтамалықты құрастыруды жөн санадық. Анықтамалық Алаш қозғалысына, Алаш партиясына, Алашорда үкіметіне қатысты басты деректерді қамтиды. Анықтамалықта алғаш рет Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндары жинақталып берілді. Алаш қозғалысына қатысты деп табылған алты жүзге жуық тұлғаның тізімі жасалды. Олардың Алаш қозғалысына қатыстылығы деректермен дәйектеліп берілді. Қозғалыс тарихына байланысты құжаттарды, сол кезеңдегі баспасөз беттеріндегі материалдарды, қазіргі тарихшы ғалымдардың зерттеулеріндегі, энциклопедиялық басылымдардағы ақпараттарды сараптай отырып, қозғалысқа тікелей қатысы бар тұлғаларды ғана іріктеліп алынған. Әрине ұлттың басын қосқан сол бір тарихи кезеңде Алаш идеясын қазақтың басым көпшілігі қолдағаны анық. Бірақ олардың барлығын тізімге енгізе беру, әрине, мүмкін емес. Бұл тізім бұдан ұзағырақ болуы әбден мүмкін, бірақ тізімге ойдан бірде-бір адам қосылмаған. Алаш қозғалысының толық шынайы тізімін жасау еш мүмкін емес сияқты. Өйткені облыстарда, уездерде, болыстарда, Алаш әскерінде болған адамдардың толық тізімі еш жерде сақталмаған. Жаратқанның жазуымен Алашқа айрықша еңбек сіңірген тұлғалардың есімдері ғана бүгінге жетсе керек. Тізімге енгізген алаштықтардың барлығының өмірбаян деректерін табу мүмкін болмағандықтан жүзден астам тұлғаның өмірбаяндары берілген. Анықтамалықпен танысқан азаматтар ішінен кейбір алаштықтардың өмірбаянын білетін адамдардың шығатыны сөзсіз. Біздің анықтамалық шығарудағы мақсатымыздың бір парасы — көпшілік арасынан осындай дерегі бар адамдарға қозғау салу, сөйтіп Алаш тарихын толықтыра түсу. Кітаптың «Алаштаным» бөлімінде қозғалысқа қатысты деректер мен оқиғалар, ұйымдар мен баспасөз құралдарының атаулары, Алаш қозғалысын зерттеген ғалымдардың өмірбаяны қамтылды. Анықтамалықтың келесі бөлімі «Алаш жылнамасы» деп аталынып, оған 1905-1930 жылдар аралығындағы Алаш қозғалысына қатысты деректер енгізілді. Кітап соңында берілген қосымшада Алаш қозғалысының болмысын байқатуға тиісті әртүрлі аса маңызды құжаттар топтастырылды. Ата-бабаларымыздың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері, іс |
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2019-05-19; просмотров: 270; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.021 с.) |